Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-08-02 11:28:07 Жетісу облысында 15 жастағы қызды зорлап өлтірген Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті оқушыны алдымен зорлап, артынша қылмысын жасыру үшін өлтірген. Кейін ауылдың шетіне апарып, көміп тастаған. Ол мұндай әрекетке қылмысын жасыру үшін…
261 views08:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 10:42:49 UDP

Медведевтің көмекшісі біреу кеше парақшаны бұғаттағанын мәлімдеді

Жазбаны жариялаған адаммен «әлжелі әкімшілігі мен соған жауапты адамдар» айналыспақ.
293 viewsedited  07:42
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 10:38:11 Екі айда 140 адам суға батып кеткен

Бұл туралы Әлихан Смайылов айтты. Премьер-министрдің мәлімдеуінше, 1маусымнан бері елімізде 140 адам суға кеткен, оның ішінде бала саны - 49. Былтырғы жылмен салыстырғанда адамдардың суға батуы 42 процентке қысқарған. Бірақ Смайылов бұл көрсеткішті өте жоғары деп санайды. Ол судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.
268 views07:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 10:05:06
Бүгінгі күн тосынсыйдан басталды. «ВКонтакте» желісіндегі Дмитрий Медведевтің парақшасында жағымсыз жазба жарияланды. Онда Ресейдің экс-басшысы «Киевті босату», «Қазақстан жасанды мемлекет», «берілмейтін Русьті жаңғырту» деп лағыпты

Парақшаны біреу-міреу бұзған болуы мүмкін. Бірақ бұл туралы Медведевтің телеграм арнасы үңдемейді. Ресми растап не жоққа да шығарылмады.

Медведев өшірілген жазбасында тағы не деді?
292 viewsedited  07:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 09:44:08 «Қыркүйек айында коронавирустық инфекцияның таралуы төмендейді»

Мұны Денсаулық сақтау министрі айтты. Ажар Ғинияттың сөщінше, министрлік сарапшылармен бірге эпидемилогиялық жағдайдың болжамын жасады. Оған сәйкес, тамыз айында коронавирус инфекциясының орташа тәуліктік көрсеткіші 4 мың жағдайға дейін өседі, ал қыркүйек айында төмендейді.
268 views06:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 09:08:53 Ерлі-зайыптының мефедрон бизнесі

Олар Астана қаласында интернет дүкен арқылы жұмыс істеген. Дүкен әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полицейлер назарына ілігіп, кейін бақылауға алынған.

Дүкен иесі синтетикалық есірткі салу кезінде ұсталған. Сол жерден автокөліктен сатуға дайындалған мефедрон салынған 60 түйір табылды. Конспирацияға арналған есірткі автокөлікте жатқан қаңылтыр сыра шөлмегіне жасырылған. 

Тағы пәтерде есірткі саудасымен айналысатын адам ұсталды, ол сайт әкімшісі ретінде есірткіні таратуға қатысқан. Тұрғылықты жерін тінту кезінде мефедронның тағы 157 мөлшері мен оны жасауға керек заттар табылған.

Ұстау нәтижесінде ерлі-зайыптылардан 3 келіден астам синтетикалық мефедрон препараты және 260 грамм каннабис шайыры тәркіленді. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұны ІІМ хабарлады.
292 views06:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 08:56:56 Елена Рыбакина Сан-Хосе WTA-500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады

Ол әлемнің 12-ракеткасы Дарья Касаткинадан жеңіліп қалды. Бірінші сетте 35 минутта Рыбакина 6:1 есебімен жеңсе, екінші сет 42 минутта Касаткина 6:2 есебімен жеңді. Шешуші сетте қазақстандық спортшы 0:6 есебімен ұтылды.
270 views05:56
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 08:26:48 Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты

Жұмысқа қайта келгенде 20 мың сылтаусыз барлық шындықты айтар ма екен?
292 views05:26
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 07:58:29
Кеше түнде Алматыда Қазақ ұлттық опера және балет театрының ғимаратында «20 000 сылтау» деген жазуы бар плакат ілінді

Бұл Тоқаевтың туитіне сілтеме ретінде жасалған. Қаңтар оқиғасы кезінде президент Алматыда 20 мың террорист болғанын хабарлаған. Көп ұзамай хабарлама өшірілген еді.

Сондай-ақ плакатта #ЖаңаҚазақстан және #Қандықаңтар хэштегі тұр.

Дереккөз: masa.media
301 views04:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 16:34:38
Абай облысында өткен айтыста Ринат Зайытов қаралы қаңтар туралы айтты

Бір қызығы кейбір көрерменнің жазуынша, Ринат Зайытов өнер көрсетіп жатқанда бүкіл ауданда интернетті өшіріп тастады.

Бұл айтыс туралы толығырақ мына сілтемеде
258 views13:34
Ашу / Түсініктеме