Get Mystery Box with random crypto!

Астанада әйел адам бесік арбамен жүріп, футбол алаңдарынан тел | Тіл кеспек жоқ

Астанада әйел адам бесік арбамен жүріп, футбол алаңдарынан телефон ұрлаған

Zakon.kz мәліметінше, полицейлер «ұрлық жасады» деген күдікпен 28 жастағы елордалық азаматшаны ұстады. Ерлі-зайыптылар ұрлық кезінде 2 айлық баламен жүрген. Күйеуі балалар арбасымен жақын маңда серуендеп, басқалардың назарын аударып жүргенде, әйелі жасөспірімдер футбол ойнап жүрген алаңда ұрлық жасаған.

Ұсталған азаматша кінәсін мойындаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.