Get Mystery Box with random crypto!

Жыл соңына дейін 230-дан астам жаңа мектеп ашылмақ Оқу-ағарту | Тіл кеспек жоқ

Жыл соңына дейін 230-дан астам жаңа мектеп ашылмақ

Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылдың соңына дейін елімізде 1 000 мектеп салынады. Былтыр 277 мектеп пайдалануға берілді. Биыл тағы 230 мектепті ашу жоспарланып отыр. 1 қыркүйекке дейін 80 мектеп ашылмақ.

Жаңа мектептің басым көпшілігі демографиялық өсім белсенді және оқушылар орны жеткіліксіз аймақтарда (Алматы, Атырау облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары) салынып жатыр.