Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-08-31 08:22:19 Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтатады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қорғаныс өнеркәсібі мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Оның барысында Қазақстан
қару-жарақ, әскери техника және әскери мақсаттағы өнімдер экспорты 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін тоқтатылатыны айтылды.
294 views05:22
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 07:57:43 Қарағандыда әскери қызметші қаза болды

24 жастағы жауынгер Қарағандыдағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген. Шеру кезінде ес-түссіз құлап, кенеттен жүрегі ұстап қалған. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, медицина мамандары оған бірден көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Бірақ әскери қызметшіні құтқару мүмкін болмады.

Дәрігерлердің айтуынша, әскери қызметшінің қаза болуына панкреонекроз ауруы себеп болған.
303 views04:57
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 07:30:06 «ҚазМұнайГаз» басшысы мен энергетика вице-министріне қатаң сөгіс жарияланды

Оған отын тұтынудың айтарлықтай өсуі, бағаның айырмашылығына байланысты Қазақстаннан көршілес елдерге дизель отынының жіберілуі себеп болған. Уақытында тиісті шаралар қабылдамаған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен энергетика вице-министрі Әсет Мағауовқа қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар тәртіптік жазалау шаралары қабылданып, энергетика министрлігі мен ҚМГ компаниясының бірқатар жауапты қызметкерімен еңбек қатынастары бұзылды. Мұны primeminister.kz сайты хабарлады.
76 views04:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 07:20:13 Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 22 шетелдік Қазақстаннан шығарылды

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша заңнаманы бұзған шетел азаматтары анықталған. Полиция мәліметінше, ел аумағынан Өзбекстан Республикасының 22 азаматы шығарылды.

Сонымен қатар шетел азаматтарының жұмыс күшін заңсыз пайдаланған азаматтар анықталып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 519-бабымен (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) әкімшілік хаттама толтырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
101 views04:20
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 07:10:17 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды

Жолдау сағат 11:00-де республикалық телеарналар мен ақпарат агенттіктердің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
109 views04:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 07:05:14 КСРО-ның алғашқы және соңғы президенті Михаил Горбачев қайтыс болды

Ол Мәскеу орталық клиникалық ауруханасында созылмалы аурудан 91 жасында қайтыс болды.
118 views04:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 07:00:43 Өткен тәулікте 230 адамнан коронавирус анықталды

Оның ішінде:
Астана — 44;
Алматы — 36;
Қарағанды облысында — 35.
124 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 11:06:26
«Қазақ елінде ер адам мен әйел теңді»: қазақ мемлекетінің бейресми алғашқы конституциясы

Сонау 111 жыл бұрын жазылған уставта демократияның негізі бар. Бар жоғы 28 баптан тұратын заңда адам құқығы туралы да айтылады.

Толығырақ ОҚУ
342 views08:06
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 09:07:12
Қолданыстағы Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Бұған дейін 55 бапқа 1100-ден астам түзету мен толықтырулар енгізілді.

Елдің негізгі заңы алты рет өзгертілген - 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары.

Мереке құтты болсын!
321 views06:07
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 13:32:43
Алматыда «Оптовка» базары өртеніп жатыр

Видео: @kris_p_almaty_official
400 views10:32
Ашу / Түсініктеме