Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-08-03 08:08:22 «Innova Gold» қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қаржы пирамидасына 1300-ден астам адам салым салған. Қазір оның қызметінен келген шығын анықталып жатыр. Ал ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
277 views05:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 07:34:59
3 тамыз күні таңертең М.Әуезов атындағы академиялық драма театры ғимаратында «ескерту орнына мені ұр» деген жазуы бар плакат пайда болды

Плакат Қазақстан заңнамасына сілтеме ретінде жасалған. Себебі заңда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен агрессорға тек ескерту беріледі. Бірақ жазалау шарасы ретінде әкімшілік қамауға алу іс жүзінде қолданылмайды.

Қазақстандық белсенділер, құқық қорғаушылар және ҮЕҰ Үкіметке бірнеше рет елге әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын және агрессорларды жазалайтын заң қажет екенін мәлімдеді, бірақ оған кіріскен билік жоқ.

Дереккөз: Batyr Jamal
315 views04:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 15:04:34 Кеңес одағын қайта құру, Солтүстік Қазақстанның Ресейге тиесілі екенін Ресей шенеуніктерінен естіп, әбден шаршаған боларсыз. Бүгін Ресей шенеунігі Дмитрий Медведевтің парақшасында “Қазақстан – жасанды мемлекет”, ал Солтүстік Қазақстан аумағы шын мәнінде Ресейге тиесілі екені туралы жазба жарияланды. Ал біздің ел Оңтүстіктен Солтүстікке қазақтарды көшіріп, орыс халқына геноцид жасап отыр екен. Бүгінгі шығарылымда осы даулы ой туралы және қазақ тілінің шынайы мүшкіл халі туралы айтамыз.




722 views12:04
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 14:43:14 Маңғыстау облысында жүздеген теміржолшы жалақыны көбейтуді талап етіп, ереуілдетті.

Бірақ «Қазақстан теміржолы» компаниясы бұл талапты орындауға «ақша жоқ» деген.

1 тамызда Бейнеу станциясында 300-ге жуық теміржолшы жұмысын тоқтатып, ереуліге шықты. Наразы топ жалақы мәселесіне басшылық назар аудармаған соң, президенттен көмек сұраған.

Дереккөз: @azattyq
219 views11:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 14:31:58 Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар құны - 475,65 теңге
223 views11:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 14:11:19 Жеті айда 296 мың адам жұмысқа орналасты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, 153 мың адам жұмыс берушілер ұсынған бос орындарға орналасса, 122 мың азамат жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары аясында жұмыспен қамтылды. Ал 6,9%-ы ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар жұмыс күші тапшы өңірлерге 1 147 отбасы қоныс аударды. Олардың ішінде 540 адам – шетелден келген қандастар. Өңірлер арасында қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау бойынша Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді, Қарағанды және Ұлытау облыстары бұл көрсеткіш бойынша артта қалып келеді. Қоныс аударушылардың жартысына жуығы немесе 44%-ы - 29 жасқа дейінгі жастар.

Дереккөз: sputnik.kz
229 views11:11
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 13:19:07 Қаңтар оқиғасынан кейін саяси тұтқындар саны 11 есе артқан

Былтыр саяси тұтқындар тізімінде 12 адам болса, биылғы тізімде 140 адам бар.

Құқық қорғаушы Данияр Хасеновтың сөзінше, тізімдегі ақпарат толық емес, сондықтан саяси тұтқындар саны айтылғаннан да көп болуы мүмкін.

Саяси тұтқын тізіміне енгізудің екі қарапайым критериі бар: олар қамауда отыр және «саяси астары бар істермен қудаланған».

Дереккөз: @azattyq
235 views10:19
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 12:52:37 Қазақстан өзге мемлекеттерге 160 млрд доллар қарыз

5 жылда бұл көрсеткіш шамамен 5 млрд долларға немесе 2,8 пайызға азайған. Мысалы, 2017 жылы Қытайға 12 млрд доллар қарыз болсақ, биыл 9,7 миллиардқа қысқарды. Сондай-ақ, АҚШ, Жапония, Гонконг елдерінен алынған қарыз көлемі де кеміген.

Ал Ресейге берешегіміз керісінше 5 жылда 46,8 пайызға артқан. 2017 жылы 9,6 млрд доллар қарыз болсақ, бүгінде оның көлемі 14 млрдқа жетті.

Дереккөз: inbusiness.kz
239 views09:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 12:11:56 Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

«Шымкент-Бадам-Арыс» тасжолының Сарыарық ауылы тұсында Lada Priora мен «ВАЗ-21099» көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жарақат алған Lada Priora көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жолаушының біреуі ауруханада қайтыс болған. Ал «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Қазір ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
240 views09:11
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 11:47:36 Қазақстандық спортшылар еркін күрестен 11 медаль жеңіп алды

Оның ішінде 2 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль бар. Халықаралық турнир Румыния астанасы Бухарест қаласында өтті.
246 views08:47
Ашу / Түсініктеме