Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 223

2021-05-21 07:42:32
"Қазақфильм" киностудиясының мәліметінше, актердің өліміне инфаркт себеп болған.

t.me/tengri_kz
961 viewsedited  04:42
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 07:15:58
Атақты актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды.

Күні кеше, 20 мамырда Фархат Әбдірайымов Facebook және Instagram желісіндегі парақшаларында Тбилисиде түсіріліп жатқан "Больше, чем любовь" фильмінің алаңынан видео бөліскен.

t.me/tengri_kz
1.2K viewsedited  04:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 15:10:19
Қазақстанда Hayat-Vax Қытай вакцинасы шамамен 100 мың адамға салынды.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бұл вакцинаны 400 мың адам салдыра алады.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда қанша адам екінші рет коронавирус жұқтырғанын айтты.

"Бүгінде өңірлерде коронавирусты қайтадан жұқтыру бойынша 589 жағдай расталды. Қазақстан коронавирусты қайтадан жұқтыру дерегі тіркелген жалғыз ел емес. Өкінішке қарай, өзге елдерде де вирусты қайта жұқтыру тіркелгенін көріп отырмыз. Кейбір зерттеу бойынша, коронавирус көбіне 60 жастан асқандарға жұғады".

t.me/tengri_kz
2.2K views12:10
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 14:36:36 Коронавирустан қайтыс болғандар туралы ақпарат неге өзгерді? ДСМ жауап берді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, былтыр қарашадан бастап іс-шаралар жоспары жасалған. Елдегі жетекші мамандармен жұмыс істеліп, ақпараттық жүйеге талдау жасап, сондай-ақ, барлық өлім жағдайын есепке алу және талдау бойынша медициналық ұйымдардың жұмысы жүргізілген.

Оның айтуынша, былтыр коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны - 4729 адам: оның ішінде, коронавирус инфекциясынан 1783 өлім жағдайы, коронавирус инфекциясы нақтыланбаған 2946 өлім жағдайы тіркелген.

t.me/tengri_kz
2.2K views11:36
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 12:50:13
35 жастағы ақтаулық әйел оныншы баласына жүкті. Балаларының ең үлкені 19 жаста, кішісі 9 айлық.

Сәкен мен Гаухар Ешмұхановтар 2001 жылы отау құрған. Содан бері отбасында төрт ұлы мен бес қыз дүниеге келді. Ерлі-зайыпты егіздерді де, ұл мен қызды тәрбиелеп отыр.

Гаухар Ешмұханова бос уақытында шығармашылықпен айналысады, мерекелік іс-шараларда ән айтады.

"Балаларды тәрбиелеуге, қарауға енем мен үлкен қыздарым көмектеседі. Олардың қолдауының арқасында мен өзіме уақыт табамын. Үлкендер кішілерін қарап, үйге көмектеседі", - дейді Гаухар Ешмұханова.
2.4K views09:50
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 10:02:23 Жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеру ережесі өзгерді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көлік құралдарын басқару құқығын алуға медициналық тексеруден өту ережелерін өзгерту туралы бұйрыққа қол қойды.

"Өтінім берушілерді медициналық тексеруге терапевт, мамандар осы ереженің 5-тармағында көрсетілген психологиялық белсенді заттарды қолдануға биологиялық ортаны тексеру кіреді", - делінген жаңа бұйрықта.

Осылайша жаңа ережелерде флюорографиядан өту туралы талаптар жоқ. Толығырақ біздің сайттан оқи аласыз.

t.me/tengri_kz
3.2K views07:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 09:43:53
Қонаев бейнеленген мурал қалпына келтірілді.

Реставрация муралдың авторы саналатын Tigrohaud crew бірлестігінің көше-арт-суретшісі Ержан Танаевтың бастамасы бойынша жасалды. Ол досынан муралға барып, салынып кеткен мұртты алып тастауды өтінген.

Танаевтың өзі қазір Ақтауда. Ол белгілі қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтың портреті бар муралды безендіру жұмыстарымен айналысып жатыр.

t.me/tengri_kz
2.7K viewsedited  06:43
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 08:56:59
Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа қайта оралды.

Қайырлы күн!

t.me/tengri_kz
2.4K viewsedited  05:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 16:18:25
БҚО-да адамдар жануарлар өлігін жою кезінде бірнеше киікті тірідей көмген. Экология министрлігі Батыс Қазақстан облысының полициясына жануарларға қатыгездікпен қарау дерегі бойынша шағымданды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева мәлім еттi.

Министрлік өкілдері мәселені тез арада анықтауды тапсырды.
1.2K views13:18
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 15:09:38
Бибігүл Төлегенова СOVID-19-ға қарсы вакцина салдырды. Ол "Спутник-V" вакцинасының екі компонентін де алған. Бұл туралы журналист Тұрсын Қалимова facebook-тегі парақшасында жазды.

Журналист әншінің "Халық аман болсын! Өздерін сақтасын!" деген сәлемін жеткізді.

Танымал опера әншісі қазір 91 жаста екенін айта кеткен жөн.
1.5K views12:09
Ашу / Түсініктеме