Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 224

2021-05-18 13:32:11
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді.

"Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа мынаны хабарлаймыз. Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды. Ол күдікті емес, бұлтартпау шарасы тағайындалған жоқ", - деді ведомство өкілдері.

Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жарияланбайтыны хабарланды.
375 views10:32
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 07:00:40
Нұр-Сұлтанда әнші Батырхан Шүкенов ескерткішінің алғашқы эскиздері пайда болды. Əншi тiрi болса, бүгiн 59-ға келер едi.

Нұр-Сұлтан әкімдігі Батырхан Шүкенов ескерткішінің ең үздік эскиз-идеясына байқау жариялаған, ол мамыр соңына дейін жалғасады.

Эскиз бойынша ұсынысты centerofurbanism@gmail.com поштасына жазуға болады.

Батырхан Шүкенов ескерткіші қалалық саябаққа орнатылады деп жоспарланып отыр. Жоба демеушілер қаражатына жасалады.

Қайырлы таң!
1.5K viewsedited  04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 12:26:13
Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаев бейнеленген муралды бүлдірді.

Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысының суреті төрт жыл бұрын №3 шағынаудандағы ғимаратқа салынған. Алайда жақында адамдар біреу Қонаевтың портретіне мұрт салып кеткенін байқаған. Қоғам қайраткерінің бейнесін кім арамдағаны әлі белгісіз.

Tengrinews.kz редакциясы полицияға сауал жолдады.

t.me/tengri_kz
1.3K viewsedited  09:26
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 09:45:49 Берік Уәли Президент туған күнін қалай өткізетінін айтты.

"17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті, Әкімшілік қызметкерлеріне де Президентті құттықтауға рұқсат етілмеді. Мемлекет басшысы үшін бүгін қалыпты жұмыс күні. Оның әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

t.me/tengri_kz
1.9K views06:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 08:24:51
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қандай жалақы алады? Біз сұрадық.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы айтылды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымы саяси мемлекеттік қызметшілер санатына жатады және оның лауазымдық жалақысы 1 208 882 теңге.

Ал агенттік төрағасының бірінші орынбасарының жалақысы 911 041 теңге, ал агенттік төрағасы орынбасарларының жалақысы 852 287 теңге", - делінген Tengrinews.kz ресми сауалына жауапта.

t.me/tengri_kz
2.0K viewsedited  05:24
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 06:52:18
766 viewsedited  03:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 06:51:27
786 viewsedited  03:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 06:43:19
17 мамыр - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы 68 жасқа толды. Бірақ ол бұл күнді атап өтпейді. Себебі отбасылық дәстүрде бір мерекені - Жеңіс күнін тойлау ғана болған.

Туған күнiңiз құтты болсын, Президент мырза!

t.me/tengri_kz
843 viewsedited  03:43
Ашу / Түсініктеме
2021-05-16 15:54:22 Мальдив аралдарына барып келген қазақстандықтар 14 күнге үйде оқшауланады. Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды.

Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарсы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі.

Сондай-ақ, олар 14 күн бойы медициналық бақылауда болады.

Қаулы 2021 жылғы 17 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуға болады.

t.me/tengri_kz
1.9K views12:54
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 10:37:30 Жоғалған қызды іздеу барысында ашуланған тұрғындар полиция ғимараты маңындағы көлікті өртеген. Сәтбаевта тәртіпсіздіктер түні бойы болған. Куәгерлердің айтуынша, адамдар баланы ұрлады деген күдікке ілінген адамда жазаға тартуды сұраған. Алдымен олар күдікті…
1.1K viewsedited  07:37
Ашу / Түсініктеме