Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 225

2021-05-14 09:46:44
Тоқаевтың сынынан кейін жұмыстан кеткен шенеунік жаңа қызметке тағайындалды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автожолдар комитетінің бұрынғы төрағасы Сайранбек Бармақов жол активтері сапасы ұлттық орталығының бас директорының орынбасары болып тағайындалды. Ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі растады.

Сайранбек Бармақов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметінен босатылған еді. Бармақовты "саладағы бақылауды әлсіреткені үшін" қызметінен босату туралы жария түрде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли 20 сәуірде хабарлады.

t.me/tengri_kz
1.6K viewsedited  06:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 07:15:17
БҚО Жәнібек ауданының Тау ауылы маныңда 372 өлген киіктің өліктері анықталды.

"Болжам бойынша киіктердің қырылу себептерінің бірі сол мекенде қолайсыз ауа райына (нөсерлі жауын мен найзағай) байланысты болуы мүмкін. Себебі ұшаларда найзағай разрядымен зақымдану іздері байқалады, - делінген хабарламада.

Киіктердің жаппай қырылу фактісі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен жедел штабы құрылғаны хабарланды.

t.me/tengri_kz
2.1K viewsedited  04:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 11:56:32
Ресейлік журналист Юрий Дудь "Ирина Қайратовна" тобының қатысушыларымен екі сағаттық сұхбат түсірді.

Юрий Дудь сұхбат үшін түсірілім командасымен Алматыға ұшып келді. Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы өтіп көре аласыз.

t.me/tengri_kz
1.1K viewsedited  08:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 06:33:35 Қазақстандықтардың кредиті мен қарызы кешіріле ме? Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жауап берді.

"Әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының кредиттері мен қарыздарын кешіру туралы жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Мен бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеймін", - деді Уали.

Ол 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен кепілдендірілмеген тұтынушылық несиелер бойынша қарызды өтеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетілгенін еске салды. Сол кезде Тоқаев бұл акция бір реттік сипатта болғанын және болашақта қайталанбайтынын атап өткен еді.

"Қазақстандықтардан түрлі фейкке сенбеуді және тек ресми хабарламаларға сенуді сұраймыз", - деді Берік Уәли.

t.me/tengri_kz
379 views03:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 06:17:06
Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды.

Қайырлы таң!

t.me/tengri_kz
532 views03:17
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 18:43:05
Риддердегі өрт толығымен сөндірілді. Бүгін. Төтенше жағдай орнында шамамен 500 адам жұмыс істеді. Өртті сөндіргеннен кейін ұйықтап қалған құтқарушылар видеоға түсірілді.

Олар бірнеше күн бойы ұйықтамаған.

Толығырақ Kaz.Tengrinews.kz сайтында.

t.me/tengri_kz
1.6K viewsedited  15:43
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 11:45:45
Кейінгі бірнеше күнде Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс адам шығынына әкеп соқты. Екі тарап бір-біріне жүздеген зымыран жіберген. Жағдай әлі де оңалмай тұр. Tengrinews.kz тілшісі Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс туралы баяндайды.
2.2K views08:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 08:36:46 Ұлттық банк төрағасы бензин неге қымбаттағанын түсіндірді.

"Биыл ішкі ұсыныс төмендеп, мұнай өнімін тасымалдау тарифі өсуіне байланысты бензин 11,6 пайызға қымбаттағаны байқалады", - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биыл сәуірде Қазақстанда инфляция өткен айдағы көрсеткішке тең - жеті пайыз. Нан-тоқаш өнімдері, ет, қант және жеміс-көкөніс бағасына байланысты азық-түлік инфляциясы 10,7 пайыздан 9,8 пайызға дейін азайған.

Қайырлы күн!

t.me/tengri_kz
1.3K views05:36
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 12:26:14
Татарстан президенті Рустам Минниханов Қазан қаласындағы мектепте болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Ол жеті 8 сынып оқушысы отыс салдарынан қаза тапқанын және тағы 16 адам ауруханаға жатқызылғанын растады.

Кейін Татарстан басшысының баспасөз қызметі өкілдері жеті оқушыдан басқа бір мұғалім қайтыс болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, 20 адам зардап шекені туралы мәлімет бар.

Миннихановтың айтуынша, Қазан мектебінде атыс шағарған адам 19 жаста. Оның жанындағы көмекшісі әлі анықталған жоқ, тергеу амалдары жүріп жатыр.
1.4K views09:26
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 11:49:53
Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарды.

БАҚ мәліметінше, бірнеше белгісіз адам мектепке қарумен кірген. Балалар ғимараттан эвакуацияланды.

Кейін мектеп ғимаратында жарылыс болғаны хабарланды. Оқиға орнында қою қара түтін шығып жатыр.
1.6K views08:49
Ашу / Түсініктеме