Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 219

2021-05-31 17:20:59
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония мен Грекиядағы елшілерді тағайындады.

"Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
1.6K views14:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 12:28:33 Қытай билігі бала тууды шектеу саясатын жеңілдетіп, үш бала тууға рұқсат берді.

Мұндай өзгеріс президент Си Цзиньпин төраға болған Саяси бюро отырысында мақұлданды. Билік жаңа шешім халықтың тез қартаю мәселесін ескере отырып, елдің демографиясын жақсартуға ықпал етеді деп санайды.

Алайда билік шешімі Қытайдағы әлеуметтік желілерде жағымсыз реакция тудырған.

"Егер сіз маған 5 миллион юань (785 650 АҚШ доллары) берсеңіз, мен үш балалы болуға дайынмын", - деп жазды Weibo қолданушыларының бірі.

t.me/tengri_kz
2.0K views09:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 11:43:33
Ал тауда жоғалып кеткен туристтерді іздестіруге Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары тартылды. Олар Өзбекстан жағынан Өгем өзенінің арнасын бойлай Чарвак су қоймасына құятын жерге дейінгі шекара аумағын тексеріп жатыр.

t.me/tengri_kz
2.1K viewsedited  08:43
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 11:41:20 29 мамырда Шарын шатқалында болған апаттан аман қалған 11 жастағы қыздың жағдайы анықталды.

"Баланың келген кездегі жағдайы орташа ауырлықта болды. Қабылдау бөлімінде мамандандырылған көмек көрсетіліп, Нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Бүгінде баланың жағдайы бірқалыпты, емін жалғастырып жатыр.

Келген кездегі диагнозы: мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, орташа ауырлықтағы гипотермия, қолы және аяғының көп жері соғылған. Бала 7-10 күннің аралығында ем қабылдайды. Ешқандай операция жоспарланып отырған жоқ. Жағдайы тұрақты", - деді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.

Қайырлы күн!
2.3K views08:41
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 11:44:34
Шарын шатқалында құтқарылған 11 жастағы оқушы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.
2.7K views08:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 10:54:12
Шарын шатқалында жоғалған 11 жастағы қыз табылды.

Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орнынан 3-4 шақырым жерден табылған.

"Алдын ала мәлімет бойынша қыз жарақат алған, жағдайы орташа ауыр. Қазіргі уақытта зардап шеккен адамды білікті медициналық көмек көрсету үшін "Қазавиақұтқару" АҚ авиациялық техникасын пайдалана отырып Алматы медициналық мекемесіне тасымалдау мәселесі шешіліп жатыр", - деді ТЖМ өкілі.
2.4K views07:54
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 00:03:27
Лондондық "Челси" футболдан Чемпиондар лигасының финалында "Манчестер Ситиді" жеңді. Есеп 1:0.

Осылайша, "Челси" тарихында екінші рет Чемпиондар лигасында топ жарып отыр. Бұған дейін 2011/12 жылғы маусымда жеңіске жеткен болатын.

"Челсидiң" жанкүйерлерiн құттықтаймыз!

t.me/tengri_kz
911 viewsedited  21:03
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 21:20:58
Санаулы минуттардан кейiн "Манчестер Сити" мен "Челси" арасында Чемпиондар лигасының финалы өтеді. 2020/21 жылғы маусымның шешуші матчі "Драгау" стадионында болады.

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. Матчті Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Кiмге жанкүйер боласыз?
489 viewsedited  18:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 20:36:08
Шарын шатқалындағы оқиғаны куәгер видеоға түсіріп алған.

Видеода сел шатқалдың түбінде қалай тез жүргенін көруге болады. Сонымен қатар, төмендегі балшық ағынының жанында бір топ турист тұр, олардың кейбіреуі уақытында баурайға көтеріле алмай қалған. Видеода сел қарқынымен адамдарды ағызып өткенін көруге болады.

t.me/tengri_kz
798 viewsedited  17:36
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 14:35:15
Хоккейден Әлем чемпионаты. Қазақстан Италияны жеңді.

Қазақстан құрамасы ойынды 11:3 есебімен аяқтады. Осы жеңістің арқасында Қазақстан он ұпай жинап, топта қосымша көрсеткіштер бойынша Финляндиядан (10) кейін екінші орынға көтеріліп, плей-оффқа өтті.

Топтық кезеңдегі қорытынды матчті Қазақстан құрамасы 31 мамырда Норвегияға қарсы өткізеді.

t.me/tengri_kz
1.5K viewsedited  11:35
Ашу / Түсініктеме