Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 218

2021-06-02 11:30:29
Қарағанды облысында алып жүк көлігі автокөлікті жаншып, тас-талқан етті.

Күтпеген жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Көліктегі тіркеушінің жазбасына қарасақ, оқиға куәгерлері "Әәәй!" дегеннен басқа ұзақ уақыт бойы ештеңе айта алмаған секілді.
1.3K views08:30
Ашу / Түсініктеме
2021-06-02 11:20:15
Өскемендегі саяжолдардың бірінде ағаштар бір күнде сарғайып кетті.

Ағаштардың жапырағы қурап қалғаны түсірілген видео Желіде жарияланды. Қала тұрғындары бұған өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығаратын зиян қалдықтары себеп болғанына сенімді.

Экологтар жаздың алғашқы күндерінде ағаштар неден сарғайғанын әзірге айтқан жоқ.

"Біз өлген ағаштардың айналасындағы топырақты зерттедік, оның себебі көп болуы мүмкін, соның ішінде техногендік сипаттағы әсерлер де бар. Бірақ бұл нұсқаны растау үшін зертханалық зерттеулер қажет, онсыз бұл газдың әсері деп айтуға болмайды. Қазіргі уақытта біз фитоэкспертизаны жүргізе алатын зертхана іздеп жатырмыз", - деді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.

Қайырлы күн!
1.5K viewsedited  08:20
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 13:39:58
Өгем өзенінің бойынан Түркiстан облысы тауларында жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмке табылды.
1.5K views10:39
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 10:18:21
Бүгін Қазақстанға коронавирусқа қарсы тағы бір қытайлық вакцина - CoronaVac келді. Алғашқы партияда 500 мың доза вакцина арнайы бортпен Алматыға жеткізілді. Қытайлық вакцина туралы не белгілі? Бұл туралы Tengriews.kz тілшісі материалында.
1.9K views07:18
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 09:47:02
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев №199 гимназияның 26 жастағы мұғалімі Мерей Ибрагимовты қайтыс болғаннан кейін ерлігі мен қайсарлығы үшін марапаттады.

"Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы "№ 199 мамандандырылған гимназия" КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов "Ерлігі үшін" медалімен наградталсын (марқұм). Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

Мерей Ибрагимов Шарын шатқалында оқушыны құтқарамын деп қаза тапқан еді.
1.8K views06:47
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 07:15:17
2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Василий Левит Азия чемпионатында жеңіп алған күміс жүлдені марапаттау рәсімінде тағудан бас тартты.

Дубайда өткен жарыстың 91 келідегі финалында ол төрешілердің даулы шешіміне тап болды. Жеңіс пен алтын жүлде үндістандық боксшы Санжитке берілді. Қазақстандық боксшы жүлдені алмау арқылы бұл шешіммен келіспейтіндігін білдіргенге ұқсайды.
2.0K views04:15
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 07:10:12
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнінде елдің стратегиялық міндетін еске салды.
2.0K views04:10
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 07:06:34 Бекшиннің болжамы орындалды: Алматы "қызыл" аймақтан шықты.

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл" аймақта тұрған үш өңір қалды. Бүгін Алматы "сары" аймаққа өтті.

1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.
2.1K views04:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 22:28:18 Хоккейден Қазақстан құрамасы Норвегиядан жеңілді. Есеп 3:1.

Қайырлы түн!
748 viewsedited  19:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 18:46:46
Бекшин жаңа болжам жасады. Танымал блогер Əлiшер Елiкбаевтың instagram парақшасында санитар дәрігер Алматы қаласы "сары" аймаққа ауысуы мүмкін екенін айтты.
1.5K views15:46
Ашу / Түсініктеме