Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 220

2021-05-29 13:44:08
Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Сел салдарынан алты адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты. Оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған, бір адам хабар-ошарсыз кетті.

Хабар-ошарсыз кеткен адамдарға іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Балшық-сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруінен болған. Қысқа мерзімді нөсер жаңбыр болғаны хабарланды. Шамамен 15 минут бұршақ жауған.

t.me/tengri_kz
1.9K viewsedited  10:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 10:45:12 Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің мәйіті табылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі мәлімдеді.

"29 мамырда сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның жансыз денесі табылды. Ол 1999 жылы туған тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің мәйіті бүгін Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылды" - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Жігіттердің денесі Қазавиақұтқару" АҚ МИ-171 тікұшағымен Шымкент қаласына жөнелтілді.
Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

t.me/tengri_kz
1.9K views07:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 13:11:10
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен сөйлесті.

Президент ДДСҰ басшысына қазақстандық QazVac вакцинасының клиникалық сынамаларының алдын ала нәтижелері туралы айтты. Отандық вакцинаның тиімділік деңгейі 96 пайыз.

Тедрос Адханом Гебрейесус Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемияға қарсы күрестегі еңбегіне жоғары баға берді.

Cонымен қатар ол QazVac екпесінің әзірлемесін қолдайтынын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай кезінде пайдалануға болатын дәрі-дәрмектердің тізіміне қосу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін айтты.

t.me/tengri_kz
1.3K viewsedited  10:11
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 11:06:31
Жігіттерді іздестіру кезіндегі видео пайда болды.

Жігіттер түкұшақпен іздеу арқылы Сайрам-Өгем шатқалында табылды. Видеода жігіттер тікұшақты көре сала қолда бар заттарымен қол бұлғай бастағаны көрсетілген.

t.me/tengri_kz
1.6K viewsedited  08:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 10:47:25
Бірнеше күн бұрын Түркістан облысында тауларда 7 турист жоғалып кетті. Бүгін аэровизуалды ұшу барысында Қазавиақұтқару тікұшағымен Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуі табылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Қалған туристерді іздеу жалғасып жатыр.

Бүгінде Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалғандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

t.me/tengri_kz
1.7K viewsedited  07:47
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 19:25:40
Imanbek ресейлік Forbes-тің "30-ға дейінгі 30" рейтингіне енді.

Ресейлік Forbes 2021 жылға арналған жыл сайынғы "30-ға дейінгі 30" рейтингін жариялады. Рейтингке ТМД-да бірінші болып "Грэмми" сыйлығын жеңіп алған қазақстандық DJ Imanbek (Иманбек Зейкенов) енді.

Ол "Музыка" санатында ұсынылған. Иманбектен басқа, оның номинациясында тізімге Слава Марлоу мен Cream Soda музыканттары кірді. Олар Клава Кока, Хаски, LOVANDA, IC3PEAK, Niletto, HammAli & Navai және Дорадан озды.

t.me/tengri_kz
901 viewsedited  16:25
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 17:33:20 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі оқу жылын дәстүрлі форматта өткізу үшін не істеу керегін айтты.

"Мектептерді ашқымыз келсе, бірақ әріптестеріміздің басым бөлігі, бірінші кезекте педагогтер вакцина салдырмаса қолдан келмейді. Бұл ерікті процесс болса да, соған қарамастан, бәріңізді белсенді болуға шақырамын. Өз басым вакцина салдырдым, менімен бірге жұмыс істеп жатқан барлық әріптесім салдырып жатыр".

Министр мұның бәрі келесі оқу жылында оқушылар сабақты мектепте оқуына мүмкіндік береді деп есептейді.

"Келесі оқу жылы дәстүрлі форматта өтеді деп үміттенемін. Бәрі шаршады. Келесі оқу жылы қашықтан оқу форматында болса білім беру процесінің тиімділігі тұрғысында өте қиын екенін көріп отырмыз. Мектептеріңізде педкеңес өткізіп, бұл мәселелердің бәрін шешуді сұраймын" .

t.me/tengri_kz
1.3K views14:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 14:34:20 Денсаулық сақтау министрлігі Цойдың сұхбатын жариялады. Біз бір сағаттық видеоны қарап, ең қызық жерлерін ұсынамыз.

- Маска тағу режимі қазақстандықтардың басым көпшілігі екпе салдырғаннан кейін алынады;
«Біз халықтың көп бөлігіне екпе салдыруымыз керек. Ол шамамен күздің бас кезінде аяқталады деп жоспарлап отырмыз»
- Вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болғандар туралы: «Нақты байланыс жоқ... Тек соңғы процедура – вакцинация жасатқаны. Әрине, әр жағдайды комиссия жеке қарастырады. Бірақ мысал ретінде айтқым келіп отырғаны, коронавирусқа дейін күн сайын инсулттан бес адам, инфаркттан жеті адам қайтыс болатын. Ол коронавирусқа дейінгі кезең»
- Біртанов туралы: «Мен ол басшы кезінде вице-министр болғанмын. Оны жақсы танимын. Қылмыстық іс қозғанға дейін де араласатынбыз. Қазір аса бір байланыста емеспіз, себебі әркім өз бағыты бойынша жұмыс істеп жатыр»
- Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны экспорттау туралы: «Бізбен Катардағылар байланысқа шықты. Жалпы QazVac вакцинасын жеткізу бойынша 10 шақты ел жүгінді».
- Жыныс ауыстыру туралы бұйрыққа қатысты: жыныс ауыстыруға қатысты мәселе бұрыннан талқыланып келе жатыр. 2003 жылы Қазақстанда барлық норматив құжат қазіргімен салыстырғанда бірдей болған. Жыныс ауыстыру бойынша қаржы қарастырылмаған.

t.me/tengri_kz
1.6K views11:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 14:13:13
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда маска тағу режимі қашан аяқталатынын айтты

Оның айтуынша, егер қазақстандықтар қазір бетперде тағуды тоқтатса, вирус тарала береді. Өйткені вакцина алмаған адамдар өте көп.

"Вирус адамнан адамға беріледі. Вакцина алған адамда вирустың таралуы тоқтайды. Егер адамдардың көпшілігі вакцина алса, вирус одан әрі басқа біреуге берілмейді", - деді Цой.

t.me/tengri_kz
1.6K viewsedited  11:13
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 13:29:46
Халықаралық конференцияда ТҮРКСОЙ басшысының орынбасары Біләл Чакыджи Түркістанда Елбасыға ескерткіш орнатуды ұсынған болатын.

Кейін желіде қоладан жасалған дайын мүсіннің фотосуреті тараған. Айдос Үкібай Тұңғыш Президенттің мұндай ұсынысты қалай қабылдағанын айтты.

"Елбасы бұл идеяны, сондай-ақ осы уақытқа дейін болған көптеген басқа ұсынысты қолдамады. Оған ескерткіштер орнату, сәулет нысандарының атауын өзгерту секілді мұндай "сыйлықтар" мүлдем ұнамайды, әсіресе егер бұл "сыйлықтарды" жергілікті шенеуніктер ұйымдастырса.

Нұрсұлтан Әбішұлы бұлай назар аударуға мұқтаж емес екенін бірнеше рет айтқан болатын. Кейде кейбір адам осылай әдейі ақпараттық шу шығаратындай көрінеді".

t.me/tengri_kz
1.7K viewsedited  10:29
Ашу / Түсініктеме