Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 222

2021-05-25 12:22:26
Өзбекстанмен шекарадағы Бағыс және Хиебон ауылдары ресми түрде Түркістан облысына қосылды. Үкімет қаулысы премьер-министрдің сайтында жарияланды.

Ауданы 750 гектар Бағыс ауылы Ақжар ауылдық округіне, ауданы 45,62 гектар Хиебон ауылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінің шекарасына қосылады.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасының учаскелері туралы шартқа екі елдің тұңғыш президенттері 2002 жылы қол қойған. Енді осыған дейін Өзбекстанға тиесілі болған бес елді мекені бар Бағыс кенті мен Арнасай бөгеті шарт бойынша Қазақстанға берілді.

t.me/tengri_kz
2.1K viewsedited  09:22
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 07:36:52 Сонымен қатар, Алексей Цой Қазақстандағы эпидахуал біртіндеп тұрақтанып келе жатқанын айтты, бүгінде ел "сары" аймақта.

Министрдің мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары "қызыл" аймақта.

БҚО "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа көшті.

"Сары" аймақта: Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, СҚО облыстары мен Шымкент қаласы.

Қызылорда облысы "жасыл" аймаққа өтті. Одан бөлек, Алматы, ШҚО, Жамбыл және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

t.me/tengri_kz
871 views04:36
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 07:02:10 Цой Қазақстанда коронавирус таралуы бойынша 3 жаңа болжам айтты.

"Пессимистік сценарий бойынша,
вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 60 пайыз болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлар саны 95 мыңға жуық адам болады.

Екінші, шынайы сценарий бойынша вакциналаудың тиімділігі кемінде 80 пайыз болады, сонда 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мың адамға жетеді.

Ал оптимистік сценарийде вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 95 пайызды көрсетіп, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың адам болады", - деді Цой.

Министр осы сценарийлердің орындалу-орындалмауы халықтың вакцинация мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін мәлімдеді.

Қайырлы таң!

t.me/tengri_kz
1.1K views04:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 13:18:26
Түркістан әкімі Рашид Аюпов Twitter-де Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маскқа ұсыныс жасады.

Ол америкалық миллиардерге Түркістанда Tesla зауытын салуды ұсынды.

"Зауыт Қазақстанда, Түркістан қаласында Байқоңыр ғарыш айлағы маңында болуы тиіс. Бізде Менделеев кестесіндегі бүкіл элемент бар. Қала Жібек жолы өтетін жерде орнасақан және т.б. Барлық инфрақұрылым мен арнайы экономикалық аймақтар бар. Түркістан Tesla үшін қолайлы. Марсқа бірге жетейік! Құрметпен қала әкімі Рашид Аюпов", - деп жазды әкім.

t.me/tengri_kz
1.5K viewsedited  10:18
Ашу / Түсініктеме
2021-05-23 03:19:58
Ресейлік қазақ файтер Дамир Ысмағұлов UFC аралас жекпе-жектегі төртінші жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жек 3 раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті Ысмағұловқа берді (29-28, 29-28, 29-28).

Осылайша 30 жастағы қазақ файтер АҚШ-тағы UFC Vegas 27 турнирінде бразилиялық қарсыласын жеңді.

Құтты болсын, қазақ елi!
1.5K viewsedited  00:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 14:28:54 Қазақстанда фуд-корттарға жұмыс істеуге рұқсат етілді. Қоғамдық тамақтану нысандары мен банкет залдары бұдан былай еліміздің бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс істей алады.

Ashyq жобасы енді қоғамдық тамақтану нысандары, жазғы алаңдар, фуд-корттар, асханадан бөлек, банкет залдары сияқты кәсіпкерлік нысандарына да кеңейтіледі.

Сонымен қатар, Ashyq-пен фитнес-клубтар, соның ішінде йога орталықтары; спа-орталықтар; сауналар, бассейндер; компьютерлік клубтар, боулинг-клубтар; кинотеатрлар; театрлар мен филармониялар ашылады. Сондай-ақ океанариум, марафондар; көрермендері бар спорттық іс-шаралар; лотерея клубтары және лотереяны өткізетін басқа жерлер жұмыс істей бастайды.

t.me/tengri_kz
2.1K views11:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 12:40:59
Назарбаевтың баспасөз қызметі Елбасының ерекше суретін жариялады. Суретте Назарбаев күшікпен бірге гүлденген бақта тұр.

t.me/tengri_kz
2.2K viewsedited  09:40
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 10:03:01
Жексенбіде, 23 мамырға қараған түні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Vegas 27 турнирі өтеді. Онда Ресейлік қазақ файтер Дамир Ысмағұлов пен қытайлық қазақ Сайран Нұрданбек өнер көрсетеді. Олар турнир алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Нұрланбектің қарсыласы аустралиялық Джош Кулибао.

Ал Ысмағұловтың қарсыласы бразилиялық Рафаэль Алвес. Екеуі жекпе-жек алдындағы көз арбасу рәсімінде бір-бірімен қол алысқан жоқ.

Файтерлер арасындағы жағымсыз қарым-қатынас бразилиялық спортшы әлеуметтік желілерде екі адамның егеуқұйрықты өлтіріп жатқан видеосын жариялағаннан кейін пайда болды. Алвес видеоға Бразилия мен Қазақстан жалауларын қосып қойған. Бұл Ысмағұловқа ұнамады.

"Біз олардың тышқандарды ұстай алатынын көрдік, енді қалай төбелесетінін тексерейік! Бір адам айтқандай: "Сендер ақша үшін күресесіңдер, біз мыңдаған жыл бойы күресіп келеміз", - деп жазды Ысмағұлов Instagram-дағы парақшасында.

t.me/tengri_kz
2.2K viewsedited  07:03
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 13:40:06
Лукашенко Қазақстанға "ренжіді".

Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларымен жеке кездесудің жоқтығына өкініш білдірді және "Қазақстан бұрын қонақжай еді" деп мәлімдеді.

"Құрметті, отырысқа қатысушылар, баршаңызды көргеніме қуаныштымын. Құрметті төрағамыз айтқандай, көрмегелі көп болды, бір-бірімізді телеарнадан көріп, сағынып қалдық. Ойлаймын, Қазақстан бұрын қонақжай еді, қонаққа шақыратын. Қазір неге екені жабылып қалдық, вакцинамыз жақсы, халықты жаппай вакциналап жатырмыз дейміз. Бірақ әлі де кездесе алмай келеміз".

Қасым-Жомарт Тоқаев "дәстүрлі есте қалар сөз сөйлегені" үшін Александр Лукашенкоға алғысын айтты.

"Әріптестерімді біздің қонақжайлығымызға күмән келтірмеуге шақырамын. Бұл кездесуді онлайн өткізу туралы шешім бәтуаластықпен қабылданды және барлығыңыз келістіңіздер. Біз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдап, соған сүйендік. Жағдайды жеңілдетудің қажеті жоқ, пандемия әлі де бар", - деп жауап берді Тоқаев.

t.me/tengri_kz
985 viewsedited  10:40
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 11:41:02 Қазақстанда карантин аяқталса да қашықтан оқу форматы қолданылады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлімдеді.

"Балаларымыз кішкентай кезінен гаджеттерді қолданып, түрлі қосымшаларға кіре алады десек, қазіргі таңда түрлі жаңа мүмкіндіктерге жол ашылғанын көреміз. Әрине, бастапқыда ұйымдастыруда мәселе көп болды, алайда бәрі жоспардағыдай жүзеге асты.

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты, әсіресе қыс мезгілінде сабақ болмай, балалар мектепке бара алмай қалып жатады. Қашықтан оқыту - сабақтарды үзуге жол бермеудің таптырмас жолы", - деді Қайрат Жұманов.
1.4K views08:41
Ашу / Түсініктеме