Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 221

2021-05-27 13:25:25
Нұр-Сұлтанда Батырхан Шүкенов бейнеленген мурал салынады.

Танымал әнші әрі композитор суреті бейнеленген жаңа арт-нысан Көктал-2 тұрғын алабында, Тілендиев даңғылы бойында пайда болады.

Қайырлы күн!

t.me/tengri_kz
1.6K viewsedited  10:25
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 18:58:31
Қазақстан Германияны жеңіп, әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Юрий Михайлистің шәкірттері бүгін Рига қаласында В тобының көшбасшысы Германия командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Немістер турнирде алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Бұған дейін қазақстандықтар қазіргі әлем чемпионы Финляндияны және турнир иесі Латвияны жеңіп, сенсация жасаған еді. Бірақ АҚШ құрамасынан оңбай жеңілген. Германияны жеңгеннен кейін Қазақстан келесі кезеңге шығу мүмкіндігіне ие болды. Енді Қазақстан құрамасы төрт ойыннан кейін бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің аяқталуына дейін тағы үш матч өткізеді - 28 мамырда Канадамен, 29 мамырда Италиямен және 31 мамырда Норвегиямен. Плей-оффқа төрт үздік команда шығады.

t.me/tengri_kz
1.1K views15:58
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 15:06:05
Тоқаев Ақордада кеңес өткізді. Онда электр энергетикасы мәселесі талқыланды.

- "Қазақстанда энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға артып келеді. Бірақ іске қосылып жатқан жаңа қуат көздері оған сай емес"
- "Тарифтерді үнемі бір деңгейде ұстап тұру мүмкін емес. Тарифтер дәйекті шығындарды жабуға және саланың дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс".
- Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстырудың стратегиялық маңызы бар.
"Алматы қаласының экологиясы аталған проблеманың шешілуіне байланысты. Сондықтан Үкіметке, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорына әкімдікпен бірлесіп, екінші ЖЭО-ны жаңғырту жобасына қатысты мәселені түбегейлі нақтылауды және оны жуық арада іске асыруды тапсырамын. Мұны одан әрі соза беруге болмайды"
- "Бүкіл дамыған әлем атом энергиясына иек артады. Бұл ретте үрейге бой алдыру орынсыз. Дегенмен, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын табанды түрде жүргізу қажет. Атом станцияларының құрылысын бастауға асықпаймыз, алайда бұл істі кейінге ысыруға да болмайды".

t.me/tengri_kz
929 viewsedited  12:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 14:35:37 Бұдан бөлек, Аида Балаева QosLike бағдарламасын жабу туралы ойын айтты.

"Ақпарат министрлігінің кез келген ұнамаған бағдарламаны жауып тастауға құзыреті жоқ. Заң бар, ал QosLike сияқты бағдарламалар жекеменшік БАҚ-тарда жүргізіліп жатыр. Қоғам тарапынан наразылық болғаннан кейін біз олармен сөйлесіп, нақты өз ұсыныстарымызды бердік. Ондай бағдарламалардың тағдыры рейтингке байланысты. Қоғамның бір бөлігі оларға наразы болса, екінші бөлігі соны өліп-тіріліп қарайды. "Астарлы ақиқат", "Қалаулым" деген бағдарламалар рейтингтің ең басында тұрғандар. Демек, сұраныс бар, халық көретін болған соң БАҚ-тың иесі ешқашан ол бағдарламаларды жаппайды", - деді министр.

t.me/tengri_kz
1.0K viewsedited  11:35
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 14:31:20 Қазақстанда COVID-19 туралы ақпарат тарататын сайтқа (Coronavirus2020.kz) 30 миллион теңге жұмсалған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

"Осы вирустық инфекция шыққанда біздің халыққа және оқырмандарға осы бағытта ақпарат алуға мүмкіндік беретін бір нақты ресурс қажет болды. Сондықтан сайт жасалды, оған Telegram-арна ашылды. Ондағы оқырмандар саны - 240 мың адам, бұл осы ресурстың өзектілігі мен танымалдығын көрсетеді.

Барлық ресурс оны негізінен вирустық инфекциямен күресуге қатысты мәселелер мен мемлекет қабылдаған шаралар туралы толық ақпарат алу үшін қолданғаны түсінікті. Осы сайтты сүйемелдеуге сома бойынша шамамен 30 миллион теңге жұмсалды", - деді Балаева.

t.me/tengri_kz
1.1K viewsedited  11:31
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 14:08:28
СҚО-да маса қаптады. Балықшылар аймақты босатуға мәжбүр.

Алайда масаның көптігі ешқандай аномалия емес. Және олар шақпайды. Адам үшін қауіпсіз.

Бұл туралы Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

t.me/tengri_kz
1.1K viewsedited  11:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 12:49:09
Жазушы Ғабиден Мұстафиннің қызы, танымал аудармашы Майя Мұстафина 25 мамырда кешке коронавирустан қайтыс болды. Ол биыл 2 мамырда 80 жасқа толған.

Мустафина Майя 1941 жылы 2 мамырда жазушы Ғабиден Мустафин мен Зейне Мустафинаның отбасында дүниеге келген. Мәжит Сейфуллиннің ұлы, Амангелдінің жары.

t.me/tengri_kz
1.3K viewsedited  09:49
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 12:13:13
Байқоңыр ғарыш айлағының монтаждау-жанармай құю кешеніне вандалдар кіріп, әлі жасалып бітпеген "Боран" ғарыш кемесіне граффити салып кетті.

Олар кемеге "Жақсылық", "Юра, біз келдік", "Жұлдыздарға ұшпас бұрын адам жерде өмір сүріп үйренуі керек" деп жазып кеткен. Сонымен қатар, "Боранға" төрт адамның қолтаңбасы қойылған - граффити авторларынікі болу керек.

t.me/tengri_kz
18.8K views09:13
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 11:08:35
Алматыда "Айшуақ Жантүгел" ҰҚТ мүшелері ұсталды.

ҰҚК мәліметі бойынша, ұсталған ҰҚТ мүшелері көтерме-бөлшек сауда базарларына, "Сайран" автовокзалы инфрақұрылымына және Алматыдағы басқа да нысандарға бақылау орнатып үлгерген.

"Анықталған қылмыс эпизодтары "Алатау", "Өжет", "Кенжехан" базарлары кәсіпкерлерінің, соның ішінде "Барахолка" базарында қорқытып-үркіту, қарақшылық, төбелес, адамдарды ұрлау және басқа да жалпы қылмыстармен байланысты. Сондай-ақ, ҰҚК және ІІМ қызметкерлері 2016 жылы қылмыстық билік Нұрбековтің өліміне топтың жекелеген мүшелерінің қатысы бар-жоғы туралы деректерді жинады", - делінген хабарламада.

ҰҚТ қатысушыларының тұрғылықты жерлерін тінту барысында төрт атыс қаруы мен оқ-дәрілері тәркіленді.

Адам өлтіру, қарақшылық шабуыл, бопсалау және озбырлық дерегі бойынша 17 қылмыстық іс қозғалды.

t.me/tengri_kz
1.6K viewsedited  08:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 12:59:35
Маңғыстау облысының түлектері соңғы қоңырауды "ерекше" аяқтады. Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы.Алтынсарин атандағы мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында жеті адам ұсталды.

t.me/tengri_kz
1.7K viewsedited  09:59
Ашу / Түсініктеме