Get Mystery Box with random crypto!

Tenge Online

Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online T
Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online
Арна мекенжайы: @tengeonline
Санаттар: Экономика
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 158
Арнадан сипаттама

Қаржылық сауаттылық
Қаржы, банк, банк өнімдері бойынша ақпарат, кеңес беру
Чат: https://t.me/ A2ZrWpBlNfMzZmMy

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 11

2021-06-03 11:44:46
Бүгіннен бастап Ashyq қызметін Kaspi.kz қосымшасында пайдалануға болады

Жаңа қызметті пайдалану үшін Kaspi.kz қосымшасында Kaspi QR-ды ашып, Ashyq жобасына қатысатын нысан, мекеменің кіре берісіндегі QR-кодты сканерлейсіз. Одан кейін смартфон экранында қоғамдық орынға кіру немесе шектеу бары туралы ақпарат пайда болады.

Егер кіруге рұқсат берілсе, нысан қызметкеріне уақытша рұқсаттаманы көрсетіп, 5 минут ішінде кіру керек.

Өз статусыңызды кез-келген уақытта Kaspi.kz қосымшасында QR-кодты сканерлеусіз тексере аласыз. Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер – Ashyq. Коронавирус бойынша статус» бөліміне кіру керек.

Бұл Kaspi.kz командасы цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жүзеге асырған үшінші жобасы. Бұған дейін Kaspi.kz қосымшасында ЖК ашу және автокөлікті қайта тіркеуді іске қосты.
55 viewsedited  08:44
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 11:18:37
@Arbuz_kz — жаз бойы кез-келген тапсырысты тегін жеткізеді

Азық-түлікті онлайн сатып, жеткізу қызметімен айналысатын қазақстандық ең ірі онлайн супермаркет @Arbuz_kz-тің құрылғанына 3 жыл толды.

Үш жылдығына орай @Arbuz_kz бүгіннен бастап, жаз бойы кез-келген тапсырысты үйге тегін жеткізетін акцияны ашық деп жариялады.

Бас директор Алексей Лидің айтуынша, тегін жеткізу — клиенттер үшін сыйлық, сондықтан ешқандай шектеу жоқ. «Енді біз 1 теңгелік тапсырыстың өзін тегін жеткіземіз. Акция жаз бойы болады», дейді ол.

@Arbuz_kz -тің басқалардан ерекшелігі - 2021 жылдың сәуірінен бастап тапсырысты 1 сағатта жедел жеткізеді және үлкен ассортименті бар, бағасы қолайлы.

Айта кетейік, отандық стартап қазіргі кезде Алматы, Астана қалалары бойынша күніне 1500 тапсырыс жеткізеді.

#Arbuzkz #АлексейЛи #тегінжеткізу
46 viewsedited  08:18
Ашу / Түсініктеме
2021-04-27 20:03:51 Бұған себеп не?
Алып компанияның атын өзгертіп, акцияларын сатуды тоқтатуы бекер емес.
https://7kun.kz/kaz-minerals-atyn-ozgertip-qor-birzhasyndagy-aktsiialarynyn-satylymy-toqtaidy/
70 viewsedited  17:03
Ашу / Түсініктеме
2021-04-16 01:34:51
100 views22:34
Ашу / Түсініктеме
2021-01-08 14:14:06 Мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың
аударымдарын әкімшілендіруді жоспарлап отырған жоқ

Әлеуметтік желіде 2021 жылдың басынан бастап екінші деңгейлі банктерден мемлекеттік кірістер органдарына жеке тұлғалардың жеке шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәлімет ұсынуға міндетті екендігі туралы ақпарат белсенді таралуда.

Мәтінде көрсетілгендей, бұл ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістерде бекітілген.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл хабарламаны ресми түрде жоққа шығарады және ҚР Салық кодексіне 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін мұндай өзгерістер енгізілмегенін атап өтеді. Осыған байланысты МКК таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін хабарлайды.

@Tengeonline
47 viewsedited  11:14
Ашу / Түсініктеме
2021-01-08 14:06:55 Қазақстандықтарға 42 500 теңге төлемі туралы қате хабарлама тарады

8 қаңтар күні таңертең 1414 номерінен 400 мыңнан астам қазақстандыққа «5 шілдеден бастап табысыңызды жоғалтқан болсаңыз, 42 500 төлемін белсенді түрде алуға келісесіз бе?» деген мазмұндағы смс-хат таралды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бұл техникалық ақау екенін хабарлады.
- Түнде жүйелерді жаңарту бойынша стандартты жұмыстар жүргізілді, салдарынан төлемдерді тағайындау туралы ескі хабарлама таралып кеткен. Байланыс операторларының 400 000 абонентіне хабарлама берілген. Бұл жағдай адам факторының салдары. Мазасыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз! - деп хабарлады "ҰАТ" АҚ баспасөз хатшысы Жанар Мағзұмова.

@Tengeonline
45 viewsedited  11:06
Ашу / Түсініктеме
2021-01-06 10:43:14 Полиция QI-Trade Kazakhstan компаниясынан зардап шеккен салымшыларды шақырады

Алматы қалалық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы «QI-Trade Kazahstan» ЖШС жасаған ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«2020 жылдың 14 желтоқсанында Медеу аудандық Полиция басқармасына қаржы пирамидасын құру және басқару туралы ұжымдық арызбен 99 салымшы жүгінді. Қазіргі уақытта алаяққа алданғандардың саны көбейді. Басқа қалаларда да бірнеше дерек анықталды. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Салымшылар Алматы қаласы Масанчи көшесі 55-үйге келуге немесе 254-43-80, 254-49-82, + 7-777-250-68-37, + 7-707-555-50-87 немесе 102 телефон нөмірі арқылы хабарласуға шақырамыз», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Дереккөзі: Aikyn.kz
@Tengeonline телеграм каналы
52 views07:43
Ашу / Түсініктеме
2021-01-01 14:34:43 Біле жүріңіз!
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      1) жалақының ең төмен мөлшері - 42 500 теңге;
      2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 18 524 теңге;
      3) зейнетақының ең төмен мөлшері - 43 272 теңге;
      4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2917 теңге;
      5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 34 302 теңге.
Дереккөзі: "2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңы
@Tengeonline telegram арнасы
75 viewsedited  11:34
Ашу / Түсініктеме
2020-12-28 11:53:49 Kaspi балаларға арналған Gold картасын іске қосты

Балаларға арналған Kaspi Gold-ты ата-аналардың бірі немесе қамқоршысы өз картасына қосымша ретінде Kaspi.kz мобильді қолданбасында рәсімдеп, атаулы картаны 1 минутта кез-келген Kaspi Картоматта алуына болады.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: «Енді баршаға сүйікті Kaspi Gold картасын балалар үшін де рәсімдеуге болады. Сондай-ақ, балаларыңыздың телефонына Kaspi.kz қолданбасын ортанып бере аласыз. Біздің сүйікті кішкентай клиенттеріміз үшін интерфейс пен функционалын барынша оңтайландырдық. Біз ата-аналарға балаларын кішкентай кезден қолма-қол емес сатып алу мен өз қаражатын басқаруға үйретуге көмектесеміз деп үміттенемін».

Ата-аналар Kaspi.kz ұялы қолданбасының көмегімен балаларына қалта шығындары үшін ақша аударып, шығындарын көріп, интернеттегі сатып алуды басқарып, ПИН-кодын ауыстырып, картаны бұғаттап/бұғаттан шығара алады.

Аты жазылған Kaspi Gold картасын алғаннан кейін балалар ақша аударып, қолма-қол емес сатып алуына болады және кез-келген банкоматтан айына 10 000 теңгеге дейін шешіп алады. Өз қолданбасында балалар ұялы байланыс, түрлі шараларға арналған билеттер, ойындар мен жолда жүру картасы үшін төлем жасай алады. Сондай-ақ, бонус жинап, оны жұмсай алады.

@Tengeonline
Фото: Kaspi.kz
77 viewsedited  08:53
Ашу / Түсініктеме
2020-12-28 11:53:20
58 views08:53
Ашу / Түсініктеме