Get Mystery Box with random crypto!

Полиция QI-Trade Kazakhstan компаниясынан зардап шеккен салымш | Tenge Online

Полиция QI-Trade Kazakhstan компаниясынан зардап шеккен салымшыларды шақырады

Алматы қалалық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы «QI-Trade Kazahstan» ЖШС жасаған ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«2020 жылдың 14 желтоқсанында Медеу аудандық Полиция басқармасына қаржы пирамидасын құру және басқару туралы ұжымдық арызбен 99 салымшы жүгінді. Қазіргі уақытта алаяққа алданғандардың саны көбейді. Басқа қалаларда да бірнеше дерек анықталды. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Салымшылар Алматы қаласы Масанчи көшесі 55-үйге келуге немесе 254-43-80, 254-49-82, + 7-777-250-68-37, + 7-707-555-50-87 немесе 102 телефон нөмірі арқылы хабарласуға шақырамыз», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Дереккөзі: Aikyn.kz
@Tengeonline телеграм каналы