Get Mystery Box with random crypto!

Tenge Online

Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online T
Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online
Арна мекенжайы: @tengeonline
Санаттар: Экономика
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 158
Арнадан сипаттама

Қаржылық сауаттылық
Қаржы, банк, банк өнімдері бойынша ақпарат, кеңес беру
Чат: https://t.me/ A2ZrWpBlNfMzZmMy

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-01-10 09:14:49 Михаил Ломтадзе: «Сіздердің әрқайсыңызбен біргеміз!»

Біздің сүйікті клиенттер,
Әр сағаттың әр минутының әр секундында біз «Қазақстандықтар мен Қазақстан үшін жақсы болса - Kaspi.kz үшін де жақсы» деген принципті басшылыққа аламыз. Қазіргі таңда бұл принцип бұрынғыдан да өзекті және жүрегімізге жақын. Біз 4 қаланың құқық қорғау органдарына көшедегі шолғыншылық жұмыс үшін 9 брондалған инкассаторлық көлік бердік. Біздің қызметкерлер азаматтық жасақшыларының қатарына қосылуда. Біздің команда тәулік бойы жұмыс істеуде және біз әрқайсыңызбен бірге еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты қалпына келтіруге бар күшімізбен тырысудамыз.

Біздің бар ынтасымен жұмыс істеп жатқан команданың жұмысы туралы қысқаша айтуға рұқсат етіңіздер:

1. Kaspi.kz қосымшасы. Байқағандарыңыздай біздің сервистердің Қазақстандағы қолжетімділігі жақсара түсті. Тіпті интернет жоқ кезде «Аударым», «Төлемдер», «Kaspi Travel», «Менің Банкім» және «Мемлекеттік қызметтер» сынды сервистер жұмыс істеп тұр. Бұл Цифрландыру министрлігі және байланыс операторларымен тығыз серіктестіктің нәтижесінде мүмкін болды. Мемлекеттік органдарға жедел жұмысы үшін алғыс айтамыз!
Бізге қатысы жоқ себептермен қосымшаны шетелде қолдануда қиындықтар бар. Біз бұл бағытта да Цифрландыру министрлігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз және жақын уақытта шешеміз деп үміттенеміз.

2. Банкоматтар. Біздің қазіргі міндет - техникалық және басқа да мүмкіндіктер бар жерлерде банкоматтарды барынша толтыру. Бұл біз үшін өте маңызды бағыт! Егер кеше біз барлығы 24 банкоматқа қызмет көрсетсек, бүгін 6 есе көп - 12 қалада 140 банкомат.
Біздің барша сүйікті клиенттерімізге банкоматтарға кезек тәртібін сақтағаны үшін жеке алғыс айтқымыз келеді. Біз кезектегілердің барлығына ақша жетуі үшін қазақстандықтардың өзара тәртіпті реттеп отырғанын көріп отырмыз. Қазақстандықтардың патриоттығы мен бір-бірін қолдауына қарап кеудемізді мақтаныш сезімі билейді!

3. Бөлімшелер. Біз қауіп жоқ жерлерде бүлінген бөлімшелерімізді қалпына келтіруді бастадық. Әзірше терезелерді жұқа тақтайшамен жауып, жақын уақытта толық жөндеу жұмыстарына кірісеміз. Қазір тонаушылар зақым келтірген бөлімшелерді тезірек ретке келтіру үшін қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алудамыз.

4. Kaspi Travel сервисі арқылы сатып алынған әуебилеттерін қайтару. Біз сүйікті клиенттерімізден билетті қайтару туралы 10 000-нан астам өтінім алдық. Өкінішке қарай тұрақты интернет болмауына байланысты әуекомпаниялары жедел есеп-айырысу жүргізе алмайды. Біз қазіргі жағдайда жалғыз дұрыс шешім қабылдадық - барлық әуе компанияларының билет құнын өз есебімізден қайтарамыз. Жақын арада қаражат шоттарыңызға түседі.
Біздің шешімді қолдаған Air Astana және FlyArystan басшылығына жеке алғыс айтамыз!

5. Біз сондай-ақ бүгін Kaspi.kz қосымшасының бас бетінде «Мемлекеттік жаңалықтар» бөлімін қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір жаңалықтарды СМС арқылы жеткізу тұрақсыз жұмыс істеп тұр, сондықтан ел азаматтарына елдегі жағдай туралы мемлекеттік органдардан сенімді ақпаратты алуға көмектескіміз келеді.

Сүйікті қазақстандықтар біз сіздермен біргеміз!

Сіздің Михаил және Kaspi.kz командасы
19 viewsedited  06:14
Ашу / Түсініктеме
2021-12-11 20:02:17 https://7kun.kz/qazaqstandyq-magnum-tashkentte-algashqy-gipermarketin-ashty/
Қазақстандық Magnum Ташкентте алғашқы гипермаркетін ашты
6 views17:02
Ашу / Түсініктеме
2021-12-02 22:08:13 Алып берген несиені төлемегені үшін 7 баласы бар әйел адамды пышақтап өлтірген.
3 views19:08
Ашу / Түсініктеме
2021-12-02 22:07:27
3 views19:07
Ашу / Түсініктеме
2021-12-02 10:32:05 Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысы сұрақтарға жауап берді

Еске салайық, Парламентте Салық кодексіне бизнес үшін мобильді төлемдерді реттеу туралы өзгерістерді қабылдағаннан кейін, желіде көптеген жеке кәсіпкерлер, шағын дүкендердің иелері мен қызмет көрсетуші ЖК-лер 1 желтоқсаннан бастап мобильді аударымдарды қабылдаудан бас тартып жатыр деген хабарламалар жариялана бастады.
Kaspi.kz-тің ресми аккаунттарында Kaspi.kz қосымшасындағы мобильді төлемдерге қатысты ең жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары жарияланды.


͟1͟.͟ ͟М͟е͟н͟ ͟ж͟е͟к͟е͟ ͟т͟ұ͟л͟ғ͟а͟м͟ы͟н͟.͟ ͟М͟е͟н͟і͟ң͟ ͟м͟о͟б͟и͟л͟ь͟д͟і͟ ͟а͟қ͟ш͟а͟ ͟а͟у͟д͟а͟р͟ы͟м͟ы͟м͟ ͟т͟у͟р͟а͟л͟ы͟ ͟д͟е͟р͟е͟к͟т͟е͟р͟ ͟с͟а͟л͟ы͟қ͟ ͟ор͟г͟а͟н͟ы͟н͟а͟ ͟б͟е͟р͟і͟л͟е͟ ͟м͟е͟?͟
Жоқ. Банк құпиясын сақтау талаптарына сәйкес сіздің ақша аударымыңыз туралы деректер салық органдарына берілмейді. Сіз бұрынғыдай жеке мақсатыңыз үшін ақша аудара аласыз және қабылдай аласыз.
Жалпыға бірдей декларациялауды кезеңмен енгізу туралы заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізу белгілерінің бары туралы мәліметтер тек 2025 жылдан бастап берілетіні көзделіп отыр. 2025 жылға дейін ЖК емес және мемлекеттік қызметші емес жеке тұлғалар үшін ештеңе өзгермейді.

͟2͟.͟ ͟М͟о͟б͟и͟л͟ь͟д͟і͟ ͟а͟қ͟ш͟а͟ ͟а͟у͟д͟а͟р͟ы͟м͟ы͟н͟а͟ ͟ш͟е͟к͟т͟е͟у͟ ͟қ͟о͟й͟ы͟л͟а͟ ͟м͟а͟ ͟н͟е͟м͟е͟с͟е͟ ͟с͟а͟л͟ы͟қ͟ ͟с͟а͟л͟ы͟н͟а͟ ͟м͟а͟?͟
Жоқ. Жеке тұлғалардың арасындағы ақша аударымына салық салынбайды. Заң жобасында ақша аударымына жаңа салықтың немесе шектеудің пайда болатыны көзделмеген.

͟3͟.͟ ͟Е͟г͟е͟р͟ ͟к͟ә͟с͟і͟п͟к͟е͟р͟ ͟к͟л͟и͟е͟н͟т͟т͟е͟р͟д͟е͟н͟ ͟м͟о͟б͟и͟л͟ь͟д͟і͟ ͟а͟қ͟ш͟а͟ ͟а͟у͟д͟а͟р͟ы͟м͟ы͟н͟ ͟а͟л͟а͟т͟ы͟н͟ ͟б͟о͟л͟с͟а͟,͟ ͟о͟л͟ ͟ү͟ш͟і͟н͟ ͟к͟ө͟т͟е͟р͟і͟ң͟к͟і͟ ͟с͟а͟л͟ы͟қ͟ ͟т͟ө͟л͟е͟у͟і͟ ͟к͟е͟р͟е͟к͟ ͟п͟е͟?͟
Жоқ. Заң жобасында жаңа салықтың пайда болатыны көзделмеген.
Кәсіпкерлік мақсатта мобильді ақша аударымын пайдалану қазірдің өзінде сатушыларды ҚР заңнамасына сай салық төлеу және фискалдық чек беру міндетінен босатпайтынын атап өтеміз.

4͟.͟ ͟М͟е͟н͟ ͟Ж͟К͟ ͟н͟е͟ ͟к͟о͟м͟п͟а͟н͟и͟я͟ ͟б͟а͟с͟ш͟ы͟с͟ы͟м͟ы͟н͟.͟ ͟М͟е͟н͟і͟ң͟ ͟м͟о͟б͟и͟л͟ь͟д͟і͟ ͟а͟қ͟ш͟а͟ ͟а͟у͟д͟а͟р͟ы͟м͟ы͟м͟ т͟у͟р͟а͟л͟ы͟ ͟д͟е͟р͟е͟к͟т͟е͟р͟ ͟с͟а͟л͟ы͟қ͟ ͟о͟р͟г͟а͟н͟ы͟н͟а͟ ͟б͟е͟р͟і͟л͟е͟ ͟м͟е͟?͟
Жалпыға бірдей декларациялауды кезеңмен енгізу туралы заңға сәйкес жеке кәсіпкерге не компания басшысына тиесілі шоттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу белгілерінің бары туралы мәліметтер 2024 жылдан бастап берілетіні көзделіп отыр.

5͟.͟ ͟Е͟н͟д͟е͟ш͟е͟ ͟б͟ұ͟л͟ ͟з͟а͟ң͟ ͟ж͟о͟б͟а͟с͟ы͟ ͟н͟е͟ ͟т͟у͟р͟а͟л͟ы͟?͟
Заң жобасы жеке тұлғалардың арасындағы мобильді ақша аударымына қатысты емес.
Мобильді төлемдер ұғымын және ЖК мен заңды тұлғалар үшін тауарлар немесе қызмет көрсету үшін ақыны арнайы кәсіпкерлік қызметке арналған шоттарға қабылдау міндетін енгізу көзделіп отыр.
Мысалы, мұны тауарлар мен қызмет көрсету үшін ақы қабылдауға Kaspi Pay мобильді қосымшасы мен Kaspi QR-дың көмегімен қазірдің өзінде жасауға болады.
6 views07:32
Ашу / Түсініктеме
2021-11-29 11:15:52 Мобильді аударымдарға салық салу туралы

Бүгін әлеуметтік желіде көптеген адамдар банкоматқа кезек басталды, сатушылар қолма-қол ақшамен төлеуді талап етіп жатыр, аударымдарды қабылдамайды деген жазбалар көбейді. Бұл аса дүрлігетін нәрсе емес. @TengeOnline түсіндіреді.

1. Бұл өзгерістің әдеттегі аударымдарға қатысы жоқ. Әке-шеше, бауыр, отбасыңыз, туған-туыс және басқа да адамдарға қарыз, көмек т.б ақшаны аудара бересіз. Оны ешкім бақыламайды, салық салынбайды. Мұны өткенде Мәжілісте Қаржы вице-министрі де айтты. Заңда да солай көрсетілген. Тағы да қайталайын, жеке адамдардың аударымдарына қатысы жоқ. Ары қарай да еркін пайдалана беріңіз. Ол қадағаланбайды.

2. Өзгеріс тек дүкені бар немесе қызмет көрсететін кәсіпкерлерге қатысты. Мобильді аударым арқылы күн сайын жиі аударым қабылдасаңыз және ЖК, ЖШС иесі болсаңыз, салық органдары сізден аударым қайдан түсіп жатқанын сұрайды. Егер оның кәсіпкерлікке қатысы жоқ аударым екенін құжат жүзінде дәлелдесеңіз, мәселе жоқ. Ал кәсіпкерлікке қатысты болса, онда салық төлеуіңіз керек. Яғни, салық органдары тек бизнес мақсатта қабылдасаңыз, табыстан салық төлеңіз деп тұр. Ақша аударған адамға мұның қатысты жоқ. Одан ешкім не мақсатта аудардың деп сұрамайды.

3. Кәсіпкерлер тауар не қызмет ақысын бұрынғыдай жылдам, онлайн қабылдай алады. Ол үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасын жүктеп алып, пайдалана алады. Бұл Kaspi.kz қосымшасының бизнеске арналған түрі. Тауар айналымы үлкен болса, банк 2 айдан кейін POS терминал орнатып береді.

4. Kaspi Gold-пен төлем қабылданбайды деген ақпарат таратып жатыр. Бұл сәл қате ақпарат. Kaspi Gold-пен төлем қабылданады. Kaspi Gold жұмыс істеп тұр. Тек кәсіпкерлер жаңа өзгерістерге байланысты аударым арқылы төлем қабылдамайтынын айтып тұр. Бұрынғыдай қолма-қол қабылдауға көшпекші. Бұл салықтан жалтару. Сіз онлайн, қолма-қол қабылдаса да, түбіртек талап етіңіз.

5. Банкоматқа кезекке тұрамыз ба, қолма-қол ақшаны қайта алып жүреміз бе, деген адамдар! Сізге алаңдауға еш негіз жоқ. Бизнес иесінен мысалы: дүкен иесінен онлайн төлеу мүмкіндігін қарастыруды талап етіңіз. Клиент талап етсе, онлайн қабылдауға міндетті. Егер қолма-қол төлеуді талап етсе, онда түбіртек талап етіңіз. Түбіртек талап етсеңіз, бәрібір салық төлейтіндіктен, онлайн қызметтерді де қосады. Мемлекеттің талап етіп отырғаны қолма-қол немесе онлайн қосымшалар арқылы бизнес мақсатта төлем қабылдадың ба, табыстан салық төле. Тек осы ғана.

6. Бұл өзгеріс тек Kaspi.kz аударымдарына ғана қатысты ма? Жоқ, заңда тек Kaspi.kz аударымдары деп жазылмаған. Заң барлық банкке ортақ, яғни барлық банктердің мобильді қосымшаларындағы аударымдарға қатысты. Кәсіпкерлер Kaspi аударымды тоқтатып, басқа банктің аударымына көшсем, салық төлемеймін деген ой болмауы тиіс. Барлық банк заң талабын орындауға міндетті.

@TengeOnline
13 viewsedited  08:15
Ашу / Түсініктеме
2021-11-17 20:49:20 Белгілі бизнесмендер жас кәсіпкерлерге 330 мың доллар берді | 7kun.kz
https://7kun.kz/belgili-biznesmenderden-zhas-kasipkerlerge-330-myn-dollar-berdi/
14 views17:49
Ашу / Түсініктеме
2021-11-17 12:22:39 Теңге бағасы түсе ме, өсе ме?

Желтоқсанның басында теңге бағасы 1%-ке немесе 1$/426 теңге болуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының сауалнамасында айтылды.
Бүгін, 17 қарашада ресми курс 429,68/$1 , ақша айырбастау пункттерінде 431-433 теңгеден сатылуда.

Яғни, желтоқсанның басында теңгенің құны 1% көтеріледі.

Бұған себеп – мұнайдың Brent маркасының бағасы барреліне $89 көтерілуі мүмкін. 2021 жылды доллар бағамы 425-430 теңге бағамының айналасында жабатын сияқты.

@TengeOnline
6 viewsedited  09:22
Ашу / Түсініктеме
2021-09-06 16:43:22 Мобильді қосымшамен қателесіп аударған ақшаны қалай қайтаруға болады?

https://7kun.kz/qatelesip-audargan-aqshany-qalai-qaitaruga-bolady/
12 viewsedited  13:43
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 14:55:51 Қолыңда жеткілікті тіпті артық қаражат болса да, автосалонға барып, қалаған уақытыңда көлік айдап кете алмайсың.
Toyota, Hyundai, Kia сияқты қазақстандықтар арасында сұранысқа ие көлік түрлеріне тапсырыс беріп, кемі 2-3 ай күтесің.

Сарапшылар әлемдік ірі ойыншылар нарықты бөліске салу процесін бастады, яғни бұл қолдан жасалған дағдарыс, дейді.

Ал автосатушылар әлемде автомобиль үшін түрлі микросхемалар мен электроникалық құрылғылардың тапшылығынан көлік өндірістері тоқтап жатыр, сол үшін автоөндіріс кідіріп тұр, дейді.

Қысқасы қазір автосалоннан да көлік алу оңай емес. Ал мұның салдарынан ескі көлік қымбаттап жатыр.

https://azattyq-ruhy.kz/society/25592-avtosalondarda-kolik-zhok-sarapshylar-kolik-narygyndagy-dagdarystyn-sebebin-tusindirdi
16 viewsedited  11:55
Ашу / Түсініктеме