Get Mystery Box with random crypto!

@Arbuz_kz — жаз бойы кез-келген тапсырысты тегін жеткізеді Аз | Tenge Online

@Arbuz_kz — жаз бойы кез-келген тапсырысты тегін жеткізеді

Азық-түлікті онлайн сатып, жеткізу қызметімен айналысатын қазақстандық ең ірі онлайн супермаркет @Arbuz_kz-тің құрылғанына 3 жыл толды.

Үш жылдығына орай @Arbuz_kz бүгіннен бастап, жаз бойы кез-келген тапсырысты үйге тегін жеткізетін акцияны ашық деп жариялады.

Бас директор Алексей Лидің айтуынша, тегін жеткізу — клиенттер үшін сыйлық, сондықтан ешқандай шектеу жоқ. «Енді біз 1 теңгелік тапсырыстың өзін тегін жеткіземіз. Акция жаз бойы болады», дейді ол.

@Arbuz_kz -тің басқалардан ерекшелігі - 2021 жылдың сәуірінен бастап тапсырысты 1 сағатта жедел жеткізеді және үлкен ассортименті бар, бағасы қолайлы.

Айта кетейік, отандық стартап қазіргі кезде Алматы, Астана қалалары бойынша күніне 1500 тапсырыс жеткізеді.

#Arbuzkz #АлексейЛи #тегінжеткізу