Get Mystery Box with random crypto!

Tenge Online

Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online T
Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online
Арна мекенжайы: @tengeonline
Санаттар: Экономика
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 158
Арнадан сипаттама

Қаржылық сауаттылық
Қаржы, банк, банк өнімдері бойынша ақпарат, кеңес беру
Чат: https://t.me/ A2ZrWpBlNfMzZmMy

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-01-27 11:42:50 «Алтын орда» жабылды, бірақ базар да, оның иесі саналатын компаниялар да жабылған жоқ

Кеше «Алтын орда базары» ЖШС (ТОО "Рынок Алтын Орда") сот шешімімен жабылды, деген ақпарат шыққан соң ел шу ете қалды. Аталған базардың Болат Назарбаевқа қатысы бар деген сыбыс шыққалай талай болды. Көпшілік соңғы оқиғаларға байланысты базардан да айырылған екен, деп өсекті гулетіп берді.

Алайда салық органдары кеше бұған түсінік беріп, «Алтын орда» базарының жұмыс істеп тұрғанын, оған KURYLYS LTD және Altyn Orda Qaz Trade Ltd.компаниялары иелік ететіні, ал «Алтын орда базары» ЖШС бұрын иесі болғанын, соңғы 3 жыл бойы жұмыс істемегенін, соған байланысты сот шешімімен жабылғанын айтты.

Алайда бүгін өсек-аяң әлі басылмай тұр. Уатсап топтарда «Болат Назарбаев «Алтын ордадан» айырылыпты деген аңыздар тарап жатыр. Бірақ, ресми құжат базарға әлі де Болат Назарбаев ие екенін көрсетеді. https://pk.uchet.kz/c/bin/980340001269/ сайтында KURYLYS LTD компаниясының басшысы НАЗАРБАЕВ БОЛАТ АБИШЕВИЧ екені көрсетілген. 1 скрин.

Ал Altyn Orda Qaz Trade Ltd.компаниясының біріншісі басшысы ретінде АБДИГАПАРОВ ДАНИЯР АМАЛБЕКОВИЧ-тің аты аталады. https://statsnet.co/companies/kz/4868610 сайтында 17.07.2021 ж. дейін бұл компанияның құрылтайшысы НАЗАРБАЕВ БОЛАТ АБИШЕВИЧ болғаны көрсетілген. Аталған компанияның аты 01.10.2018 жылға дейін "BN ALTYN ORDA LTD (БН АЛТЫН ОРДА ЛТД)" деп аталған. (2 скрин)

Бұл құжаттарға сүйенсек, «Алтын орда» базары қазіргі кезде Болат Назарбаевтың меншігінде. Ал Кеше жабылған «Алтын орда базары» ЖШС бұл кісіге мүлдем қатысы жоқ, кезінде базардың экс-иелеріне қатысты , соңғы жылдары мүлдем жұмыс істемеген компания.
@TengeOnline
22 viewsedited  08:42
Ашу / Түсініктеме
2022-01-26 15:23:12 2021 жылы бизнеске 12,25 трлн теңге несие берілген

• Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер 26,8%-ға өсіп, 6,3 трлн теңгені құрады;
• Орта кәсіпкерлікке 1,8 трлн теңге беріліп, көрсеткіш 15,9%-ға өсті;
• Ірі бизнеске 3,41 трлн теңге берілді, өсім 0,3%;
• Жеке кәсіпкерлерге берілген сома 2,1 есе өсіп, 0,75 трлн теңгені құрады.

https://inbusiness.kz/kz/last/bizneske-nesie-beru-korsetkishi-artty
8 viewsedited  12:23
Ашу / Түсініктеме
2022-01-26 15:08:37 Белгілі кәсіпкер Қайрат Реимов өзіне қарсы рейдерлік әрекет жасалып жатқанын мәлімдеді

Алматыда метро құрлысымен айналысатын ірі компанияның қызметкерлері 2 млрд теңгені ұрлады деген күдікпен ұсталды.

Мұны «Алматыметроқұрылыс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов өзіне жасалған қысым және рейдерлік әрекет деп түсіндірді.

Оның пікірінше, құзырлы органдар метро қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғау арқылы бәсекелестерге жол ашып отыр.

Сөйтіп метро қазуға арналған бағалы қондырғыларға қол жеткізбекші дейді.
https://azattyq-ruhy.kz/politics/33173-biznesimdi-tartyp-almakshy-k-sipker-kairat-reimov-kysym-korip-zhatkanyn-m-limdedi/amp
12 viewsedited  12:08
Ашу / Түсініктеме
2022-01-26 13:44:21 Несие саулығының индексі нашарлап барады

2022 жылдың басында несие саулығының индексі 3,9 пунктке төмендеп, 62,1% құрады. Бұл индикатор келесі жылы несиені қайтаратындар үлесін көрсетеді.

Несие алушылардың 18,2% дефолтта, 19,7% белгісіз аймақта, яғни төлей алатындар мен дефолттағылар арасында.
2021 жылы қаржылық сауаттылық индексі 0,6 пунктке өсіп, 5,13% құрады.

Бірінші несие бюросының мәліметі
14 viewsedited  10:44
Ашу / Түсініктеме
2022-01-26 13:39:18 2021 жылы несие тарихы тазаланған адамдардың 15% қайтадан төлем мерзімін бұзған

2021 жылдың 9 сәуірінде қайтару мерзімі 90 күннен асып кеткендер 12 ай ішінде 30 күн ішінде төлем мерзімін қайта бұзбаса несие тарихын түзеуге мүмкіндік берілген.

2021 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін 1 397 547 клиенттің 1 648 305 шарты бойынша несие тарихы «түзелген».

Жаңа статусқа ие болған 566 175 адам қайта несие алған. Олардың 87 867 немесе 15,5% төлем кестесін кешіктірген.

Бірінші несие бюросының мәліметі
13 viewsedited  10:39
Ашу / Түсініктеме
2022-01-26 13:33:58 2021 жылы тіркелген көліктер саны азайған

2021 жылдың 11 айында 710,4 мың автөкөлік тіркелген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1,3% аз. Азаю қолданыста болған көліктер есебінен болып отыр.

Ал тіркелген жаңа көліктер 117 мыңға жетіп, 2020 жылмен салыстырғанда 25,9% артқан.
Автонесие 57,5% ұлғайып, 592,2 млрд теңгені құраған. Бұл да 2020 жылмен салыстырғанда 15% артық.
13 viewsedited  10:33
Ашу / Түсініктеме
2022-01-26 13:28:54 2021 жылы берілген бөлшек несиенің көлемі - 8,9 триллион теңге

2021 жылы жеке тұлғаларға берілген несиелердің көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 83,6%-ға немесе 4,1 трлн теңгеге ұлғайып, 8,9 трлн теңгені құрады.

Барлығы 25,67 млн келісімшарт жасалды, қарыз алушылардың жалпы саны 6,16 млн қарыз алушыны құрады.

2021 жылы ипотекалық несиелер беру 1,92 трлн теңгені құрап, бір жыл ішінде беру 77,7%-ға өсті.

Кепілсіз берілген тұтынушылық несиелер 5,45 трлн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 86,1 пайызға өскен.

Несие карталары 95,2%-ға (401,5 млрд. теңгеге дейін) өсті.

Автонесиелер 592,2 млрд теңге (+57,5%) болды.

Бөлшек несиелендірудің 90,3%-ын банктер, қалған үлесін – МҚҰ және басқа ұйымдар (соның ішінде мемлекет қатысатын ұйымдар, тауарлар мен қызметтерді бөліп-бөліп ұсынатын ұйымдар.

Өңірлер тұрғысынан алғанда бөлшек несиелердің айтарлықтай көлемі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарына тиесілі, олар 2021 жылы жалпы көлемнің 44%-ын құрады.

Бірінші несие бюросының мәліметі
@TengeOnline
15 viewsedited  10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-01-26 12:02:52 Kaspi.kz негізін салушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қаңтар оқиғасы» кезінде зардап шеккен 450 шағын бизнес субьектсіне көмек көрсетеді.

Бұл туралы қалалық әкімшіліктің жанындағы ШОБ шығынын қайтару жөніндегі комиссия мүшелері хабарлады.

Бұл үшін жеке қаражаттарынан 579 миллион теңге бөлді. Бұл шағын кәсіпкерлердің 3 миллион теңгеге дейінгі шығындарын жабуға көмектеседі. Қаражат бүгін түседі.

Айта кетейік, Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе бұған дейін «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударған еді.

@TengeOnline
8 viewsedited  09:02
Ашу / Түсініктеме
2022-01-24 13:20:21
Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда ең көп қолданылған мобильді қосымшалар. Бәрі VPN
11 views10:20
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 10:12:05 Президент Тоқаев: Қазақстан байлығының тек жартысы 162 адамға тиеселі
"Халықаралық сарапшылар, соның ішінде KPMG, 162 адамға байлықтың тең жартысы тиесілі екенін растайды. Ал халықтың жартысында кіріс 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылына 1300 доллардан сәл асады. Мұндай табысқа жету мүмкін емес, жағдайды шұғыл түрде өзгерту керек", - деді Президент.

@TengeOnline
9 viewsedited  07:12
Ашу / Түсініктеме