Get Mystery Box with random crypto!

Tenge Online

Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online T
Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online
Арна мекенжайы: @tengeonline
Санаттар: Экономика
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 158
Арнадан сипаттама

Қаржылық сауаттылық
Қаржы, банк, банк өнімдері бойынша ақпарат, кеңес беру
Чат: https://t.me/ A2ZrWpBlNfMzZmMy

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-02-26 06:11:12 АҚ үй Конгресстен Украинаға көмектесу үшін $6,4 сұраған.
12 views03:11
Ашу / Түсініктеме
2022-02-26 06:00:20 Канада да Путин мен Лавровқа қарсы санкция салады. Бұған дейін Еуроодақ елдері, Ұлыбритания, АҚШ санкция салған. Бұған сәйкес олардың сол елдердегі есеп-шоттары жабылады. Алайда СІМ баспасөз хатшысы Путин мен Лавровтың шетелде шоттары жоғын айтты

Канада Ресейді SWIFT жүйесінен айыруды да мақұлдап отыр - премьер-министр Джастин Трюдо.
Кейбір мамандардың айтуынша аталған жүйеден ажырату қаржы жүйесі үшін аздаған техникалық ақау ғана.

@Tengeonline
12 viewsedited  03:00
Ашу / Түсініктеме
2022-02-26 05:50:12
АҚШ Путин мен Лавровқа, ресейлік Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне санкция салды - Джен Псаки
14 viewsedited  02:50
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 22:50:38 Ұлыбритания Путин мен Лавровқа санкция салды, олардың есеп-шоттары бұғатталды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Ал АҚШ екеуіне қарсы санкцияны бүгін салуы мүмкін.

@Tengeonline
13 views19:50
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 22:35:04 Ал ВТБ Беларусьтегі клиенттеріне Visa мен Mastercard карталары бойынша елде және шетелде шектеу болуы мүмкін екенін ескертті.
14 views19:35
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 22:25:28 Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері үшін маңызды ақпарат

Банк ВТБ (Қазақстан) қазіргі уақытта өтімділік пен капиталдың жоғары деңгейін сақтай отырып, қаржылық қызметтердің негізгі түрлерін ұсынуды жалғастыруда.

Қабылданған шектеулер клиенттердің қаражаттарының сақталуына және қол жетімділігіне әсер етпейді.

Барлық шоттар белсенді және клиенттердің қаражаттары Банк бөлімшелерінде де, қашықтан басқару арналарында да қол жетімді. Оларды Қазақстан аумағында ұлттық валютамен барлық операцияларды жүргізу үшін бұрынғысынша толық көлемде пайдалануға болады. Банк клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін орындайды. Қолма-қол ақшаны елдің бүкіл аумағындағы ВТБ кез келген банкоматынан және серіктес банктерден алуға болады.

Қазір шетелде жүрген клиенттерге қолма-қол ақша алу немесе басқа банктің карталарымен төлеу ұсынылады.

Заңды тұлғаларға!
Банк ВТБ (Қазақстан) қызмет алу кезінде АҚШ долларымен және еуромен кез келген операциялар мен есеп айырысуларды жүргізуден уақытша тоқтатуды ұсынды.

Мәлімдеме Банк ВТБ Қазақстан сайтында жарияланды. Айта кетейік, бұл банк те кеше АҚШ санкциясына ілінген. СберБанк те кеше осындай мәлімдеме таратты.
14 viewsedited  19:25
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 17:31:24
Теңгелік депозиттерге мемлекеттен 10% өтемақы кімге беріледі? Kaspi.kz жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

1) Мемлекет өтемақы төлеудің шарттары қандай?
Мемлекеттен өтемақы алудың міндетті шарты – салымды 2023 жылғы 24 ақпанға дейін сақтау.

2) Мен қанша өтемақы аламын?
Мемлекеттен алатын өтемақының мөлшері 10%. Өтемақы сомасы 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанға дейін (қоса алғанда) 12 айдың ішінде депозиттегі ең аз сомаға есептеледі.
Мысал:
2022 жылғы 23 ақпанда Kaspi Депозиттегі сома - 500 000 теңге.
2022 жылғы 1 наурызда сіз одан Kaspi Gold-қа 300 000 теңге аудардыңыз. Депозиттегі қалдық – 200 000 теңге.
Содан кейін сіз тек депозитке ақша салып отырдыңыз, 24.02.2023ж. депозиттегі сома 1 000 000 теңгені құрады.
2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанға дейінгі (қоса алғанда) кезеңде ең аз сома 200 000 теңге болды. Сізге осы соманың 10%– 20 000 теңге өтеледі.

3) Өтемақыны қашан аламын?
Өтемақы сомасы 2023 жылғы 24 ақпанда есептеледі.
Төлем 2023 жылғы наурыз айында түседі.
17 viewsedited  14:31
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 10:46:02 Кеше осындай мәлімдемені ресейлік СберБанк те жасаған. Ақпаратта кеңселердің барлығы жұмыс істейді, клиенттердің қаражаты қолжетімді делінген.

Айта кетейік, кеше АҚШ президенті Ресейге қосымша санкция салынғанын мәлімдеді. 13 компания, банк қосылған тізімде ресейлік Сбербанк те бар. Бұған алаңдаған қазақстандық қолданушылар әлеуметтік желіде банктегі шоттарын жапқан жөн бе, деген сұрақ қойып жатыр. Кейбірі тіпті жауып тастағаны туралы жариялады.

Әзірше банк мәлімдемесінен бөлек санкцияның қазақстандық СберБанкке әсері қаншалықты болатыны туралы толық ақпарат жоқ.
13 viewsedited  07:46
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 10:45:16
СберБанк Қазақстан мәлімдемесі СберБанк Қазақстан және оның барлық жүйесі штаттық тәртіпте жұмыс істейді, жеке және заңды тұлғаларға қаражаттар мен сервистер толық көлемде қолжетімді.

Теңгедегі және шетел валютасындағы шоттардан ақша шешіп алу және оларды толықтыру офистерде, банкоматтарда, Sber KZ мобильді қосымшасында және СберБизнесте, сондай-ақ басқа да қызмет көрсету каналдарында шектеусіз қолжетімді. Барлық төлем жүйелерінің пластикалық карталары бойынша тауарлар және қызмет ақысын төлеу, ақша аударымдары және операциялар жүргізіліп жатыр және толық көлемде қолжетімді болады. Валюта айырбастау шектеусіз жүргізіледі.⠀Қабылданған шектеулер клиенттердің қаражаттарының сақталуына және қолжетімділігіне әсер етпейді.⠀Сбербанктің орын алған жағдайда қалыпты жұмыс істеу үшін барлық қажетті ресурстары мен тәжірибесі бар.
12 viewsedited  07:45
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 10:23:09 Апта басынан бері Ұлттық Банк 176 млн долларға интервенциялар жүргізді

Ұлттық банк 21 ақпаннан 25 ақпанға дейін валюта нарығында жалпы сомасы 176 млн АҚШ долларына интервенциялар жүргізілгенін хабарлады.

«Қазіргі жағдайда жүргізіліп отырған саясаттың транспаренттілік деңгейі мен нарықтың сенімін сақтау үшін валюталық операциялардың жедел статистикасы жарияланды. Мәселен, 2022 жылғы 25 ақпан, 12:00 сағатына аптаның басынан бері жүргізілген валюталық интервенция көлемі 176 млн АҚШ доллары, оның ішінде 24 ақпанда – 138 млн АҚШ доллары болды. Бұл сыртқы күтпеген өзгерістің Қазақстан нарығына ауысуын реттеуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.

@Tengeonline
15 viewsedited  07:23
Ашу / Түсініктеме