Get Mystery Box with random crypto!

Tenge Online

Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online T
Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online
Арна мекенжайы: @tengeonline
Санаттар: Экономика
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 158
Арнадан сипаттама

Қаржылық сауаттылық
Қаржы, банк, банк өнімдері бойынша ақпарат, кеңес беру
Чат: https://t.me/ A2ZrWpBlNfMzZmMy

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2020-12-09 16:59:29
2020 жылғы қарашадағы жағдай бойынша 18 млн.астам қазақстандықтықтардың қолында 45,4 млн банктік картасы бар. Алайда мұның 56,5% ғана қолданыста. Төлем карталары 21 банк пен «Қазпоштаға» тиеселі.

@Tengeonline
92 views13:59
Ашу / Түсініктеме
2020-12-07 14:52:29 Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесі жұмыс істей бастайды, ол банк операцияларын жүзеге асыратын барлық қаржы ұйымдарына қолданылады. Осы жаңалық туралы Киберқауіпсіздік басқармасының бастығы Роман Перминов айтты.
96 views11:52
Ашу / Түсініктеме
2020-12-07 10:28:49
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге қалайша Kaspi.kz-тің Лондон қор биржасындағы ең қазақстандық компаниялар арасында ең қымбат компания болғаны туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


«Бізде өзіміздің пионеріміз бар — қазақстандық технологиялық Kaspi.kz компаниясы соңғы бірнеше жылда бизнесін дәстүрлі банктен IT компанияға немесе FinTech-компанияға трансформациялады. Бір айдан астам уақыт бұрын Kaspi Лондон қор биржасында табысты IPO өткізді. Бұл компанияның нарықтық капитализациясы 6.5 миллиард долларды құрады. Осылайша, Kaspi Bank еліміздегі дәстүрлі шикізат бағытындағы компаниялар аясында орналастырудың барлық кезеңіндегі ең қымбат қазақстандық компаниялардың біріне айналды. Бұл біздің елге тән шикізат бағытының аясында болған нәрсе», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
94 viewsedited  07:28
Ашу / Түсініктеме
2020-12-07 10:16:21 Kaspi.kz технологиялық компаниясы әуе билетін іздеу және сатып алуға арналған Kaspi Travel жаңа онлайн қызметін іске қосты.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді:

 «Kaspi Travel – Kaspi.kz-тің жаңа қызметі, оның көмегімен сүйікті клиенттеріміз әуе билеттерін жеңіл және қарапайым түрде әуе компанияларының бағасымен сатып алады. Қазіргі кезде жолсапарлардың негізгі бөлігін Қазақстанның ішкі рейстері құрайды. Біз пандемия жақында аяқталып, бәріміз қалыпты өмірге ораламыз және жолсапарларға қалағанымызша шығамыз деп үміттенеміз. Біз өз тарапымыздан Kaspi Travel-дің мүмкіндігін тұрақты түрде ұлғайтып, сүйікті клиенттерімізді жолсапар мен саяхаттың айналасындағы жаңа, ыңғайлы қызметтермен қуантуға уәде береміз!».

Қазірдің өзінде Kaspi Travel-ге Қазақстан мен әлем бойынша рейстерге тиімді шарттар ұсынатын 700-ден астам әуе компаниясы топтасқан. Әуе билеттерін кредитке сатып алуға, Kaspi Gold пен Kaspi Бонус арқылы және толық немесе бөліп төлеуге болады.

Айта кетейік, биылғы жазда
Kaspi.kz – әуе билеттерін іздеу, брондау мен сатып алуға арналған қазақстандық жетекші онлайн платформа Santufei компаниясын сатып алған еді.

https://7kun.kz/kaspi-travel-kaspi-kz-ten-aue-biletin-satyp-aluga-arnalgan-zhana-onlain-qyzmet/
72 viewsedited  07:16
Ашу / Түсініктеме
2020-11-16 15:03:05
Банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды

Бүгін Алмалы аудандық соты «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің экс-төрағасы Жомарт Ертаевты милиардтаған қаржы жымқырғаны үшін айыпты деп танып, 11 жылға соттау туралы үкім шығарды.

Дүние-мүлкін тәркілеп, коммерциялық, қаржы саласы мен материалдық жауапкершілік қызметте 10 жыл жұмыс істеуге тиым салды.

Экс-банкир жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа деңгейлі мекемесінде өтейді.
Қылмыстық іс 700 томнан, 46 эпизодтан тұрады. Бастапқы кезде қылмыстық іске қатысы бар 54 адам күдікке ілінген, оның 40-ы банктің топ-менеджерлері мен қызметкерлері. Алайда сотқа 37 адам келіп, оның біреуі кейін қайтыс болды. Бүгін сот залында отырған 35 адам кінәлі деп табылды, алайда кейбірі қылмыстың мерзімі өткендіктен сот залынан босатылды.

Ертаев өз кінәсін толық мойындады.
Тергеу кезінде 15 млрд теңге қайтарылып, 48 млрд теңгенің мүлкіне бұғат салынған.

@Tengeonline
102 views12:03
Ашу / Түсініктеме
2020-11-14 06:42:22
Tengri Bank-тің экс басшылары 5,4 млрд теңгені ұрлады деп күдіктелуде

9 қараша күні Tengri Bank төрағасының экс-орынбасары Бахтияр Ильясов, Алматы филалы директорының орынбасары Асет Жадыков қамауға алынған болатын. Олар 5,4 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілініп, соталды тергеу жүріп жатыр.

Олармен бірге қарасты компанияның басшысы Назгүл Жилкибаева ұсталғаны белгілі болды. Ол жалған құжаттармен $3 млн қайтарымсыз кредит алған.

Айта кетейік, аталған банктің ірі акционері үндістандық Punjab National Bank, басқарма төрағасы Паван Сингх та сол елдің азаматы. Қаржы қымқыру ісінде оның аты аталмайды.

Tengri Bank бүгінде тарату кезеңінде. 17 қыркүйекте Tengri Bank лицензиясынан айырылып, 18 қыркүйекте банктік операциялар тоқтаған еді.

#қаржыжаңалықтары
#банкжаңалықтары
#Qaznews
#қазақстандықбанктер
#TengriBank
#экономикалыққылмыс

@Tengeonline
96 views03:42
Ашу / Түсініктеме
2020-11-12 10:51:59
Қазақстанда қандай депозиттер бар? Ақпарат Kaspi.kz-тен.
84 views07:51
Ашу / Түсініктеме
2020-11-11 14:48:10
Сколько дней нужно казахстанцам, чтобы заработать на новый iPhone? Аналитики подсчитали индекс айфона 2020, сравнив цены на iPhone 12 Pro (128 GB) со средней зарплатой в нескольких десятках стран.

В Казахстане iPhone 12 Pro в версии 128 GB стоит 619 990 тенге.

По данным Комитета по статистике, средняя зарплата в нашей стране составляет 212 894 ₸ (174 565,2 тенге после вычета налогов).

Получается, что среднестатистический казахстанец должен отработать 74,6 дня, чтобы заработать на iPhone 12 Pro (и при этом ничего не есть).

По сравнению с прошлогодним индексом айфона показатели Казахстана улучшились на 2 дня.

А вот жители Швейцарии заработают на айфон за 4,4 дня, США – за 6,1 и Австралии – за 6,6.

t.me/newsnurkz
87 views11:48
Ашу / Түсініктеме
2020-11-11 14:48:10 Қазақстанда тұрып жаңа iPhone 12 Pro сатып алу үшін ішпей-жемей 74,6 күн жұмыс істеуіңіз керек. Ал Швейцариялықтар 4-ақ күндік табысына алады.
69 viewsedited  11:48
Ашу / Түсініктеме
2020-11-11 13:03:53
Алтын құймасын сатып алып, сатуға болады

Қазақстанда 2017 жылдан бері банктерден немесе және банктік емес айырбастау пунктерінен алтын құймаларын сатып алуға болады. Содан бері жалпы салмағы 1,37 тонна болатын 37 754 алтын құйма сатылған.

Сатылатын алтын құймалардың бес түрі бар: 5, 10, 20, 50 және 100 г.

Алтын құймаларды қазіргі кезде Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға және оларға кері сатуға болады.

Қазан айында қазақстандықтар жалпы салмағы 127,6 келі, 3 066 өлшеуіш құйма сатып алыпты.

https://clck.ru/RsJUf

Ұлттық банктің хабарламасы

@Tengeonline
68 viewsedited  10:03
Ашу / Түсініктеме