Get Mystery Box with random crypto!

Бүгіннен бастап Ashyq қызметін Kaspi.kz қосымшасында пайдалану | Tenge Online

Бүгіннен бастап Ashyq қызметін Kaspi.kz қосымшасында пайдалануға болады

Жаңа қызметті пайдалану үшін Kaspi.kz қосымшасында Kaspi QR-ды ашып, Ashyq жобасына қатысатын нысан, мекеменің кіре берісіндегі QR-кодты сканерлейсіз. Одан кейін смартфон экранында қоғамдық орынға кіру немесе шектеу бары туралы ақпарат пайда болады.

Егер кіруге рұқсат берілсе, нысан қызметкеріне уақытша рұқсаттаманы көрсетіп, 5 минут ішінде кіру керек.

Өз статусыңызды кез-келген уақытта Kaspi.kz қосымшасында QR-кодты сканерлеусіз тексере аласыз. Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер – Ashyq. Коронавирус бойынша статус» бөліміне кіру керек.

Бұл Kaspi.kz командасы цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жүзеге асырған үшінші жобасы. Бұған дейін Kaspi.kz қосымшасында ЖК ашу және автокөлікті қайта тіркеуді іске қосты.