Get Mystery Box with random crypto!

Tenge Online

Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online T
Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online
Арна мекенжайы: @tengeonline
Санаттар: Экономика
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 158
Арнадан сипаттама

Қаржылық сауаттылық
Қаржы, банк, банк өнімдері бойынша ақпарат, кеңес беру
Чат: https://t.me/ A2ZrWpBlNfMzZmMy

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-02-28 12:08:33
Сағат 15:00, Қор биржасынан хабар жоқ. Айырбастау пункттері 00:00
22 views09:08
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 12:02:34 Ресейлік «Сбербанктің» Лондон қор биржасындағы құнды қағаздары 75,11%-ға $1,011 дейін құлдырады.
23 views09:02
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 11:53:19 Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Экономист-сарапшы Қасымхан Қаппаровтың сөзінше, Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы және Ресейдің валюталық резервтерінің тоқтатылуына байланысты валюта нарықтарында жоғары құбылмалылық болжанып отыр.

Ресей рублінің құнсыздануынан кейін теңге де құлдырайды. Валютаға сұраныстың жоғары болуы доллардың өсуіне әкеледі. Бұл ретте долларды сатып алу үшін рубльді теңгеге айырбастайтын ресейлік банктердің долларға сұранысының өсуіне байланысты жағдай күрделене түсуі мүмкін", - дейді Қасымхан Қаппаров.

Ұлттық банк нарыққа интервенция жүргізетінін мәлімдеді. Бірақ экономистің айтуынша, валюталық резервтің көлемі шектеулі.

"Ұлттық банк теңгенің құлдырауын тежемей, валюта нарығындағы құбылмалылықты тежеуге тырысуы мүмкін. Одан бөлек, Ұлттық банктің алдында елемізде жұмыс істеп тұрған ресейлік еншілес банктер Сбербанк, ВТБ және Альфа банктің жұмысын тұрақтандыру міндеті тұр", - дейді ол.

Қасымхан Қаппаров доллар курсының өсуі импорт тауарларына бағаның өсуіне әсер ететінін алға тартады.

"Автокөлік, электроника, құрылыс заттары қымбаттайды. Үкімет халықтың табыс деңгейін төмендетуге әкеліп соғатын инфляциямен күрес бойынша жоспар құруы қажет", - дейді маман.

Ал экономист Мақсат Халықтың айтуынша, SWIFT жүйесінен гөрі Ресей рубліне қатты әсерін тигізіп жатқан - Ресей Орталық банкі активтерінің сырттан бұғатталуы.

"Өйткені Ресей сол ақшалары арқылы интервенция жасап, рубльге құн беріп тұрған еді. Қазір ондай мүмкіндіктен айырылды",
- дейді Мақсат Халық.

kaz.nur.kz
22 viewsedited  08:53
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 11:49:47 SWIFT дегеніміз не? SWIFT – банкаралық төлемдер жасаудың халықаралық жүйесі. Ол дүниежүзілік банкаралық қаржылық телекоммуникация қоғамының (Society for Worldwide Interbank Financial Telecommunication) құрметіне аталған. Жүйе 1973 жылы құрылған. Кеңсесі Бельгияда орналасқан. Халықаралық банк жүйелерінің ішінде SWIFT - ең сұранысқа ие жүйе. SWIFT бірнеше секунд ішінде халықаралық аударымдарды жасауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, SWIFT жүйесін дүние жүзінде 11 мыңға жуық ұйым, соның ішінде қаржылық емес ұйымдар пайдаланады. ТАСС агенттігінің мәліметінше, жүйе арқылы жылына 5 миллиардтан астам хабарлама өтеді. kaz.nur.kz
21 viewsedited  08:49
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 11:42:46
15 минуттан кейін не болатынын көреміз. Әзірге осы 0:0
20 views08:42
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 11:12:21 Сайт с курсами валют пора переименовать в kursyn.kz и перестать туда заходить
21 views08:12
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 10:23:26 Қазақстан қор биржасы валюталық сауданы толық тоқтата тұру туралы мәселе көтеруі мүмкін
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттері доллар мен еуро сатуды тоқтатты, Алматыда да дәл осындай жағдай қалыптасты. Kurs.kz сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Нұр-Сұлтан мен Алматының ақша айырбастау пункттері доллар мен еуро сатуды тоқтатты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұған дейін 27 ақпан күндіз елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 466 теңгеден, ал еуро 517 теңгеден сатылған. Алайда кешке қарай АҚШ валютасының саудасы тоқтады. 28 ақпан таңнан бері мүлде доллар сатқан жоқ.

Ұлттық Банк «Қазақстан қор биржасы» бірлесе отырып теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық ережелерін өзгерту туралы шешім қабылдады.

28 ақпанда сауда Франкфурт аукционы форматы бойынша сағат 15:00-де ашылады немесе биржалық сауда уақытша тоқтауы мүмкін. https://7kun.kz/qazaqstan-qor-birzhasy-valiutalyq-saudany-tolyq-toqtata-turu-turaly-masele-koterui-mumkin/
25 viewsedited  07:23
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 23:57:53 PayPal заморозил возможность выводить на карты российских банков
28 views20:57
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 23:57:04
Банк ВТБ - Казахстан рас па?
27 viewsedited  20:57
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 22:00:15 Ұлттық банк шұғыл мәлімдеме жасады

Рубль бағамы шамадан тыс ауытқып, теңге бағамына әсер етсе және қажет болған жағдайда оның ықпалын төмендету үшін Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді.

Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Канада және АҚШ көшбасшыларының Ресейдің жекелеген банктерін SWIFT хабарларымен алмасу жүйесінен алып тастау, Ресейдің Орталық банкіне қатысты шектеу шаралары туралы кешегі мәлімдемесінен кейін рубльдің жағдай нашарлай бастады.
Оның артынан теңге де құнсыздана бастады.
Бүгін доллар +23 теңгеге қымбаттады. Доллар бағасы ертең де көтерілуі мүмкін.

https://7kun.kz/lttyq-bank-shugyl-malimdeme-zhasady/
10 viewsedited  19:00
Ашу / Түсініктеме