Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың аударымдарын | Tenge Online

Мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың
аударымдарын әкімшілендіруді жоспарлап отырған жоқ

Әлеуметтік желіде 2021 жылдың басынан бастап екінші деңгейлі банктерден мемлекеттік кірістер органдарына жеке тұлғалардың жеке шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәлімет ұсынуға міндетті екендігі туралы ақпарат белсенді таралуда.

Мәтінде көрсетілгендей, бұл ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістерде бекітілген.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл хабарламаны ресми түрде жоққа шығарады және ҚР Салық кодексіне 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін мұндай өзгерістер енгізілмегенін атап өтеді. Осыған байланысты МКК таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін хабарлайды.

@Tengeonline