Get Mystery Box with random crypto!

Tenge Online

Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online T
Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online
Арна мекенжайы: @tengeonline
Санаттар: Экономика
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 158
Арнадан сипаттама

Қаржылық сауаттылық
Қаржы, банк, банк өнімдері бойынша ақпарат, кеңес беру
Чат: https://t.me/ A2ZrWpBlNfMzZmMy

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2020-11-11 12:37:44
Биыл ломбардтар мен шағын несие ұйымдарының заңсыз әрекеттерінен 17 мың адам зардап шеккен

Қазақстанның Бас прокуратурасы елдегі қаржы пирамидаларының көпшіліг ломбард түрінде жұмыс істегенін анықтаған. Мұндай ұйымдар пайызды көтеріп, жасырын комиссиялар қойған.

Астана телеарнасына сұхбат берген Бас прокуратураның бөлім басшысы Мақсат Орақбаев ломбардтарға қатысты 910 әкімшілік іс қозғалғанын, мұның аясында хаттама негізінде 70 млн теңгеден астам айыппұл салғанын, мұндай қарыз берушілердің кесірінен қазақстандықтар 20 млрд теңгеден астам қаржысынан айырылғанын айтады.
Прокуратураның тексеруінен кейін мұның тек 130 млн теңгесі ғана қайтарылған.

Адамдардың сенгіштігі мен жылдам байып кетсем деген ойын пирамидалар жақсы пайдаланады.

Ешқашан қаржы қызметін ұсынатын компанияларға аз ақша салып үстеме пайызбен ақша, пәтер, көлік аламын, деген ой болмасын. Бұл үшін несиені тіпті алмаңыз. Әншілердің, шоу-бизнес өкілдерінің жарнамасына сенбеңіз.

@Tengeonline
63 viewsedited  09:37
Ашу / Түсініктеме
2020-11-10 13:28:40 Қазақстандықтар тұңғыш рет AliExpress-тегі 11.11 науқанындағы барлық жеңілдікті пайдалана алады https://7kun.kz/qazaqstandyqtar-tungysh-ret-aliexpress-tegi-11-11-nauqanyndagy-barlyq-zhenildikti-paidalana-alady/
63 viewsedited  10:28
Ашу / Түсініктеме
2020-11-10 12:29:53 Ұлттық қордың активтері бір айда $1 млрд азайды

Ұлттық қордың активтері қазан айында $1 млрд азайып, $56,3 млрд құраған. Бұған акция бағасының төмендеуі әсер еткен.

Сонымен қатар, республикалық бюджетке 230 млрд теңге кепілді трансфертті жіберу мен пандемияның екінші толқынына байланысты қаржы нарығындағы өзгерістер әсер еткен.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында айтты.

Досаевтың айтуынша қазан айында Қазақстанның Халықаралық резервтері де 1,3% азайып, $89,9 млрд, Ұлттық банктің алтын-валюта резерві $200 млн азайып, $33,6 млрд құрады.

ҰБ алтын-валюта резервінің азаюына мемлекеттік қарызды төлеу мен интервенция жүргізу себеп болған.

@Tengeonline
62 viewsedited  09:29
Ашу / Түсініктеме
2020-11-10 10:53:17 Теңгенің нығаюына әсер еткен не?

Бүгін қор биржасындағы сауда-саттық теңгенің құны нығайып, 1$/430 деңгейінен түсті. Қазір 428,70-429,20 аралығында саудалануда, орташа алғанда кешегі сауда-саттықтың орташа бағамынан 2,2 теңгеге нығайды.

Бұған не әсер етті? ҚР Ұлттық банкі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұған
Pfizer және BioNTech фармацевтикалық компаниялары коронавирустан вакцинаны әзірлеудегі жетістіктері туралы жаңалықтар әлемдік қор нарықтарына жақсы әсер еткен.

Дүйсенбіде Brent маркалы мұнай бағасы жұма күнгі жабумен салыстырғанда $42,4 дейін рекордтық 7,5%-ға өсті. Сауда-саттық барысында мұнай бағасы бір баррель үшін 43,48-ға долларға жетті немесе 10%-ға өсті.

АҚШ-тың негізгі қор индекстері де аптаны өсумен ашқан. S&P500 ауқымды нарық индексі 1,2%-ға, ал Dow Jones 2,9%-ға өсіп, тарихи рекордтарды жаңартты. Жапонияның Nikkei индексі 25100-ден астам тармақ деңгейіне дейін өсті. Бұған АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысы мен COVID-19-ға қарсы вакцинаның сәтті сынақтары туралы жаңалықтар әсер еткен.

Бұл дамушы елдердің валюталарына да әсер етіп, түрік лирасы – 5,3%-ға, Оңтүстік Африка ранды және Ресей рублі – 1,4%-ға, Мексика песосы – 1,3%-ға, Индонезия рупиясы – 1,0%-ға өсті. Қазақстандың теңге құнының қор нарығындағы сауда-саттықты өсіммен бастауының да басты себебі осы.

@Tengeonline
62 viewsedited  07:53
Ашу / Түсініктеме