Get Mystery Box with random crypto!

Tenge Online

Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online T
Telegram арнасының логотипі tengeonline — Tenge Online
Арна мекенжайы: @tengeonline
Санаттар: Экономика
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 158
Арнадан сипаттама

Қаржылық сауаттылық
Қаржы, банк, банк өнімдері бойынша ақпарат, кеңес беру
Чат: https://t.me/ A2ZrWpBlNfMzZmMy

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-01-21 09:40:44 Қазақстанда төлемдердің 77,6% интернет арқылы жасалады

2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында карта немесе смартфон көмегімен 64,3 трлн теңге төлем жасалған. Бұл – барлық төлемнің 77,6%-ы. Ал 18,6 трлн теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Республика бойынша интернетпен төленген әрбір 10 теңгенің 6-ы Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына тиесілі.
Интернет аударымдардың 43,3% (27,8 трлн теңге) Алматыда жасалған. Одан кейін Нұр-Сұлтан (7,7 трлн теңге) мен Шымкент (4,4 трлн теңге).

@TengeOnline
9 viewsedited  06:40
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 08:48:53 Бизнесмен Кеңес Рақышев пен «Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова «Қазақстан халқына» қорына 1 миллиард теңге аударады

Қордағы жалпы қаражат көлемі 20 млрд теңгеге жетті.

@TengeOnline
10 viewsedited  05:48
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 16:06:15 Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінде қаржылық сауаты төмен адам қайдан жүр?

Мәжіліс депутаты, «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі
Ирина Смирнова Хабар24 арнасына сұхбат беріп отырып «Пандемия кезінде біздің Kaspi Bank, Ломтадзе $1 млрд байыды. Ол оны қайдан алды? Біздің кедей халықтан алғаны түсінікті», деп лақ еткізді.

Ирина Владимирқызына, ой Ирина Владимировнаға түсіндірейік, пандемия кезінде Kaspi-дің капиталы $5-тен $25 млрд өсті. Сәйкесінше акционерлерінің табысы $1 млрд. Алайда ол қолма-қол ақша емес. Акциялық табыс. Банктің капиталы халықтан алған ақша көлеміне байланысты емес, оның акциясының құнының жоғарылауына байланысты өседі. Егер акция құны жоғарыласа демек әлемдік деңгейдегі инвесторлардың аталған банкке сенімі жоғары. Kaspi-дің қаржы саласындағы инновациялық өнімдері мен қызметтері әлемдік деңгейде мойындалғаны.

Депутат ханымнан хайп пен арзан популизмнің орнына қаржылық сауатты мәлімдемелер күткен едік. Сіз эмоциямен, аузыңызға келгенін айта беретін асүйде отырған адам емессіз. Білдей бір депутатсыз, оның ішінде қаржы және бюджет комитетінің мүшесісіз, сонымен қатар Қазақстан халқына көмектесу үшін құрылған, қазір 12,5 млрд теңге жиналған, оның ішінде 10 миллиардын сіз айтып отырған Kaspi берген қордың қамқоршылар кеңесінің мүшесісіз. Бірақ, неге сонша қаржылық сауатыңыз төмен? Бұл мәлімдемеңіз алдымен депутаттар корпусының, сізді қорға таңдаған адамдардың беделіне нұсқан келтіріп отыр. Мүмкін мандатыңызды тапсырып, қордағы орныңызды қаржылық сауаты жоғары, арзан хайп пен популизмнен гөрі шын мәнінде пайдалы мәлімдемелер жасайтын адамға берерсіз? Сіз кетсеңіз ешкім ештеме жоғалтпайды.

@TengeOnline
16 viewsedited  13:06
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 14:36:07 Тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың да несиелері кешіріледі

Бұған дейін тек қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан қауіпсіздік қызметкерлерінің ғана қарыздары кешірілетіні хабарланған.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан азаматтардың несиелері есептен шығарылады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚРҚҚА) Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Нұсқаулыққа сәйкес тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің несиелері есептен шығарылады. Дәл осындай жұмыстар тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың тізімдері бойынша жүргізіледі", – деді Терентьев.

@TengeOnline
16 viewsedited  11:36
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 12:09:04 Қазақстанда қанша банкомат бар?

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше Қазақстанда 12,5 мың банкомат бар. Олардың басым бөлігі, атап Алматы қаласы (2,4 мың) мен ел астанасында (1,5 мың) орналасқан. Одан кейінгі орында Түркістан (1,1 мың) мен Қарағанды облысы (1 мың), Шымкент қаласында (1,1 мың).

Елдегі 22 банктің 13-інде банкомат бар. Олардың ең көпшілігі Halyk Bank 3,7 мың, Kaspi 2 мың және Jusan 979 дана тиеселі. Олардың басым бөлігі Алматыда орналасқан - Halyk Bank (389 дана), Kaspi (381 дана) және ForteBank (194 дана).

@TengeOnline
18 viewsedited  09:09
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 12:01:22 «Қаңтар оқиғасы» кезінде қаржы ұйымдары қанша шығын шекті?

Оқиға кезінде қаржы саласындағы 86 субьект зардап шеккен.
Банктердің жалпы шығыны шамамен 4,1 миллиард теңгені құрайды. Оның 1,6 миллиарды ұрланған, бүлінген банкоматқа тиеселі. Бүлінген банкоматтардан 507 млн теңге ұрланған. 871 млн теңгенің техникасы бүлінген. Бөлімшелерді қирату, тонаудан келген шығын 757 млн теңге. Жалпы шығынның 99% Алматы қаласына тиеселі.

Ал микронесие ұйымдарының шығыны 653 млн теңге, оның 348 млны алматыдағы МКО-ларға тиеселі.

@TengeOnline
18 viewsedited  09:01
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 11:46:06 2021 жылы Қазақстан шетелге 12 103 дана көлік сатқан

Қазақстандық автобизнес ассоцияциясы баспасөз қызметінің мәліметінше 2021 жылы қазақстандық автокөліктердің экспорты 49% өскен.

Ресей, Өзбекстан, Беларусь және басқа да елдерге 12 103 дана көлік сатылған.

2020 жылы 8 122 көлік сатылған. Өсім 49%.

Ішкі нарыққа автөкөлік тапшы, салондар бос. Сонда да экспортқа кеткен бе? Әлде қандай да бір міндеттеме бар ма? Мұны қауымдастық айтпаған.

@TengeOnline
15 viewsedited  08:46
Ашу / Түсініктеме
2022-01-15 16:53:55 Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорының реквизиттері белгілі болды.

Бұл қорға мына реквизиттер бойынша ақша аударуға болады:
«Қазақстан халқына» ҚҚ
БСН 220140006999
ИИК KZ52722S000011856768,
«Kaspi Bank» АҚ
БИК CASPKZKA,
КБ 18

Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталады. Қордың арқасында төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмек көрсетеді, әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады.

Бұған дейін Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына 10 миллиард теңге аударатыны туралы хабарланды.

@TengeOnline
11 viewsedited  13:53
Ашу / Түсініктеме
2022-01-15 16:43:51 Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударады

Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Kaspi.kz және компанияның негізгі қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе қорға 10 млрд теңге аударады.

Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталады. Қордың арқасында төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмек көрсетеді, әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады.

@TengeOnline
11 views13:43
Ашу / Түсініктеме
2022-01-10 09:24:58 Экономикаға шығын 100 млрдқа жуықтады

Бүгін "Атамекен" ҰКП өткен тәуліктегі толқулар кезінде бизнеске келген шығын 93,7 млрд теңгеден асқанын хабарлады. Оның ішінде Алматыда 92,2 млрд теңге.

Бұдан бөлек интернеттің өшірілуі де шығын әкеледі. Netblocks есебінше Қазақстанда 24 сағат бойы интернетті өшіру шығыны $78 млн немесе 33,5 млрд теңгені құрауы мүмкін.
15 viewsedited  06:24
Ашу / Түсініктеме