Get Mystery Box with random crypto!

Миа Хэммның оқиғасы немесе ішпыстырарлық іспен айналысу Қазір | СтудХакер🌍

Миа Хэммның оқиғасы немесе ішпыстырарлық іспен айналысу

Қазір түнгі сағат 3. Мен компьютерде.. SQL деген программалау тілін оқып, қатты қиналып отырмын. 1 функцияны орындау үшін бүгінгі күнім толық кетті. Басым жетпей жатыр

Бұл негізі қызық сезім. Бәрі ұйықтап жатыр, немесе ұйықтамағандардың көпшілігі әлеуметтік желілерде отыр. Ал сен ішпыстырарлық, қызықсыз, қиын бірнәрсені үйреніп жатырсың. Но осы бір қиын нәрсе, сенің 2 жылдан кейін нереально мықты болуыңа қатты әсер етеді. Бірақ, қазіргі период онша емес.

Осы жерде Миа Хэммның оқиғасы есіме түсіп кетті. Бір күні Солтүстік Каролина футбол командасының тренеры Энсон Дорранс.. таңғы 6да... стадионның жанынан өтіп бара жатқан кезде, бір қызды көреді. Дала жартылай қараңғы болса да, ешбір адам баласы жүрмесе де, ана қыз бар жан-тәнімен жаттығу жасап жатыр еді.

Кейін тренер сол қыздың үстеліне хат қалдырып кетіпті. Хатта: "өзіңді чемпион ету деген сөз - ешкім көрмей тұрса да, сен жалғыз болсаң да, өзіңді барынша жаттықтыруың, соңғы теріңе дейін жұмыс жасауың" деп жазып қалдырған екен.

Кейін сол қыз, яғни Миа Хэм әлемдік спорт тарихындағы ең үздік спортсмендердің қатарына кіріп, бірнеше жыл үздік футболшы атағын алды.

Бұл оқиға менің есімнен өмір бойы ұмтылмайтын шығар, бәлкім. Шынында да, өмірде адамдар жалғыз қалғанда, немесе маңызды сәттерде, өзін қолға алу керек кездерде, өз өздерін жоғалтып жатады. Но, дәл сол сәттер сенің қандай болатыныңды анықтайтын секілді.

Достарыңның арасында, күндіз болсын, түнде болсын, ойнап күліп, қалағанша жүре берсең болады. Бірақ, ешқашан маңызды уақыттардың болу керектігін, өзіңді қолға алу уақыты бар екенін ұмытпау керек деп ойлаймын.

Внимание-ға барлығы зәру заманда, сен внимание бар кезде ғана іс әрекет істегің келуі мүмкін. Бірақ, досым, біз сені көрмесек те, сен бізді көрмесең де, барлық периодта мықты бол) Басқалар білмегенмен де, естімегенмен де, сенің барлық іс әрекетің саған қайта оралып келеді..