Get Mystery Box with random crypto!

Тағы бір маңызды нәрсе Төбедегі 'біз' деген сұрақты бірден қо | СтудХакер🌍

Тағы бір маңызды нәрсе

Төбедегі "біз" деген сұрақты бірден қою әрине мүмкін емес. Көріспей, сезінбей жатып, ол сұрақты кімге қойсаң да, сен ешқашан дұрыс/саналы жауап бере алмайсың.

Инстаграмнан/вкдан: "өзіңнің адамыңды күт, өз құныңды түсірме, ешкіммен кездеспе" деген суреттерді адамдар репост жасап жатқанда түсіне бермеймін. Менің ойымша, адам екінші адам өзіне сай келе ма/келмей ма деген сұраққа, өздігінен, сырттан ешқашан жауап таба алмайды.

Мен қаншама жұпты көрдім, екі адамда бір бірін жұп ретінде көрмеген, бірақ белгілі бір уақыттан кейін, ойлары түбегейлі өзгерген. Екінші адамға мүмкіндік беру, бір біріңді жақын танып көру үшін, 1-3 арасындағы кездесу қалыпты дұрыс нәрсе деп ойлаймын. Керісінше, бірден бас тарту қате, себебі, дәл сол адам мүмкін сенің бақытың шығар, ал сен шешімді ерте қабылдап, қандай маңызды мүмкіндіктен бас тарттың.

Сол үшін қандай да бір адам, бір адаммен кездессе:

-ол омен жүреді
-ол, ол оны жақсы көреді
-2-3 рет кездесіп, сөйлеспей кетіпті
-олар жұп уже
-ууу, бақыыт

деген нәрселерді бірден айтудың қажеті жоқ. Керісінше, ондай адамдардың бір біріне мүмкіндік беруі, сол танығаннан кейін қосылса да/ қосылмаса да, олардың саналы іс әрекет жасағанын білдіреді.

5 жыл идеальный адамды күтіп, соңында оның басқа адам екенін білгенге қарағанда, жаныңда жүрген адамдардың қандай екенін білу де, кейде маңызды. Кездесу/сөйлесу - ғашық болу дегенді білдірмейді.

Айтады ғой, адам дұрыс жар таңдау барысында ешқашан шаршамау керек. Бұл нәрсенің өзі үлкен еңбек, үлкен процесс..