Get Mystery Box with random crypto!

Биыл коронавируспен күресу үшін бюджеттен 100 миллиард теңге б | Жаңалықтар - Stan.kz

Биыл коронавируспен күресу үшін бюджеттен 100 миллиард теңге бөлінбек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Бұл қаржы вакцинаны алдыруға, науқастардың еміне және денсаулықтарын қауіпке тігіп, науқастармен тікелей жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне байланысты есептелінді. Әрине алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл қаражат алты есеге аз. Себебі былтыр науқастар саны көп болып, бос орындар саны азайды. Ал қазір жағдай былтырға қарағанда едәуір жақсарды. Әзірге биылғы жылға жоспарланған қаржының мөлшері осындай”,- деді министр.

t.me/stankznews