Get Mystery Box with random crypto!

SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы S
Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы
Арна мекенжайы: @sn_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 803
Арнадан сипаттама

Ресми ақпаратта айтылмайтын оқиғалар туралы білгің келсе, парақшамызға міндетті түрде жазыл!

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-07-26 14:55:46
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-де өткен брифинг кезінде қантты соңғы рет қашан және қандай бағада сатып алғаны туралы сұраққа жауап берді.

Бақыт Сұлтанов екі апта бұрын ірі сауда орталығынан 470 теңгеге қант сатып алғанын мәлімдеді. Қазір оның айтуынша, ол жерде құмшекерді 480 теңгеге сатып алуға болады.

"Мен жағдайды көріп-біліп отырмын. Жеке басыма қатысты сұрақ қойған екенсіздер – мен қантпен шай ішпеймін, балмен шай ішемін", – деп жауап берді Сұлтанов.
41 viewsedited  11:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 12:48:59
Сіздің өңірде қант бағасы қанша?
Anonymous Poll
18%
550-600 теңге
18%
700 теңге
50%
800-900 теңгеге жетіп қалды
14%
1000 теңгеден жоғары
22 voters57 views09:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 12:46:57
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қанттың әділетті бағасы неше теңге болу керектігін айтты.

«Мысалы, қант құрағының құны - шамамен 476 АҚШ доллары. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Логистика шығындары 110 АҚШ долларынан 290 АҚШ долларына дейін 2,6 есе өсті. Аталған фактілер отандық қант зауыттарында құрақ қантының өзіндік құнының қымбаттауына алып келді. Бүгінгі таңда зауыттар 1 килограмм қантты 450 теңгеге сатады. Бұл ретте 15% көтерме және бөлшек сауда үстемесін ескере отырып, қант құны шамамен келісіне 595-600 теңге болуы қажет», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол қантты әділетті бағамен сатпаудың салдарынан дүрбелең туындап, қантқа деген сұранысты шектен тыс арттырып жібергені туралы уәж айтты.
56 viewsedited  09:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 12:05:37
ОКҚ өткен брифингіде БАҚ өкілдері қос министрден базар-дүкенге қаншалықты жиі бас сұғатынын сұрады.

«Әрине, отбасылы адам болғандықтан үйімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Демалыс күндері уақытым болғанда дүкенге, базарға барамын. Әр отбасының өз аспаздық ұстаным-қалауы болады. Мысалы, палау пісіру үшін қымбатырақ ет алу керек болады дегендей. Әрине, азық-түлікті өзіміз сатып аламыз және бағалардың шамасын білеміз. Азық-түлік себетінің бағасы сөзсіз, ол өсті»,- деді Бақыт Сұлтанов.

Ал Ербол Қарашөкеев отбасына қажетті азық-түлікті бірге барып алуға қолы тие бермейтінін айтты.

«Өкінішке қарай, жұбайыммен, жанұяммен бірге азық-түлік сатып алуға баратын уақытым жоқ. Бірақ айына бір немесе екі рет жексенбі сайын отбасыммен азық-түлік сатып алуға тырысам. Жалғыз айта кететін дүние, біз әрдайым тек Қазақстанда өндірілген өнімдерді ғана аламыз. Бағаның айтарлықтай өскені сезіледі. Бірақ былтырға қарағанда картоп, сәбіз сияқты көкөністердің бағасы тұрақты болды», -деді ведомство басшысы.
63 viewsedited  09:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 09:06:05
Желіде Тоқаевтың Қағбаға кіру сәтінде түсірілген тағы бір видео пайда болды.

Кадрдан күзетшілер оны қоршап, қауіпсіздікпен қамтамасыз еткенін анық көруге болады.
71 viewsedited  06:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 08:59:05
Түнде Алматы әуежайында болған төбелес кезінде полицейлер қызметтік қаруларын пайдаланды.

Полицейлердің мәліметіне сәйкес, ішімдік ішкен 3 ер адам төбелес шығарған. Кейін оқиға орнына келген полицейлерге қарсылық танытып, сынған бөтелкені ала жүгірген. Мас азаматтарды ұстау үшін полицейлер аспанға оқ атыпты. Ұсталғандардың екеуі бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болғандар.
72 views05:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 08:56:38
Өткен аптада үйлену тойы дүркіреп өткен Ninety One мүшесі Дулат Мұхаметқали келіншегіне қатысты бар шындықты айтты.

Дулат Мұхаметқали әйелімен бірге ашыла сұхбат беріп, көпшіліктің көкейінде жүрген бірқатар сұраққа жауап берді. Олардың айтуынша, таныстықтары Ninety One тобының турнесі кезінде орын алған.

Әртістің сүйіктісі шоу-бизнес саласында танымал бет әрлеушілердің бірі болып табылады. Жадыра тіпті алғашқыда Дулатқа жігіт ретінде қарай алмаған. Сөзінше, оған жас айырмашылық себеп болған екен.

Сұхбаттың толық нұсқасы
68 viewsedited  05:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 09:40:57
Жапонияда жанартаудың атқылауына байланысты қауіптің ең жоғарғы деңгейі жарияланды.

24 шілдеде Кюсю аралындағы Сакурадзима жанартауы атқылады. Күл мен түтін 2,5 шақырым биіктікке көтерілген.

Жапония премьер-министрінің әкімшілігінің жанынан шұғыл түрде дағдарыс штабы құрылды.

Онда болып жатқан оқиғалар туралы соңғы ақпараттар келіп түсуде. Әзірге зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.
94 views06:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 07:35:26
Түркістан облысында қатты ыстықтан жол көтеріліп кетті

«Самара-Шымкент» тас жолында +47 градус ыстық салдарынан бетон көтеріліп кетті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына мәлімдеді.

Қазіргі таңда шұғыл жөндеу жұмыстары басталды.

«Қазіргі уақытта "ШымкентДорстрой ӨК" ЖШС мердігерлік ұйымымен ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде. Экскаватор, каток, КАМАЗ, жіккесу құрылғысы және 10 жұмысшы жұмылдырылған. Кеш батқанға дейін жол жүру толық қамтамасыз етіледі. Жылдамдықты шектен асырмай, мұқият болуды сұраймыз! Осындай жағдайларға куә болсаңыз, шұғыл 1403 call-орталығына хабарлауыңызды өтінеміз»,— деп жазды компания.
30 views04:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 07:02:15 Бір тәулікте 2 мыңнан астам адам Covid-19 жұқтырды

Ең көп тіркелген қалалар:

•Астанада 800-ден астам жағдай

•Алматыда 532 жағдай тіркелді.
36 views04:02
Ашу / Түсініктеме