Get Mystery Box with random crypto!

SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы S
Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы
Арна мекенжайы: @sn_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 803
Арнадан сипаттама

Ресми ақпаратта айтылмайтын оқиғалар туралы білгің келсе, парақшамызға міндетті түрде жазыл!

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-08-01 11:32:16
Қазақстанда халық саны 2050 жылға қарай 27 миллионнан асуы мүмкін.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, егер елде 2021 жылғы туу және өлім көрсеткіштері сақталса, 2030 жылға қарай қазақстандықтар саны 20 миллион 958 мың, ал 2050 жылға қарай 27 миллион 192 мың адамға жетуі мүмкін.

Ал туу көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы көш басына шығады. Зерттеу нәтижесі бойынша, мұнда адам саны 2,8 миллион адамға жетуі мүмкін.
11 viewsedited  08:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 08:37:13
Алматыда белгісіз біреу жедел жәрдем көлігін ұрлап кеткен. Куәгерлер полицейлердің көлікті Саяхат автобекеті маңында қуғанын мәлімдеді.

Алматы полициясы мәліметінше, 31 шілдеде сағат 21.45-те Құлжа тасжолы бойындағы тұрғын үй кешені аумағынан BMW көлігі ұрланғаны туралы хабарлама түскен.

Көп ұзамай Есік қаласына жеткенде, қарсы жолаққа шығып, Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол жол апаты болған жерден қашып кеткен.

Куәгерлердің жедел жәрдем шақырғанын білген ұры дәрігерлердің көлігін де ұрлап кетуді көздейді. Осылайша қалаға келген ұры полицейлердің қолына түскен. Медициналық сараптама нәтижесінде 1994 жылы туған күдіктінің есірткі тұтынғаны анықталды.
35 views05:37
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 08:27:29
Қазақстандық Камил Куруглиев еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды.

Қазақстандық балуан финалда Муса Ашрункаевпен белдесті. Нәтижесінде қарсыласынан 11:0 есебімен басым түсті. Ол бұған дейін 30 шілдеде жартылай финалда 92 келі салмақта АҚШ елінің өкілі Максвелл Райан Макенеллиді орта жолда қалдырып кеткен болатын. Белдесу барысында ол сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 12:2 есебімен басым түсті.

Бұл – Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы бесінші жүлдесі.

Осыған дейін Дарын Әскербек алтын жүлде, Арсен Жұма, Юсуф Ашрапов және Алина Ертөстік қола жүлдеге ие болды.
34 viewsedited  05:27
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 06:28:27
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің жеңімпазы атанды.

Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Катажина Кава - Алисия Росольскамен өнер көрсетті.

Бірінші партия барысында К.Кава мен А.Росольска 3:1 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық-германиялық жұп таразы басын аудара білді - 6:4.

Екінші сетте есеп 4:5 болған кезде де Данилина мен Фридзам брейк жасай алды - 5:5.

Осылайша, Анна Данилина өз спорт жолында жұптық сында үшінші рет WTA жарысының чемпионы атанды. Өткен жылы Гданьск (Польша) қаласында үздік шықса, биыл жыл басында Сиднейде WTA-500 турнирінің жеңімпазы болған еді.
57 viewsedited  03:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 06:00:04 ​​Кеше түстен кейін Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишов суға батып кетті. 

«Ақ Жайық» газетінің мәліметі бойынша бұл жағдай Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болған. Әкімнің жанында адам болғаны-болмағаны - белгісіз. Ринат Джанглишов суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылған. 

Денесі әлі табылған жоқ. Ақпаратты аудан әкімдігінің қызметкерлері де растап отыр. 
61 viewsedited  03:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:49:57
Алматылық жүргізуші қызды зорламақшы болғандардан аман алып қалды

Алматы полициясы 29 шілдеге қараған түні жеке секторда тіркелген зорлауға әрекеттену дерегін тергеп жатыр

Бұған дейін Желіде қыздың видеосы тараған еді. Кадрларда қыз көлікті тоқтатып, жүргізушіден құтқаруын сұрағаны түсірілген. Видеода қыздың артынан қуып келе жатқан ер адам байқалады.

"Алматы Полиция департаменті 2000 жылы туған Б-ны зорлауға әрекеттену дерегін Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатқанын хабарлайды. Жәбірленуші қыз оқиғадан біраз уақыт бұрын алкогольдік ішімдік ішкен таныстарының бірінен күдіктенеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Тергеу тобы құрылған. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
66 views10:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:43:45
Жамбыл облысынан келген 25 жастағы ана тұрғын үйлердің кіреберістерінен сәбилерге арналған бөтен арбалар мен велосипедтерді еш қымсынбастан алып шыққан.

«Әйел бейнебақылау камераларынан түк қорықпаған, сондай-ақ жанында жүрген кішкентай қызының көзінше бірнеше рет қылмыс жасаған. Қазір азаматша А. бөтеннің мүлкін ұрлаудың 8 фактісіне қатысты тергелуде», - деді полицейлер.

Осыған қатысты заңгер Айгүл Орынбек те пікір білдірген еді.

«Оранған қыздарды «періште» көретіндер мына видеоны көріп не айтар екен» - Айгүл Орынбек
68 viewsedited  10:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 12:55:31
Қазақстанда әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін

Премьер-министр Әлихан Смайылов өз қаулысымен Ақпарат және қоғамдық даму минисьрлігіне жаңа өкілеттіктер берді.

Бұған дейін Алматыда әлеуметтік желіні бұғаттауға қарсы митинг өткен еді.
70 viewsedited  09:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 08:07:04
Танымал мәнерлеп сырғанаушы болған Денис Теннің сценарийімен түсірілген «Соқыр махаббат» фильмі кинотеатрларда көрсетіле бастады.

Қайғылы оқиғадан бір ай бұрын, 2018 жылдың маусымында Денис Тен фильм сценарийін Screenlife Contest байқауына жолдаған және финалистер қатарынан көрінген.

Түсірілім жұмыстары с портшы өлімінен кейін 2019 жылы басталған. Оған Венеция кинофестивалінің жеңімпазы Чак Че режиссерлік етсе, танымал режиссер Тимур Бекмамбетов пен Денистің анасы Оксана Тен бас продюсер болды.

Фильмнің жалпы ұзақтығы – 33 минут, түсірілім тобы Денистің бастапқы сценарийін барынша өзгеріссіз қалдыруға тырысқан.

Бұл туындының қалай түсірілгені туралы Қанат Бейсекеевтің «Фильм туралы фильмі» қоса көрсетіледі. Деректі фильмде Денистің ағылшын тілінде жазған өлең шумақтары, әндері кинокартинада көрсетілетіні айтылған.
88 viewsedited  05:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:55:42
Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің офицері көз жұмды. Қазір құзырлы органдар әскеридің өліміне қатысты тергеу бастады.

27 шілдеде Қордай аудандық ауруханасындда ҰҚК Эамбыл облысы бойынша шекара қызметінің офицері Азат Үмбетұлы көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша миына қан құйылу өлімнің себебі болған. Аталған дерек бойынша ІІМ Оңтүстік аймақтар бойынша әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

ҰҚК шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
88 viewsedited  04:55
Ашу / Түсініктеме