Get Mystery Box with random crypto!

SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы S
Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы
Арна мекенжайы: @sn_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 803
Арнадан сипаттама

Ресми ақпаратта айтылмайтын оқиғалар туралы білгің келсе, парақшамызға міндетті түрде жазыл!

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-07-27 13:20:19
Ресей мемлекеттік думасы Украинаны «террористік мемлекет» деп тану жөніндегі заң жобасын талқыламақ.

Заң жобасын «Справедливая Россия - За правду» фракциясы әзірлеген.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, құжатта «терроризмге демеушілік еткен» елдерді де «террористік» деп тану жөнінде бап бар. Нақтырақ айтқанда, Украинаға әскери көмек көрсеткен елдер де лаңкестер қатарына жатқызылмақ. Ресей Үкіметіне олардың тізімін жасау жүктеліпті.

Бұдан бөлек, жаң жобасында «елді мекендерге жарылыс жасап, адам өміріне қауіп төндірген», «заңсыз қарулы қылмыстық топ құрған», «Ресейдің территориялық тұтастығын бұзған немесе соған үндеген» мемлекеттер «террористік» деп тану көзделген.

«Террористік» деп танылған елдермен Ресей барлық дипломатиялық қарым-қатынасты үзбекші.
17 viewsedited  10:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 13:05:37
Алматыда таксист Италия азаматшасын әуежайдан қонақ үйге дейін Т45 мыңға апарған.

«Италиядан келген қонақ Алматы әуежайынан қонақ үйге дейін 45 мың теңге төлеген», - деді көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Оның айтуынша, полицияның желілік бөлімшесіне Алматы әуежайынан қала тұрғыны хабарласып, Италия азаматшасын әуежайдан қонақ үйге дейін әдейі көтерілген бағамен жеткізген белгісіз такси жүргізушісіне қатысты шара қолдануларын сұраған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында көліктегі полицейлер жеке такси жүргізушісін анықтады. Ол 48 жасар Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам шетел азаматшасын әдейі жаңылыстырып, әуежайдан Бөгенбай батыр көшесіндегі қонақ үйге дейін жоғары баға айтқан. Ол келтірілген зиянды өтеді. Құқықбұзушы ҚР ҚӘқБ 449 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деді Айтуғанов.
23 viewsedited  10:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 12:30:10
Қазақстан заңсыз шығарылған капиталды халықаралық соттардағы талап-арыздар арқылы қайтаруы керек. Мұндай пікірді Atameken Business телеарнасында экс-сенатор Уәлихан Қайсаров пен тәуелсіз қаржы талдаушы Андрей Чеботарев айтты.

Активтерді қайтару науқанының тиімділігіне (Бас прокуратура мәліметі бойынша, 230 миллирад теңге қайтарылған) пікір білдірген қос спикер де бұл үдеріс тез болмайтынын айтты. Қазақстанның талаптары халықаралық соттарда қаралған жағдайда жеке активтерді қайтару бес жылдан жеті жылға дейін созылуы мүмкін.

Экс-сенатордың айтуынша, қазір капиталды қайтару ерікті-міндетті негізде жүріп жатыр.

"Бұл жерде мәселе күрделірек. Осыдан үш-төрт жыл бұрын тәуелсіздік жылдарында Қазақстаннан 500 миллиард доллар шығарылған деген есеп бар. Мен сенатор болған кезімде де Қазақстаннан айына төрт-бес миллиард доллар шығарылғанын білемін. 500 миллиард доллар деген көрсеткіш шындыққа жақын болуы мүмкін, - дейді ол.
28 viewsedited  09:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 09:23:12
Мемлекет басшысы Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Гарибашвилиге ілтипат білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын, сондай-ақ бірлескен күш-жігерді жұмылдырудың маңызды екенін атап өтті.

– Сіздің сапарыңыз табысты болады деп үміттенемін. Сапарыңыздың бағдарламасы өте тығыз екенін, Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретін бірқатар кездесу жоспарланғанын білемін. Бізді достық және көпжақты ынтымақтастықтың берік арқауы байланыстыратынын айтқым келеді. Біздің міндетіміз – осы достық қарым-қатынастарды жалғастыру және одан әрі дамыту, – деді Президент.

Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
46 views06:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 08:39:25
Елімізде 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады.

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері мәлімдеді.

Жол қозғалысы туралы заңға тиісті өзгеріс биылдан қалмай енгізіледі. Жаңа талапқа сай электросамокат иелері қозғалыс құралына жарықтандырғыш орнатуы міндеттеледі. Бұған дейін аталған көлік түріне арналған ереже бекітілген болатын.

Электросамокатпен тек бір адам жүруі қажет және қозғалыс жылдамдығы сағатына 25 километрден аспауы тиіс.
50 views05:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 07:52:50
Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов арасындағы бес сәйкестік

Біріншіден, екеуі де бір айда, бір күнде дүниеге келген екен. Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы, Айдын Айымбетов 1972 жылы туған. Жұлдызнама белгілері - арыстан. Астрология ғылымында бір күні дүниеге келген адамдарды «жұлдызды егіздер» деп атайды.

Екіншіден, Тоқтар Оңғарбайұлы да, Айдын Ақанұлы да бір оқу орнын бітірген. Жоғарғы әскери училище түлектері. Тоқтар Әубәкіров 1969 жылы, ал, Айдын Айымбетов 1993 жылы оқуды аяқтаған. Арасы – 24 жыл.

Үшіншіден, бірі ғарышқа 1991 жылы ұшса, екіншісі 2015 жылы көк жүзіне көтерілді. Арасы тағы да 24 жыл.

Төртіншіден, Тоқтар Оңғарбайұлы 2 қазан, ал, Айдын Ақанұлы 2 қыркүйек күні ғарыш сапарына аттанды. Күнтізбеге қарасаңыз, екеуі де аптаның сәтті сәрсенбісіне тура келеді.

Соңғы және ең қызықты сәйкестік, Тоқтар Оңғарбайұлының ғарышқа ұшқандағы командирі Александр Волков болды. Ал, Айдын Ақанұлының командирі - Александр Волковтың ұлы Сергей Волков.
63 viewsedited  04:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 07:05:21
Бүгін қазақтың қос ғарышкерінің туған күні

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 76 жасқа, Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов 50 жасқа толды.

Сіз ғарышкерлердің арасында тағы қандай сәйкестіктер бар екенін білесіз бе?
68 viewsedited  04:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 06:37:16
«Қазгидромет» РМК 27 шілде күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, желдің күші 20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ болжанады.
Түнде Ақмола облысының батыс бөлігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ болады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ болжанады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде 36 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
70 viewsedited  03:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 19:14:51
Айя есімді атышулы трансвестит жаңа жасын дүркіретіп тойханаларлың бірінде атап өтті.

Өзі сияқты бір топ трансгендерлерді аталған кешке жинап тос беріп, қазақтың шапанын кигізген және алтын сақина, жүзік таққан.

Туған күнін қазақ асаба жүргізіп, оларға бақыт тілеп тұрған.
Бұл қылығы желі оқырмандарының ашуына тиді. 

«Алланың назарында, бақыттың базарында бол! Дастарқаның тек жақсылыққа жайылсын. Мені құрметтеп шақырғаныңа рахмет, менде сені сыйлаймын», - деп тілектер айтылды.

Желі оқырмандары «Сорлылар, шапанды қор қылмаңдар», «Лайық емессіңдер», «Масқара», «Той тойлап жатыр ғой», «Қазақтың дәстүрімен дейсің ғой», «Ұят қой мынау жігіттер», «Көрсем ұрыыып, өлтіретін едім», деп пікір жазып жатыр.
95 views16:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 18:58:12
Шымкенттегі Денсаулық сақтау саласында елордадан келген басшылық сапарына қатысты дау-дамай өршіп тұр. Бұл туралы  @kozachkow телеграм арнасы жазды.

«Тексеріске келген басшылықты бірден қымбат мейрамханада қонақ еткен деген сыбыс бар, тіпті мейрамхананың шоты мен фотосуреттері мессенджерлерге белсенді түрде таратылып жатыр.

Осы жерде логикалық сұрақ туындайды, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері тексеруге келген адамдармен тамақтана ала ма?», деп жазады ол.
97 views15:58
Ашу / Түсініктеме