Get Mystery Box with random crypto!

SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы S
Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы
Арна мекенжайы: @sn_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 803
Арнадан сипаттама

Ресми ақпаратта айтылмайтын оқиғалар туралы білгің келсе, парақшамызға міндетті түрде жазыл!

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-08-02 12:57:06
Қазақстанның өзге мемлекеттерге қарызы – 160 млрд АҚШ доллары. 5 жылда бұл көрсеткіш шамамен 5 млрд долларға, яғни 2,8 пайызға азайған.

Мәселен, 2017 жылы Қытайға 12 млрд доллар қарыз болсақ, бүгінгі күні ол 9,7 миллиардқа қысқарды. Сондай-ақ, АҚШ, Жапония, Гонконг елдерінен алынған қарыз көлемі де кемігені байқалды.

Нидерландпен орнаған экономикалық қарым-қатынас, сол қалпында. Ал Ресейге берешегіміз керісінше 5 жылда 46,8 пайызға артқан. 2017 жылы 9,6 млрд доллар қарыз болсақ, бүгінде оның көлемі 14 млрдқа жетті.
37 viewsedited  09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 12:04:48
Елге танымал отбасылық әншілер - Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева Абай облысы, Ақсуат ауданындағы кеште фонограммамен ән айтқан.

Ақсуат ауылында шілде айының 29, 30, 31 күндері үш күн бойы өнер және спорт фестивалі өткен. Оған осы өңірдің тумасы, елімізге белгілі әнші Тоқтар Серіков өнердегі және өмірдегі серігі Бейбіт Сейдуәлиевамен бірге келген. Бірақ желі қолданушылары фонограммамен ән айтқанын жазып жатыр.

"Ешқайсысы жанды дауыспен айтпайды", "Қазір таңқалуға болмайды", "Сонда бұрыннан халықты алдап келген бе?", "Ұят болды", "Далада жанды дауыста айтудың қажеті жоқ, таза шықпайды", "Халықты алдау, фонограммаға тыйым саламыз дегендері қайда?", — деген сарындағы пікірлер көп.
49 views09:04
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 11:43:27
Бұрын Ресей президенті қызметін атқарған, қазір Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің ВК желісіндегі парақшасында арандатушылық пост жарияланды.

Постта Қазақстан "жасанды мемлекет" деп жазылған, сондай-ақ, "Солтүстік және Оңтүстік Осетия, Абхазия және Грузияның қазіргі аумағы тек Ресеймен біртұтас мемлекет ретінде біріктірілуі мүмкін" деген сөздер бар.

Медведевтің постында: "КСРО қатарында болған қуатты халықтардың барлығы қайтадан бірге бейбітшілікте және түсінікте болады. Киев пен КішіРесейдің барлығы аймағы босатылғаннан кейін біз мың жыл бұрынғыдай қайтадан мықты әрі қуатты ел боламыз", - деп жазулы.

"Осыдан кейін, Мәскеудің басқаруы арқылы барлық славян халқы бірігіп, Отанымыздың шекарасын қалпына келтіруге келесі қадамға барамыз, біздің шекарамыз ешқашан аяқталмайды", - деп жазылған Медведевтің постында.

Кейін бұл жазбаны Ресейдің бұрынғы президенті өшіріп тастаған.
54 viewsedited  08:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 07:08:55 SN.KZ - Күннің басты жаңалығы pinned «Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шыққанын хабарлады. Жақсы демалыс тілейміз!»
04:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 07:08:52 Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шыққанын хабарлады.

Жақсы демалыс тілейміз!
54 views04:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 19:27:28 ​​Кеше түстен кейін Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишов суға батып кетті.  «Ақ Жайық» газетінің мәліметі бойынша бұл жағдай Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болған. Әкімнің жанында адам болғаны-болмағаны - белгісіз. Ринат Джанглишов суға…
45 views16:27
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 13:41:42
Оралда ойын алаңындағы аттракционда баланың екі саусағын жұлып кеткен.

Анасының сөзінше, 13 жастағы ұлы достарымен аулаға ойнауға шыққан. Алайда біраз уақыттан соң досы қоңырау шалып, алаңға келуін сұраған.

"Ол баламның саусағын жұлып кеткенін айтты. Қалай жүгіріп барғаным есімде жоқ. Никитина көрдім, қарасам саусағының бөлігі жерде жатыр. Денем дірілдеп кетті», - дейді анасы Қарлығаш.

Әйел ұлын алдымен облыстық, кейін балалар ауруханасына алып барған. Алайда ауруханада екінші саусағын да буыннан кесуге тура келген. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. Дегенмен қауіпті аттракционды ойын алаңынан алып атстауға ешкім асықпайды дейді. Қала әкімдігінің өкілдері мұны кейінірек жасауға уәде берген.
42 views10:41
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 13:04:01 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.


По приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Папа Римский Франциск посетит Казахстан с государственным визитом 13-15 сентября 2022 года.

В рамках визита запланированы встречи с высшим руководством страны, а также участие в VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий.

t.me/bort_01
49 views10:04
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 12:41:24
Серік Ибрагимов карантин уақытысында ақшадан қиналып қалғанын «1001 түн» бағдарламасында айтып берді. Ол елімізде коронавирус шарықтамай тұрғанда үйінің құрылысын бастап, бірқатар тойға тапсырыс қабылдап қойған. Алайда шектеулерге байланысты барлық жоспары құрдымға кеткен.

«Екі рет 42500 теңге, үшіншісінде 20 мың теңгеден аса ақша алдым. Қажеттілік болды. Карантин басталмай тұрып үй салып бастаған болатынмын. Жұмысшыларды кіргізіп қойып, өзім концертте Атырауда жүрдім. Ақтөбеде, кейін Өскеменде бір айлық концертім бар еді.

Жан-жаққа концерттер қойып, алатын қаржымның жартысын алып тастағанмын. Тойлар қабылдап қойғанмын. Миыммен бәрін жоспарлап қойғанмын, бірақ Құдайдың жоспары басқа болып шықты. Дағдарыс болып, кішкене қиналып қалдым», - деп ағынан жарылды әнші.
51 viewsedited  09:41
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 12:28:26
Alash.online сайтында педофил мен адам зорлаушыларға жазаны күшейту және оларды түрмеден мерзімінен бұрын босатуды тоқтату туралы петиция пайда болды.

Аталмыш петицияның авторы: Жеңіс Сейілбек.

«Мектепте, пәтерде және тіпті қоғамдық орындарда, мысалы, Шымкенттегі лифтідегі оқиға – Қазақстанда зорлық-зомбылық оқиғасы жиілеп кетті. Былтыр Аяжан Еділоваға қатысты істі, биылғы кәмелетке толмағандар арасындағы мектептегі зорлық-зомбылықты, Жаркенттегі 15 жасар қызды зорлауды назардан тыс қалдыруға болмайды!

Мұның бәрі оларға қолданылатын жазаның жеңілдігі және олардың мерзімінен бұрын босай алатынының кесірінен.

Бір күні өз қызыңыз құрбан болмасына кім кепілдік бере алады? Адам құқықтары мықтап қорғалуы керек! Ал педофилдерді өлім жазасына кесіп, осы баппен сотталғандарды мерзімінен бұрын босатпау керек!» - деп жазады автор.

Толығырақ
50 viewsedited  09:28
Ашу / Түсініктеме