Get Mystery Box with random crypto!

SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы S
Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы
Арна мекенжайы: @sn_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 803
Арнадан сипаттама

Ресми ақпаратта айтылмайтын оқиғалар туралы білгің келсе, парақшамызға міндетті түрде жазыл!

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 235

2021-07-20 08:51:24 SN.KZ - Күннің басты жаңалығы pinned a photo
05:51
Ашу / Түсініктеме
2021-07-20 08:50:45
Барша мұсылман қауымын ұлық мереке Құрбан айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Айт мүбәрак болсын!
123 viewsedited  05:50
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 19:52:35
Цой Денсаулық сақтау министрлігінің алдында болған оқиғаға қатысты жауап берді

"
Бұл жерде жұмыс психологиялық тәуекелмен байланысты болғандықтан күрделі. Өкінішке қарай, іште жұмыс істеген әріптестеріміз де біраз зардап шекті. Бізге азаматтар келеді, біз күштік сипаттағы құралдарды пайдалана алмаймыз", - деді Цой өз сөзінде.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрлері мен өкілдері ашық сөйлесу үшін сыртқа шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, ондаған әйел Денсаулық сақтау министрлігінің алдына келіп, вакцинациялауды тоқтатуды талап етіп, вице-министрге тарпа бас салған болатын.

@sn_kz
135 viewsedited  16:52
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 15:15:54
Айтпаеваның өлімі: Қыздың денесінен туысы Мұрат Мейірбековтің ДНҚ-сы анықталды.

Биыл мамыр айында Грузияда белгісіз жағдайда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева ажал құшқаны белгілі.

Грузиядан тергеуге қатысты хабар келді. Әселдің ісі бойынша сараптама қорытындысы шыққан, онда Мейірбековтің ДНҚ-сы анықталыпты. Енді Грузия оған зорлады деген айып тағатын болды.

@sn_kz
129 viewsedited  12:15
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 13:20:03
«Қыркүйекке жоспарланған отандық QazVac вакцинасының өнеркәсіптік шығарылымын ескере отырып, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуді жеделдету қажет. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің жұмысы».

Президент айтқандай, екіжақты уағдаластықтар аясында QazVac-ты үшінші елдер нарығына ілгерілету жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың маңызы зор.

«Үкіметтен осы мәселені ерекше бақылауға алып, нәтижелері туралы бір ай мерзімде баяндауды сұраймын.Вакцинация мәселесінде отандық бизнестің ынтымақты ұстанымы өте маңызды. Өйткені ұжымдық иммунитетке қол жеткізбестен, бизнес үшін санитарлық шектеулерді толығымен алып тастау мүмкін емес», - деді Мемлекет басшысы.
123 viewsedited  10:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 13:04:25 SN.KZ - Күннің басты жаңалығы pinned a photo
10:04
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 13:03:15
Мемлекет басшысының қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр. Ақорданың баспасөз қызметі twitter-де отырыстың мәтіндік трансляциясын жүргізуде.

Соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кетті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын осы мәселені Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын. Бірақ, өкінішке қарай, жағдай жақсаратын емес. Керісінше, эпидемиологиилық ахуал нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі, - деді Президент отырыста.

Мемлекет басшысы өңірлердің басым бөлігі «қызыл» аймақта екенін айтты.

Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады. Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет, - деді Тоқаев.
111 viewsedited  10:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 11:00:12
Атырау облысындағы Нарын каналында балық қырылды

197 келі өлі балық жиналған. Себебі: су деңгейі тым төмендеп кеткендіктен, балыққа оттегі жетіспеген.

«
Бұл канал көптен бері жөндеу көрмегендіктен, арнасы ескіріп, су өткізу мүмкіндігі төмендеген. Сондай-ақ, «Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы тасжолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мекемелер айналма жолдарға шашатын суды осы каналдан алады», - деді облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.
110 viewsedited  08:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 10:57:26
ҚАР БАРЫСЫ «АЛТЫН-ЕМЕЛ» ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ЕКІНШІ РЕТ ФОТОТҰЗАҚҚА ІЛІКТІ

Бұған дейін «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде фототұзақ қар барысын тіркегенін хабарлағанбыз. Енді тағы бір жақсы жаңалық Қызыл кітапқа енген ерекше жыртқыш фототұзаққа тағы бір мәрте ілікті. Бұл жолы тұтас бір отбасы - аналық барыс және оның алдыңғы жылы туылған екі күшігі байқалды.

Мұның алдында фототұзаққа түскен барыс аталық еді.
107 views07:57
Ашу / Түсініктеме