Get Mystery Box with random crypto!

SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы S
Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы
Арна мекенжайы: @sn_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 803
Арнадан сипаттама

Ресми ақпаратта айтылмайтын оқиғалар туралы білгің келсе, парақшамызға міндетті түрде жазыл!

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2022-07-21 11:13:37
Қаржы мониторингі агенттігі рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатты. Олардың ішінде:

- Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;
- Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;
- Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;
- Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.

Аталған тұлғалар 14 шілдеде ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, оларға қатысты Алматы қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сонымен бірге, сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады. Ал Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын БАҚ-та Елдос Қоспаев Болат Назарбаевтың көмекшісі екені жайлы ақпарат тараған.
83 viewsedited  08:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 10:05:06
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демеші, Тоқаев Орталық Азия елдерін күш біріктіруге шақырды.
64 views07:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 09:22:27
72 views06:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 09:19:32
Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізу қажет - Тоқаев

«Көпжақты өзара іс-әрекеттің мығым экономикалық базасын қалыптастыру өзекті міндет болып қала береді. Соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанның Орталық Азиядағы өзге елдермен тауар айналымы 42 пайызға артып, 6,3 млрд долларға жетті. Өзара сауда-саттықты ұлғайта түсу үшін мол резервтің бар екенін ескере отырып, көз жетерлік келешекте бұл көрсеткішті мүмкіндігінше 15 млрд долларға дейін жеткізу қажет», - деді Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде.
72 views06:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 09:01:08 Орталық Азия бейбітшілік пен гүлденудің ауқымды аймағы болуы тиіс – ҚР Президенті

Бұл туралы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Күн тәртібінің басты мәселесі қауіпсіздік пен дипломатия саласындағы өзара іс-әрекетті нығайту болып қала бермек. Бұл Орталық Азия халықтарының гүлденуі үшін тиісті шарттарды қамтамасыз ету мақсатында өте қажет. Орталық Азия өңірі тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, жан-жақты ынтымақтастық, бейбітшілік пен гүлденудің ауқымды аймағы болуы тиіс», - деді Қазақстан Президенті.
70 views06:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 09:00:11
Жылқыны қасақана басқан жүргізуші 10 күнге қамалды

Ер адам мал иесімен келіскенімен, жазадан құтыла алмады. Өйткені, бұл жайтқа ауылдың басқа тұрғындары өре түре келген. Тіпті ер адамның үйінің алдына жиналып, наразылықтарын ашық білдірген болатын.

Оқиға осыдан 4 күн бұрын Алматы облысында болған. Қосөзен ауылының 38 жастағы тұрғыны жол талғамайтын көлігімен буаз жылқыны қасақана басып кетеді. Бұл әрекетін ол ауыл жылқыларының ауласына жиі кіріп, бау-бақшаны таптап кете бергесін жүйкем тозды деп түсіндірген.
67 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 08:39:56
Санаулы минуттардан кейін Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі басталды.

Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары қатысады.
72 viewsedited  05:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 06:58:06
Сүйінші!

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто әлем чемпионы атанды

Ол белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды. Бұл алтын медаль Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы бірінші «алтыны» болды.
82 views03:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 15:18:08
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) келді.

Ертең - 21 шілдеде өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысады.

Мемлекет басшысын әуежайдан Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы Транспорт министрі Эркинбек Осоев, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қарсы алды.

Жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырмақ.

Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.
59 views12:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 13:39:20
Қазақстанда 3 миллион гектар жайылым заңсыз берілген.

Ведомство мәліметінше, тек соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 миллион гектар бос және 3 миллион гектар заңсыз берілген жайылымды анықтады, олардың 5 миллион гектары мемлекетке қайтарылып, 4 миллион гектары айналымға тартылды.

"Зерттеу жұмысы учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын тудыратынын көрсетті. Осы себепті адал фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылады, бұл уақыт өте келе олардың тозуына алып келеді", - делінген хабарламада.
59 views10:39
Ашу / Түсініктеме