Get Mystery Box with random crypto!

SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы S
Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы
Арна мекенжайы: @sn_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 803
Арнадан сипаттама

Ресми ақпаратта айтылмайтын оқиғалар туралы білгің келсе, парақшамызға міндетті түрде жазыл!

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-07-28 13:06:05
Нұр-Сұлтан қаласындағы футбол алаңдарының бірінен 38 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«26 шілде күні сағат 10.11-де «102» арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті», – делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.
79 viewsedited  10:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 13:01:50
Қытайдың Ухань қаласында қайтадан локдаун жарияланды. Билік вирус белгілері жоқ төрт науқас анықталған соң қала маңындағы бір миллионға жуық тұрғыннан үйде отыруды талап етті.

Цзянся ауданының тұрғындарына алдағы үш күн бойы үйден шықпау жөнінде бұйрық берілді. Екі күн бұрын 12 млн халқы бар Ухань қаласында тұрғындарды әдеттегі тестілеу кезінде екі асимптоматикалық жағдай анықталған.

Содан кейін осы екі адамның байланыс тізбегі бойынан ауру белгілері жоқ тағы екі тасымалдаушы агықталған соң, билік дереу карантин туралы қаулы шығарды.
72 viewsedited  10:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:53:22
Тасаттық берген маңғыстаулықтардың тілегі қабыл болды: Ақтау көшелерін су басты

Қала тұрғындары табиғи апаттың салдарын видеоға түсіріп алған. Қалалық әкімдік коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Нөсерден кейін 5-ықшамаудандағы ағаш құлап, электр желісіне байланысты ақаулар пайда болған. Ал 14-ықшамаудан тұрғындары жарықсыз қалдық деп шағымданған.
70 views09:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 11:58:03
Қаржы мониторингі агенттігі Шығыс Қазақстан облысындағы жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының директоры А.Базархановаға 12 миллионнан астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы айтты.

"А. Базарханова 2013-2019 жылдар аралығында физиотерапиялық жаттығуларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған. Директор сабақты іс жүзінде өткізбей-ақ сабақ бергені үшін жалақы алды", ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ол мектеп-интернат қызметкерлеріне 6,5 миллион теңгеден астам сомаға қосымша төлемдер есептеп, қолма-қол ақшамен алынғаннан кейін директордың атына аударылған.
Іс жүзінде жұмысшылардың қосымша жұмыстарды орындамағаны атап өтілді.
81 viewsedited  08:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 09:20:59
Періштесі қақты деген осы болар!

Видеодан балақай баспалдақтармен көтеріліп болған соң 100 килограмдық пандустың құлап кеткенін көруге болады.

Сәл болмағанда ол қыздың үстіне құлап кетер еді.

ПИК-де бұл жағдайға олардың қатысы жоқ екенін, пандусты құрылысшы компания қойғанын айтып, жауапкершіліктен құтылыпты.

Оқиға Almaty City ТК-де орын алды.
697 views06:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 09:01:20
Қазақстанда 6 жоғары оқу орнын жабуға қатысты шешім сотта қаралып жатыр.

Бұл туралы білім және ғылым министрілігінде атқарған қызметін қорытындылаған қазіргі оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында хабарлады.

Асхат Аймағамбетов сапасы төмен университеттерді жабу бойынша қандай жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

«Академиялық дербестікті кеңейтумен қатар, жауапкершілігі төмен университеттерді жауып, сапаны қамтамасыз ете алмайтын ЖОО-ларды қайта бейіндеу бойынша күрделі жұмыстар жүргіздік. Нәтижесінде 15 ЖОО жабылды. Бұдан бөлек, қосымша 6 оқу орнын жабуға қатысты шешімімізге шағым беріліп, ол сотта қаралып жатыр. Оның жалпы саны 21-ге жетіп отыр», - дейді министр.
91 viewsedited  06:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 07:53:29
Қала ортасында автобус өртеніп кетті

Оқиға 27 шілде Нұр-Сұлтанда болған. Cағат 14:45-те өрт сөндіру бөлімшелеріне Керей-Жәнібек хандар мен Түркістан көшелерінің қиылысында автобус жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт сөндірушілер келген кейін маршруттық автобустың қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өрт 14.58-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
86 views04:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 07:51:56 Жол сапасына жауапты басшы жұмысынан босатылды

Бұған дейін «Самара-Шымкент» тасжолында аптап ыстықта асфальттің балқып, бетон плиталарының көтеріліп кеткені тұрғындар наразылығын тудырған еді.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына аймақтағы филиал басшысын қызметінен босатуды тапсырды. Одан бөлек, жол сапасын тексеретін және оны қабылдайтын мекеме басшыларына сөгіс жарияланды.
79 views04:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 07:46:12
Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Корей соғысының (1950-1953) аяқталғанына 69 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде елдің АҚШ-пен кез келген әскери қақтығысқа толық дайын екенін айтты.

Солтүстік Корея басшысы Оңтүстік Корея әскері КХДР-ға шабуыл жасаса, әскердің «көзін жоятынын» айтты.

«Егер Оңтүстік Корея режимі мен әскери содырлары бізбен әскери қақтығыс жасау туралы ойласа және әскери күшіміздің бір бөлігін алдын ала белгілі бір құралдар мен әдістер арқылы бейтараптандыруға немесе жоя алатынына сенсе, олар қателеседі», - деді Ким Чен Ын.
74 viewsedited  04:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 07:25:31
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 175 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Әзірге көш басында Нұр-Сұлтан (915) мен Алматы (767) қалалары тұр.
75 viewsedited  04:25
Ашу / Түсініктеме