Get Mystery Box with random crypto!

SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы S
Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы
Арна мекенжайы: @sn_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 803
Арнадан сипаттама

Ресми ақпаратта айтылмайтын оқиғалар туралы білгің келсе, парақшамызға міндетті түрде жазыл!

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 234

2021-07-23 13:25:18 SN.KZ - Күннің басты жаңалығы pinned a photo
10:25
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 13:25:02
XXXII Жазғы Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі

XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық «Dentsu Inc.» компаниясымен келіссөздердің нәтижелі аяқталды.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді.
Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар.

Телеарналардағы олимпиадалық жарыстар кестесі қосымша жарияланады.
74 viewsedited  10:25
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 08:14:07 SN.KZ - Күннің басты жаңалығы pinned a photo
05:14
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 08:13:19
Танымал Forbes журналы үздік олимпиадалық форманың 8 дизайнын анықтады.

Журналдың шолушысы Стефан Рабимов түзген үздік униформалар рейтингінде Қазақстан командасының формасы да бар, деп жазады Olympic.kz.

Үздік формалар тізіміне #teamKZ атлеттерінен бөлек, АҚШ, Либерия, Ресей, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапония командаларының формасы енген.

Біздің команда формасын сипаттай келе, автор түстердің жақсы үйлесім тапқанына, ең бастысы – жобадағы командалық жұмыстың жоғары болғанына ерекше назар аударады. Өйткені, форманы дайындау барысына спортшылар да қатысқан.
87 viewsedited  05:13
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 08:07:28
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің сайлауы туралы

@sn_kz
78 viewsedited  05:07
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 14:46:40
Келінінің бетін күйдірген қайын әпкесі халықтан кешірім сұрады
104 viewsedited  11:46
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 14:22:09
Түркістан облысында қайын әпкесі келінінің бетін қыздырылған шанышқымен күйдірген

Себебі - келін газ плитасын таза ұстамауы. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жағдай Отырар ауданында тіркелген. Алайда полицияға ешкім арызданбаған.
98 viewsedited  11:22
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 08:49:04
Желіде Маңғыстау тұрғындарының өзге өңірлерден келген жем-шөпті алып жатқан видеосы тарады

Онда ер адам халықтың көмекті алуға қымбат көліктермен келгеніне таң қалды. Оның үстіне малға арналған азықты бір отбасынан бірнеше адам алып кетіп жатқанына шағымданды.
107 viewsedited  05:49
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 08:26:54
Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Джефф Безос ғарышқа ұшты

New Shepard ғарыш кемесін миллиардердің жеке компаниясы Blue Origin құрастырған. Әуе кемесі 106 км биіктікке көтерілген. Жалпы ұшу уақыты - 11 минут.

Ғарышқа ұшу кезінде 2 әлемдік рекорд орнатылды:

Безоспен бірге ұшқан 18 жастағы студент Оливер Дэемен ең жас ғарышкер,
82 жастағы америкалық ұшқыш әйел Уэлли Фанк ең қарт ғарышкер атанды.
132 viewsedited  05:26
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 08:24:42
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 1 қазаннан бастап дәрігерлерге «ковидтік» үстемеақы төленбейтінін айтты. Оның сөзінше, осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында 50 пайыз төленеді.

«Бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды», – деді ол.

Осы орайда Ералы Тоғжанов дәрігерлерге қаржылық қолдау өткен жылдың наурыз айынан бері көрсетіліп жатқанын еске салды. Қазігі уақытқа дейін 229 миллиард теңге төленіпті. Сұраныс жоғары бағыттағы медицина қызметкерлерінің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі. Әзірге әлі есептеліп жатыр. Бұл мақсатқа шамамен 14 миллиард теңге қажет болады.
127 viewsedited  05:24
Ашу / Түсініктеме