Get Mystery Box with random crypto!

SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы S
Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы
Арна мекенжайы: @sn_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 803
Арнадан сипаттама

Ресми ақпаратта айтылмайтын оқиғалар туралы білгің келсе, парақшамызға міндетті түрде жазыл!

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-07-20 11:40:12
Шымкентте ер адам өтірік мүгедек болып, көшеде қайыр сұраған. Тексерістен кейін оның өз аяғымен жүре алатыны анықталған.

Полицейлер қайыр тілеуді әдетке айналдырған азаматты Жетісай ауданындағы орталық базар маңынан ұстады. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.
12 views08:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 07:47:13
Медицина қызметкері 5 тәулікке қамауға алынды.

Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, оған ӘҚБтК (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің) 434-бабы 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Қоғамға әдепсіздік танытқаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп танылған.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.
47 viewsedited  04:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 07:04:13 Біріккен ұлттар ұйымы: Жер бетінің 3/4 және мұхиттың 2/3 бөлігіне адамзат залал келтіріп отыр

Антониу Гутерриштың айтуынша, жердің тозуы планетадағы 3,2 млрд адамға әсер етуде. Оның барлығына адамның өмір сүру салты, қалай өндіріп, тұтынып жүргені, қоршаған ортаны ластауы себеп.
52 views04:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 14:25:26
68 views11:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 14:16:58 Жылқыны қасақана басқан алматылық жазаланбайтын болыпты.

Кеше оның жол талғамайтын көлікпен жылқыны әдейі басып жатқан видеосы тарап еді. "Енді 38 жастағы ер адам шығынды өтеп, малдың иесімен татуласты", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, Іле ауданы Междуречинск ауылының екі тұрғыны арасындағы жанжал тараптардың татуласуымен аяқталған. Жылқы иесінің арызына сәйкес, полиция күдіктіге қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Ал өлейін деп жатқан жылқыны иелері сойып алған екен.
64 viewsedited  11:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 13:10:35
Ақтөбедегі Есет батыр тұрғын үй алабында балалы әйелге иттер шабуыл жасады. Әйел екі жасар ұлын қорғап қалған, бірақ иттер тұрғынның аяғын тістеп тастаған.

Зардап шеккен әйелдің жұбайы: "Әйелім ауырып, ине салдыруға көрші үйдегі туыстарына шыққан. Баламыз қасында болды. Иттер шабуыл жасағанда, ол баланы көтеріп, қолтығына қысып алған. Бірақ иттер өзіне шабуыл жасаған. Әйеліме көмектесуге екі адам жүгіріп келіп, иттерді қуып жіберіпті. Баламыз қатты қорқып қалды. Қазір иттерден қорқады. Әйелімді ауруханаға алып кетті, қазір екпе салдырып жүр", - дейді.

Ветеринария басқармасының мәліметінше, жыл басынан 2 наурызға дейін облыста 3792 ит, Ақтөбе қаласында 2294 ит ауланып жойылған. Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы жаңа заң күшіне енгеннен бері 2 наурыздан бастап облыста 4 302 қаңғыбас ит ауланған.
68 views10:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 12:49:36
Алматы облысында жылқыны көлікпен әдейі басқан жүргізушіге қатысты іс қозғалды

Ер адамның жол талғамайтын көлікпен жылқыны қасақана түрде басып жатқан видеосы желіге тараған болатын. Видео авторы жылқыны басқан адамды полиция алып кетіп, артынша бостандыққа жібере салғандығына шағымданады.

Ал полицияның айтуынша, күдікті арнайы қолхатпен босатылған.

«16 шілде күні Іле ауданындағы Междуречинск ауылының 38 жастағы тұрғыны көршісімен жанжалдасып, оның жылқысын қасақана түрде жол талғамайтын көлікпен басқан. Қазір күдіктінің үстінен ҚР ҚК 316 бабы (Жануарларға қатыгездiк жасау) бойынша іс қозғалды. Арнайы қолхатпен босатылды», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
70 viewsedited  09:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 12:35:25
Айта кетейік, Сейтқазы мен Әсет Матаевтар 2016 жылы сотталды. Сейітқазы Матаев дүние-мүлкін кәмпескелеу және өмір бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салумен қоса 6 жылға, ұлы Әсет Матаев жеке дүние-мүлкін кәмпескелеумен қоса 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жоғарғы Сот Астана қаласы сотының қазақстандық журналистер Сейітқазы мен Әсет Матаевқа қатысты 2016 жылғы 9 желтоқсандағы үкімінің күшін жойды.

Судья өз үкімін оқи отырып, Матаевтардың ақталғанын, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар екенін түсіндірді.
65 viewsedited  09:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 11:25:38
Ұлттық құрама химиядан халықаралық олимпиадада 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрамаға 2017 жылдан бергі алғашқы алтынды Мадияр Қасымалы әкелсе, Санжар Бисенәлі, Санжар Нұрғалиев және Альмира Нұрланова күміс жүлдені еншіледі
70 views08:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 10:57:43 Ақсай қаласында кәсіпкерді өз үйінде атып кетті

Оқ басынан тиген дүкен иесінің денесі үйінің кіреберісінде жатқан. Үйдің ауласынан белгісіз маркалы аңшы мылтығы табылды.

БҚО Полиция департаменті мәліметінше, кәсіпкердің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
78 views07:57
Ашу / Түсініктеме