Get Mystery Box with random crypto!

SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы S
Telegram арнасының логотипі sn_kz — SN.KZ - Күннің басты жаңалығы
Арна мекенжайы: @sn_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 803
Арнадан сипаттама

Ресми ақпаратта айтылмайтын оқиғалар туралы білгің келсе, парақшамызға міндетті түрде жазыл!

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2022-07-22 11:53:52
36 views08:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 09:50:51
50 views06:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 09:33:05
Шымкентте өзін "прокурордың әйелімін" деп таныстырып, күзетшімен дауласқан әйел халықтан кешірім сұрап, видео үндеу жолдады.

Ол ешқандайда прокурордың әйелі емес, 1984 жылы туылған жергілікті тұрғын болып шықты.

Оған кінәсін түсініп кешірім сұрағаны үшін және асырауында үш кішкентай баласы бар екені ескеріліп, жаза ретінде 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
48 views06:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 09:22:25
«Зерде» холдингі объективті және субъективті себептерге байланысты Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласын дамытудың толыққанды институты ретінде қалыптаса алмады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осындай мәлімдеме жасады.

Холдинг мемлекеттен тапсырыс алатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының дивидендтері есебінен қаржыландырылып отырады. Яғни, холдинг бұған дейін шығынмен жұмыс істеп келген. Ведомство осы уақытқа дейін IT-қауымдастық тарапынан холдинг қызметіне байланысты айтылған сындарды орынды деген ұстанымда.

2016-2021 жылдар кезеңінде холдингтің жинақталған шығыны 7 млрд теңгеге жеткен.
48 views06:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 09:10:56
Қайрат Боранбаевтың інісі кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды

Ол қаржы мониторингі агенттігінің құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдіктілер тізіміне енген.

Мұрат Боранбаев 2017 жылы «Alan Parking» компаниясының басшысы болды.

Айта кетсек, оның ағасы Қайрат Боранбаев (Назарбаевтың бұрынғы құдасы) наурыз айында қамауға алынған еді. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқырды деп айыпталып отыр.
44 views06:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 09:08:25 Елімізде соңғы тәулікте 2480 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтанда 796,

Алматы қаласында 722,

Шымкентте 105.

Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта.
45 views06:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 13:10:47
«Орталық Азия елдерінің Бірыңғай тауар жөнелту жүйесінің тірек нүктесі қызметін атқаратын, келешекте одан ары кеңейтілу мүмкіндігі бар шекара маңы сауда-экономикалық хабының желісін іске қосу үшін пәрменді іс-шаралар қабылдау тиімді болар еді», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстан қырғыз және өзбек әріптестерімен бұл бағытта нақты қадам жасап жатқанына назар аударды.

«Атап айтқанда, қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы жобасы, қазақ-қырғыз шекарасында Индустриалды сауда-логистикалық кешені іске асырылып жатыр. Тәжікстанмен көтерме-тарату орталықтарын құру туралы уағдаластық бар. Ал Түрікменстанмен бірге астық терминалын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жобалар біздің өзара тауар айналымы көлемін арттыру, сонымен қатар ЕАЭО мен өзге елдердің нарықтарына өнімдерді экспортқа шығару ортақ мүддемізге жауап береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
56 views10:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 12:44:48
Қазақстандық спортшы Нора Джерутоның 3 000 метрге кедергілерді еңсере отырып жүгіріп, 8:53.03 минутта мәреге жеткендегі сәті.

Осылайша ол әлем чемпионатындағы рекордты жаңартты.

Айта кетейік, Кения тумасы Нора Джеруто 2017 жылы қазақстандық Алтай Атлетикс командасына қосылған.
60 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 12:30:14
Қызылордада 17 ақбөкенді атқан адам ұсталды

Кезекті іс-шара барысында Жалағаш ауданына қарасты Жырық атты скважина маңында «Тайота ланд крузер-100» автокөлігі күдік тудырды. Белгісіз тұлға оқиға орнынан ізін суытуға әрекеттенді.

Көп ұзамай Жалағаш ауданына қарасты Қызылшын деп аталатын жерде оның көлігі өртенгендігі байқалды. Сол жерден барлығы 17 бас ақбөкеннің өлі денесі және 54 дана мүйізі табылды. Ол айғақ зат ретінде алынды.
61 views09:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 12:24:55
Ережеге сәйке мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар бір жыл ішіндегі кірісін, сатып алған немесе сатқан жылжымайтын, жылжитын мүліктері жайлы есеп беруі керек. Болмаса, айыппұл салынады.

Әзірге тек мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар тапсырып жатыр. Сонымен қатар банк, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығының ірі акционерлері де міндеттелді. Сәйкесінше, жұбайлары да жылдық кірісі мен мүлкі туралы мәлімет беруі керек.

Бұл – еліміздегі жемқорлық деңгейін төмендету үшін қолға алынған іс. Сол арқылы мемлекеттік қызметте жүріп, бір айлықтың бетіне қарап отырған шенеуніктерде қыруар қаржы, қымбат киім, көліктің қайдан пайда болғанын білуге мүмкіндік болады.

Ал 2024 жылы бизнесмендер, 2025 жылы бүкіл халық тапсырады.
61 views09:24
Ашу / Түсініктеме