Get Mystery Box with random crypto!

«Otandastar Qory»

Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory» O
Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory»
Арна мекенжайы: @otandastar
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 300
Арнадан сипаттама

Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 32

2021-11-19 14:18:36 ​​Шет елдердегі отандастарымызды ұлттық аспаптарда (домбыра, қобыз және т.б.) ойнауды үйрету бойынша «Ұлттық саз аспаптары» онлайн-жобасының «Домбыра үйрену» циклын іске асыруға сүбелі үлес қосып, ерен еңбек сіңіргені үшін «Жас дәурен» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Таушанбай Рахымовқа «Отандастар қоры» КЕАҚ атынан ризалық білдіре отырып, шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тілеген Алғыс хат арнайы табыс етілді.

«Ұлттық саз аспаптары» онлайн жобасы - шетелдегі отандастар арасында қазақтың ұлттық саз аспаптарын, оның ішінде домбыраны халықтық музыкалық аспап ретінде кеңінен таныстырып, ұлттық саз өнері мен игі дәстүрлерді дәріптеуге және қандастардың ұлттық санасын рухани жаңғыртуға негізделген.

Жобаның негізгі мақсаты - шетелдегі отандастарды қолдау, олардың тарихи Отаны - Қазақстанға деген қызығушылық сезімін қалыптастыру болып табылады. Отандастарымыздың ана тілі мен мәдени құндылықтарды меңгеруі тұрғысында қазақ диаспорасына әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, ынтымақтастық пен келісім дәстүрлеріне сәйкес дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау, музыкалық мәдениет пен өнерді танымал ету, ұлттық өнерді өзара өрістету, өскелең ұрпақты толеранттылық пен достық бағытында тәрбиелеу, тарихи тағдырлар мен игі мүдделердің ортақтығын түсінуін қалыптастыру.
84 views11:18
Ашу / Түсініктеме
2021-11-17 09:28:43 ​​2021 жылы 14 қараша «Отандастар қоры» КЕАҚ қолдауымен Германияның Кельн қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мәдени іс-шара өтті.

Бұл мерейтойлық игі шара жергілікті қазақ мәдени орталығымен бірлескен ынтымақтастық аясында ұйымдастырылып, 100-ге жуық қазақ диаспорасы мен орталық мүшелері қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімі мемлекеттік әнұранымен басталып, орталық төрайымы Садие Сүрер ханым мерекелік құттықтау сөзін сөйледі. Сонымен қатар жиынға қатысқан қандастар қауымы мен басқосуды өткізуге ұйытқы болған орталық белсенділерін «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов бейнебайланыс арқылы арнайы құттықтап, ізгі ниетке толы ақжарма тілегін жеткізді. Кездесу барысында көпшілік назарына атажұртымыздың өсіп-өркендеу жолын баяндайтын бейнежазба көрсетілді.

Жиында барысында қазіргі төралқа мүшелерінің ағымдағы жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын іс жоспары таныстырылды.

Мерекелік іс-шара шеңберінде биыл отау тігіп, шаңырақ көтерген Кельндегі отандас жас жұбайларды орталық төрайымы төл қуанышымен арнайы құттықтап, ерлі-зайыптыларға естелік ретінде сыйлықтар табыс етті.
121 views06:28
Ашу / Түсініктеме
2021-11-16 16:06:02
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында Үкіметке Ұлы көштің басталуына жол ашқан датаны атаулы күндер күнтізбесіне қосу мәселесін қарастыруды тапсырды.

«Баршаңызға мәлім, қандастарымыздың өз атажұртына оралу мәселесі туралы Тұңғыш Президентіміз бірқатар маңызды тарихи шешім қабылдаған еді. Ұлы көш 1991 жылы басталды. Бұған Елбасының тапсырмасымен Қазақ КСР Министрлер кабинеті қабылдаған №711 қаулы ресми түрде жол ашты. Бұл құжат 1991 жылғы 18 қарашада қабылданды. Көп ұзамай Елбасы «Алыста жүрген ағайынға ақ тілек» атты Жолдауын жариялап, шеттегі қандастарымызды елге шақырды», - деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы.
130 views13:06
Ашу / Түсініктеме
2021-11-15 20:22:33 Құрметті достар!

Erulik.kz дегеніміз – Отанына қоныс аударуға бел буған қандастарға арналған веб-платформа.

Сайттың басты мақсаты – Қазақстанға көшіп келуге шешім қабылдаған қандастарға басымдыққа ие 5 облыстың (Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары) әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен таныстыру және қоныс аударуға қолайлы елді мекендерді таңдауға мүмкіндік ұсыну.

Енді әлемнің кез-келген түкпіріндегі қандас сайтқа кіріп, 5 облыстағы әр ауылдың жағдайымен 21 көрсеткіш бойынша (жалға берілетін егістік жерлердің көлемі, елді мекеннің аудан орталығы арасындағы қашықтық, тұрғындардың егістік жерлерімен қамтамасыз етілу деңгейі және т.б.) таныса аласыздар.

Сайттпен танысу: http://www.erulik.kz/
146 viewsedited  17:22
Ашу / Түсініктеме
2021-11-15 14:52:14 ​​Тұңғыш рет «OTANDASTAR CUP» турнирі ұйымдастырылды

2021 жылы 14 қараша баскетболдан қандас студенттер арасында тұңғыш рет «OTANDASTAR CUP» турнирі өтті. Спорттық шара «Отандастар Қоры» КЕАҚ, Еуразия Ұлттық университеті мен «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай әрі жастар арасындағы салауатты өмір мен бұқаралық спортты насихаттауға арналған.

Тартысты өткен сайысқа Моңғолия, Қытай, Өзбекстан елдерінен келген 100-ге жуық қандас студент қатысты. Осылайша, «OTANDASTAR CUP» турнирінде жалпы алғанда 14 команда (ұлдар тобы – 10, қыздар тобы – 4) бақ сынады.

«Жыл сайын елімізге 3000-ға жуық қандас жас білім алуға келеді. Жастар мемлекеттің демографиялық және экономикалық басты қозғаушы күші екенін ескерсек, біз үшін қандастарымыздың оқу бітіргеннен кейін Қазақстан азматтығын алып, атамекеніне оралуы маңызды. Ол үшін, әрине, біздің тараптан да жан-жақты қолдау көрсетілуі керек. Қандастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған баскетбол турнирі – сондай қадамдардың бірі ғана. Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген алғашқы турнирге 14 команда қатысып, қатысушылар тарапынан жақсы керібайланыс алдық. Келесі жылы турнирді республикалық деңгейде өткізіп, басқа қалаларда оқып жатқан қандас студенттерді де тартуды жоспарлап отырмыз», - дейді ұйымдастырушылардың бірі «Отандастар Қоры» КЕАҚ Президентінің Кеңесшісі Дидар Болат.

Бұдан бөлек, «Отандастар Қоры» жастармен үнемі байланыста болу үшін 2019 жылы Қоғам жанынан «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымын құрды. Себебі қазіргі таңда атамекенге көш басын бұрғандардың көпшілігі – жастар. Егер олардың мақсаты Қазақстанда білім алып, өздерін әр қырынан дамыту болса, онда аталмыш ұйым шетелдегі қандас жастар мен ел аумағында білім алып жатқан студенттер үшін түрлі бағыттағы шараларды жүзеге асыруға дайын. Бұл туралы ұйым жетекшісі өз пікірін былай жеткізді.

«Осы жылы бірқатар спорттық іс-шараларды өткердік. Себебі жаһандық COVID-19 пандемиясы салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылданудың маңыздылығын танытты. Жыл басынан бері «Отандастар» марафонын, киберспорт пен шахмат туринирін ойдағыдай өткізсек, енді, міне, бескетбол турнирін өткізіп отырмыз. Себебі баскетбол турнирі қандас студенттер арасында үлкен сұранысқа, қызығушылыққа ие. Рас, қазақстандықтар үшін таңсық саналатын баскетболды Моңғолия, Қытай мен Өзбекстаннан келген қазақ жастар сауатты, шебер ойын өрнегін көрсетті. Алдағы уақытта біз Қазақстанның Ұлттық баскетбол федерациясымен байланысып, қандас студенттердің баскетболмен кәсіби тұрғыда айналысуына жағдай жасауды көздеп отырмыз», - дейді «Жас қазақ» жастар ұйымының төрағасы Алжан Шарифов.

Турнир нәтижесінде ұлдардан «Қобда» командасы (Тілек Елдос, Бақзат Нұрлан, Өмірбек Тойылбек, Базарбек Айболат, Баяр Айболат) жеңімпаз деп танылса, ІІ орынға «Blackpink» командасы (Еңбек Жұматай, Дамыс Арысбек, Шаймұрат Шалқар, Баясгалан Ахжол, Бахытжан Нұр, Батхан Жәнібек), ал ІІІ орынға «Қыран» командасы (Садырбек Абдуллин, Азамат Оңғарбек, Көпбай Еренгайб, Амантай Ғасыртілек, Хонаев Харжаубай, Зурман Манарбек, Хавдрасол Иманқажы) ие болды. Қыздар арасындағы ойынның қорытындысы бойыша I орынға «Miami» командасы (Хуандық Ахсунхар, Инатиллаева Бибінұр, Хабыл Ақерке, Сайлау Мөлдір, Мамырхан Нұрбота, Нағашбай Нұржан), ІІ орын – «Ethnic Kazakhs» командасы (Қалиева Құмарай, Абдугалиева Айжан, Ажибаева Әсел, Адаманова Айдана, Сабина Мейманкулова), ІІІ орынға «BM» командасы (Темірбек Айнұр, Солтанбек Ақерке, Солтанбек Ақмарал, Хаумет Гүлжанат, Ахират Күлзира, Аманбек Бота) қол жеткізді. Жеңімпаз командалар кубок, медаль және грамоталармен марапатталды.
134 views11:52
Ашу / Түсініктеме
2021-11-15 12:08:04 ​​«Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов Қостанайда өткен республикалық лекторийге қатысты

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастыруымен Қостанай облысында «Шоғырландыру - одан әрі прогрестің басты факторы» атты республикалық лекторий өткізілді.

Жиынның басты мақсаты барша қазақстандықтардың ортақ мәдени коды, ортақ құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи санасы негізінде халық бірлігін нығайту. Берекесі мен бірлігі жарасқан ұлттар ынтымағын күшейтуге арналды.

Іс-шара аясында пленарлық отырыс өткізіліп оған облыс әкімінің орынбасары Б. Есімова, ҚХА Кеңесінің мүшелері, мемлекеттік орган және ұйымдардың, өңірлік этномәдени бірлестіктердің сондай-ақ, сарапшылар қауымдастығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде ҚХА және оның қоғамдық құрылымдарының өңір өміріндегі рөлі, қандастардың бейімделуі, шетелде тұратын отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту жөнінде мәселелер қозғалды. «Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов қандастарға қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

«Елбасы бастамасымен жүзеге асырылған қазақ көшінің кереуені тоқтаған жоқ. 1 млн. астам бауырымыз атажұртқа табан тіреді. Алыстағы қандастарды қолдау үшін 2020 жылы шетелдердегі қазақ мәдени орталықтары базасында 5 Abai Uii онлайн форматта ашылып, жұмыс істеп жатыр, бұлар – Ресей Федерациясының Омбы, Түркияның Стамбұл, Өзбекстанның Ташкент, Германияның Берлин және Украинаның Киев және 2021 жылы Қырғызстанның Бішкек қалаларында ашылды. Жыл сайын қандас талапкер үшін білім гранттары дайындалып, білімді жастар елге оралуда. Азаматтардың ана тілімізді ұмытпауы үшін 12 мемлекетте 31 онлайн қазақ тілінін оқытатын сыныптарда дәріс беріледі», - дейді Мағауия Қанапияұлы.
127 views09:08
Ашу / Түсініктеме
2021-11-15 09:25:38
Моңғолия елінің Баян-Өлгеий аймағында ақындар айтысы өтті

Соңғы айналымға іріктеуден өткен 12 ақын қатысты.

Айтыс барысында ақындар қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, жырдан шашу шашты.

Айтыстың өтуіне «Өлгейліктердің табысы үшінгі одағы», аймақ әкімінің іс басқармасы мен «Айтыскерлер одағы» демеушілік жасады.

Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Серуен Әзімұлы, I орынға Сүйеніш Жеңсікбайұлы, II орынға Бержан Сандалханұлы, III орынға Іңкәрбек Әділхан ие болды.

Ынталандыру сыйлығы Гүлжан Кәрменхан мен Қайнар Жанарбекұлына берілді.
122 views06:25
Ашу / Түсініктеме
2021-11-15 07:56:09
Теһранда Қазақстан көрмесі басталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Иран астанасы Теһран қаласының Zarna галереясында «Атажұртым – Қазақстан» атты көрме өткізілуде.

Келушілер ұлттық киім, қолөнер бұйымдары, түскиіз бен кілемше, картиналар мен кітаптарды тамашалай алады.

Іс-шараға Иран медиа өкілдері, өнерпаздары мен Ирандағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Дүйсебай Дәуірбек қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

6 күнге жоспарланған көрмені Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосының аудармашысы Гаухар Жұмағазықызы Омарханова ұйымдастырған.
917 views04:56
Ашу / Түсініктеме
2021-11-12 11:05:44 ​​Құрметті достар!

Назарларыңызға «Отандастар қоры» қолға алған 30 бастамасын ұсынамыз.

Ақпараттық-талдау департаменті:

1. 2019 жылы шетелдегі отандастар мен қандастарды қолдау саласында қоғамдық мүдделерді білдіру және ұсыну үшін «Отандастар қоры» КеАҚ жанынан Қоғамдық комиссия құрылды. Бүгінгі күні 7 отырыс өткізілді, барлық ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді.

2. Шетелдегі қазақтарды қолдау және ерікті қоныс аударудың 2021-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

3. Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдаудың Заң және оның Тұжырымдамасының жобалары әзірленді

4. Шетелдегі отандастармен өзара іс-қимыл және репатриация мәселелері бойынша бірқатар талдамалық зерттеулер жүргізілді; шетелдегі отандастармен өзара іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі зерделенді.

5. Отандастарды қолдау және репатриациялау саласында 200-ден астам халықаралық және отандық нормативтік құқықтық құжаттар зерделенді. 2019-2020 жылдары 400-ден астам ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді және мемлекеттік органдарға жолданды.

6. Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының ассоциациясы құрылды. «Отандастар қоры» КеАҚ зерттеуі бойынша шетелде 88 бұқаралық ақпарат құралы мен қандастарымыз қолданатын әлеуметтік желі парақшалары анықталды.
183 views08:05
Ашу / Түсініктеме
2021-11-11 17:53:32
Моңғолиядағы қазақ тілді KazNews.mn ақпарат агенттігінің құрылғанына 10 жыл!

Бүгін «Отандастар қоры» жанынан құрылған «Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясының» мүшесі, Моңғолиядағы қазақ тілді KazNews.mn ақпарат агенттігінің құрылғанына 10 жыл толып отыр.

Ақпарат айдынына қосылған алғашқы уақыттан бері мемлекеттік және өзгеде өңірлердің тарихын, жергілікті қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениет пен өнер саласын алыс-жақынға танытуда аянбай еңбек етіп келесіздер.

Түрлі бағыттағы танымдық мақалалар мен сұқбаттарды оқырман қауымға ұсынып, жаңалықтың жаршысы болдыңыздар. ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдығына орай «Үркер-2020» Ұлттық сыйлығының «Шетелдегі үздік қазақ тілді БАҚ» номинациясына ие болып, үздіктер қатарынан көріндіңіздер.

Атажұртта өткен іс-шараларды уақыт оздырмай жариялауға атсалысқандарыңыз үшін және шетелдегі қазақ тілді контенттің дамуына қосқан үлестеріңізге айырықша алғыс айтамыз!

«Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов
176 views14:53
Ашу / Түсініктеме