Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім | «Otandastar Qory»

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында Үкіметке Ұлы көштің басталуына жол ашқан датаны атаулы күндер күнтізбесіне қосу мәселесін қарастыруды тапсырды.

«Баршаңызға мәлім, қандастарымыздың өз атажұртына оралу мәселесі туралы Тұңғыш Президентіміз бірқатар маңызды тарихи шешім қабылдаған еді. Ұлы көш 1991 жылы басталды. Бұған Елбасының тапсырмасымен Қазақ КСР Министрлер кабинеті қабылдаған №711 қаулы ресми түрде жол ашты. Бұл құжат 1991 жылғы 18 қарашада қабылданды. Көп ұзамай Елбасы «Алыста жүрген ағайынға ақ тілек» атты Жолдауын жариялап, шеттегі қандастарымызды елге шақырды», - деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы.