Get Mystery Box with random crypto!

Моңғолия елінің Баян-Өлгеий аймағында ақындар айтысы өтті Соң | «Otandastar Qory»

Моңғолия елінің Баян-Өлгеий аймағында ақындар айтысы өтті

Соңғы айналымға іріктеуден өткен 12 ақын қатысты.

Айтыс барысында ақындар қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, жырдан шашу шашты.

Айтыстың өтуіне «Өлгейліктердің табысы үшінгі одағы», аймақ әкімінің іс басқармасы мен «Айтыскерлер одағы» демеушілік жасады.

Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Серуен Әзімұлы, I орынға Сүйеніш Жеңсікбайұлы, II орынға Бержан Сандалханұлы, III орынға Іңкәрбек Әділхан ие болды.

Ынталандыру сыйлығы Гүлжан Кәрменхан мен Қайнар Жанарбекұлына берілді.