Get Mystery Box with random crypto!

Теһранда Қазақстан көрмесі басталды Қазақстан Республикасы Тә | «Otandastar Qory»

Теһранда Қазақстан көрмесі басталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Иран астанасы Теһран қаласының Zarna галереясында «Атажұртым – Қазақстан» атты көрме өткізілуде.

Келушілер ұлттық киім, қолөнер бұйымдары, түскиіз бен кілемше, картиналар мен кітаптарды тамашалай алады.

Іс-шараға Иран медиа өкілдері, өнерпаздары мен Ирандағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Дүйсебай Дәуірбек қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

6 күнге жоспарланған көрмені Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосының аудармашысы Гаухар Жұмағазықызы Омарханова ұйымдастырған.