Get Mystery Box with random crypto!

«Otandastar Qory»

Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory» O
Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory»
Арна мекенжайы: @otandastar
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 300
Арнадан сипаттама

Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 30

2022-01-17 14:53:33
30 views11:53
Ашу / Түсініктеме
2022-01-17 14:52:02
31 views11:52
Ашу / Түсініктеме
2022-01-17 08:09:06

87 views05:09
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 07:29:38 "Отандастар Қоры" КеАҚ Ақпараттық талдау департаментінің Қазақстандағы репатрианттар арасындағы демографиялық ахуал мәселелерін зерделеу деректерін назарларыңызға ұсынамыз.

#oq_zertteu
2 views04:29
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 07:29:34
2 views04:29
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 07:25:16 Channel name was changed to ««Otandastar Qory»»
04:25
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 07:24:08
34 views04:24
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 07:24:01 ҚР СІМ жекелеген шетелдік БАҚ-тардағы жарияланымдарға қатысты пікірі

Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бері қалыптасқан ахуалға байланысты шетелдік БАҚ-тағы бірқатар жарияланымдар атүсті және біржақты сипатта болды. Осы орайда ҚР Сыртқы істер министрлігі келесіні атап өтуді жөн санайды.

Маңғыстау облысы мен елдің барлық ірі қалаларында бейбіт митингтер өтті. Олардың талаптары толық қанағаттандырылды. Алайда, терроршыл, экстремистік және қылмыстық топтар шиеленіс пен зорлық-зомбылықты ушықтыру үшін бұл жағдайды өз мүддесіне пайдаланып алды. Осыған байланысты елде төтенше жағдай жарияланды.

Алматы қаласындағы және елдің басқа да өңірлеріндегі оқиғалар көрсеткендей, Қазақстан шетелде дайындықтан өткен және жақсы үйлестірілген терроршыл топтардың шабуылына тап болды. Алдын ала мәліметке қарағанда, шабуылшылардың арасында жанжал аймақтарында діни радикалдық топтардың қатарында қақтығыстарға қатысу тәжірибесіне ие адамдар бар.

Қазіргі уақытта Қазақстанның құқық қорғау органдары мен Қарулы күштері, кейбір шетелдік БАҚ бұрмалап көрсеткендей, «бейбіт сипаттағы наразы топтарға» емес, террористерге қарсы тұруда.

Қалыптасқан жағдайда, Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) көмекке жүгінуге мәжбүр болды, ол жағдайды тұрақтандыру мақсатында жалпы саны 2 500 адам құрайтын бітімгершілік күшін жіберді. Бітімгершілердің мандатына стратегиялық нысандарды күзету және қазақстандық құқық қорғау күштеріне жәрдемдесу кіреді.

Терроршыл топтарға қарсы негізгі іс-қимылды Қазақстанның құқық қорғау органдары мен Қарулы күштері жүргізетініне назар аударамыз.

ҰҚШҰ-дың бітімгершілік күштері Қазақстанда уақытша негізде болатынын және жағдай тұрақталған соң Қазақстан тарапының бірінші сұрауы түскен кезде өз елдеріне оралатынын атап өткен жөн.

Наразылық митингтерінің бейбіт қатысушалыры ешқандай қудалауға ұшырамайтыны аса маңызды.

Құқық қорғау органдарына қалыптасқан жағдайдың себептеріне кешенді тергеу жүргізу тапсырылды, оның нәтижелері халықаралық қоғамдастыққа жеткізілетін болады.

Қазақстан халқының ынтымағын және Президент Қ. Тоқаевтың бейбіт өмірді қалпына келтіру жөніндегі шешімдері мен шараларына қолдауын атап өткен жөн.

Қазақстан демократия мен ел Конституциясын діни радикалдар мен терроршылдардан табандылықпен қорғауға дайын!

Өкінішке орай, қақтығыстардың салдарынан еліміздің азаматтары, соның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскерилер қаза тапты.

Осыған байланысты, 2022 ж. 10 қаңтар елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

@PressMFAKZ
33 views04:24
Ашу / Түсініктеме
2021-12-24 13:52:45 ​​«Отандастар Қоры» КеАҚ 2021 жылдың қорытынды жиынын өткізді

Іс-шараға бірқатар Мемлекеттік органдар, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары және журналистері, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты.

«Отандастар Қоры» Вице-президенті Мағауия Сарбасов жиынға қатысушыларға Қоғам Президенті Нұртай Әбіқаевтың сәлемін жеткізіп, жыл бойы атқарылған жұмыс туралы баяндама жасады.

«Қоғам жұмысы мәдени-гуманитарлық, ақпараттық-консультациялық, білім беру және жастар бағыты, зерттеу-талдау, халықаралық институттармен жұмыс, ақпараттық бағыттар бойынша жүргізіледі. Қоғам мәдени-гуманитарлық байланыстарды және шетелдегі қандастардың Қазақстанға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Мәдени іскерлік үйлер» желісін құру жұмысын қолға алуда. «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйі 6 мемлекетте ашылды. Қоғам жанындағы Қандастарды Ақпараттық қолдау орталығына 2021 жылы 5600 өтініш келіп түсті. Қандастар мәселесіне қатысты тиісті мемлекеттік мекемелермен 55 іс-шара өткізілді.

Шетелдегі бауырларымызбен өзара іс-қимыл және елге оралған қандастарды қолдау мәселелері қазақстандық қоғамның күн тәртібінде өзекті мәселеге айналып, жоғары саяси әлеуметке ие болды, - дейді Мағауия Қанапияұлы. Сонымен қатар, ол алдағы жылы Қоғам алдына қойылған міндеттер мен мақсаттардың маңыздылығына тоқталып өтті.

Осы ретте биылғы жылы қалың елге қалтқысыз қызмет етіп, елге сіңірген ерен еңбектері үшін «Отандастар қоры» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша фронт-кеңсе сарапшысы Меруеш Башайқызы, Індет күрт өршіген кезеңде Нұр-Сұлтан, Алматы жастарымен бірлесе ұйымдасқан ерікті жастарға бастамашы болған қандасымыз Алтынгүл Мәден, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа шалдыққан науқастарға гуманитарлық көмек көрсеткен қандасымыз Тұнық Қапарқызы, Қоғамның ШҚО бойынша фронт-кеңсе сарапшысы Әскерхан Хуанбай, Пандемия кезінде аз қамтылған 210 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз еткен Амандос Наурызханға «Халық Алғысы» медалі берілді.

«Қандастарды қолдау» бағыты бойынша елжандылық танытқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызмет комитеті, қоғамдық ұйымдар, отандық жоғарғы оқу орындары, мүдделес мекеме өкілдері мен белсенді жұмысымен көзге түскен Қоғам қызметкерлеріне «Отандастар қорының» КЕАҚ Президенті Нұртай Әбіқаевтің «Алғыс хаты» табысталды.
102 views10:52
Ашу / Түсініктеме
2021-12-16 14:14:06 ​​Құрметті қандастар! Ардақты ағайын!

Сіздер арқылы алыс-жақын шет елдерде тұратын барша қаңдастарымызды Ұлы дала елінің ең ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Міне, біз биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын қарсы алып, жасампаз еліміз жарқын болашаққа жаңа қадам жасап отыр. Қазақы тілмен айтқанда, қазір нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттар басында тұрмыз.

Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артқаны бесенеден белгілі. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, халықтың бекем бірлігі арқасында сынақтардан сүрінбей өтіп келеміз.

Бүгінгі таңда Қазақстан тұғыры берік, тұлғасы биік ел болып, төрткүл дүние таныған мерейі үстем мемлекетке айналды. Бұл жетістікке Сіздердің де қосқан үлестеріңіз қомақты екені сөзсіз.

Сонымен қатар былтырдан бері жер-жаһандағы адамзат атаулыға қатер төндіріп, күллі әлемді күрделі күйге түсірген қауіпті індеттің өршіген кезінде әрқайсыңыздың жанашырлығыңызды жан-дүниемізбен сезіндік. Қайғыға душар болып, қара жамылған қаншама шаңыраққа қайырымдылықпен қарасқан тілеулес пейіл, ниеттес көңілдеріңіз үшін Сіздерге ризалық білдіріп, шексіз алғыс

Біздің тараптан шетелдегі және елімізге көшіп келген ағайынды қолдау бағытында атқарып жатқан ауқымды жұмыстарымыз да ешқашан тоқтамайды.

Сіздердің отбасыларыңызға, әрбір қазақ бауырымызға зор денсаулық, амандық-саулық және ізгі істеріңізге табыс тілеймін!
Ұлы Даланың ұлы тағдырын айқындаған Тәуелсіздік күні құтты болсын, ағайын!

Ізгі ниетпен, «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Нұртай Әбіқаев
52 views11:14
Ашу / Түсініктеме