Get Mystery Box with random crypto!

«Otandastar Qory»

Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory» O
Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory»
Арна мекенжайы: @otandastar
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 300
Арнадан сипаттама

Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 33

2021-11-10 15:06:16 ​​Құрметті шетелдік отандас оқушылар мен атажұртқа оралған қандас балалар!

Ұлтымыздың ұлы тұлғасы, аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай "Отандастар қоры" өткізген "Ұлы Дала ұстазы" халықаралық байқауы мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Сайыс талабына сай тақырыптық шығармалар мен Ыбырай Алтынсарин өлеңдері жатқа оқылған бейнероликтер қабылданып, қазылар алқасының әділ іріктеуінен өткізілді.

Байқауға алыс-жақын 10 шет елден және тарихи Отаны Қазақстанға оралған қандас оқушылардан ұзынсаны 150-ден астам материал түсіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 3 үміткер үздік деп танылды.

Сонымен, БАЙҚАУДА БАҒЫ ЖАНҒАНДАР:

1-орын: Арай Мұқарапқызы (Моңғолия)
2-орын: Бекзат Жұмабекова (Өзбекстан)
3-орын: Умид Нури (Ауғанстаннан оралған қандас) есімді қарымы зор қандастарға бұйырды.

Жүлдегерлерге алдағы 2022 жылғы жаз маусымында ел ордасы - Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жазғы демалыс лагеріне тегін жолдама беріледі.

Оза шауып, олжа салған озаттарды жеңісімен құттықтай отырып, "Үздік үштіктің" бейнероликтерін жанкүйер болған көпшіліктің назарына ұсынамыз!

Сонымен қатар, ұлтымыздың ұлы тұлғасын ұлықтауға белсене атсалысып, байқауда бақ сынасқан барша қатысушыларға риясыз ризалық білдіре отырып, озат оқушылар мен балғын балаларды баптаған ұлағатты ұстаздарға да көптен көп алғыс айтамыз!

ВИДЕО: https://www.facebook.com/OtandastarQory/videos/932091161060876/
413 views12:06
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 11:42:14
Түркияда "Түркі әлемінің түні" концерті өтті. Іс-шараға жергілікті қазақтар да қатысты

Толық ақпарат: @kateadkatead Инстаграм парақшасы (https://www.instagram.com/kateadkatead/)
164 viewsedited  08:42
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 11:29:05 Сәлеметсіздерме! Менің атым Ксения Кряквина. Мен Сулейман Демирель атындагы университеттте аға оқытушымын. Қазіргі таңда қандастардын Қазахстан Республикасының қоғамына бейімдеу және интеграциялау процессін зерттеп отырмын. Сіздерден кішігірім сауалнамадан өтуіңізді өтінемін. Сауалнаманы толтыру сіздің 10-15 минуттай уақытыңызды алады. Сауалнамаға қатысу анонимді түрде өтеді. Сіздің үлесіңіз менің үшін маңызды! Рақмет!
Сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/1JKU47f0Opx-JIOAXelG-KFQu6WV0uS9zrPzeWwrz6-4/edit
167 views08:29
Ашу / Түсініктеме
2021-11-06 13:43:45
Иранның солтүстігінде орналасқан Гүлістан облысының Бәндәр-Түркаман қаласындағы «Тизһушан» (Зерек балалар) мектебінің биылғы түлегі Ерфан Көрпе ел президенті Ибраһим Раисидің қолынан үздік көрсеткіші үшін алғыс хат алды.

Бұл туралы Instagram желісіндегі dara_qazaqstan парақшасына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы хабарлайды.

dara_qazaqstan парақшасының хабарлауынша, Иранда жыл сайын ЖОО-ға түсуге конкурс өтеді. Биыл 600 мың бала қатысыпты. Солардың ішінде Ерфан Көрпе 3-орын алған. Үздік ондыққа, жүзікке және мыңдыққа іліккен балалар парсы елінде ерекше бағаланады екен.

Ерфан Көрпе бүгінде Тегеран университетінің медицина және жаңа технологиялар факультетіне оқуға түскен.

Алғаш рет Гүлістан облысынан және қазақ қауымы арасынан осындай көрсеткіш көрсеткен баланы «Һамйаран» қазақ қауымы облыстық деңгейде бір құттықтаса, Тегеран университетінде мемлекеттік деңгейде ел басшысы Ибраһим Раиси мырза екінші рет құттықтады деп жазады newsroom.kz порталы.
225 views10:43
Ашу / Түсініктеме
2021-11-06 11:39:17 ​​ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

«Abai Uii» МІҮ жобасы бойынша ынтымақтастық аясында «Отандастар қоры» КЕАҚ қолдауымен «Омбы қазақтары» ОАҚҰ V мерейтойлық дәстүрлер, талант және сұлулық «Ару қыз 2021» байқауын өткізді.

Заманауи қазақ қоғамының даму әлеуеті көбінесе ата-бабамыздың мәдениеті мен дәстүрлеріне деген шынайы құрметтен негізделген. «Ару қыз» дәстүр, талант және сұлулық байқауы бірінші кезекте Ресей Федерациясында тұратын отандастар арасында шығармашылық әлеуетті іске асыруға және қазақ тілін дамытуға, сонымен қатар ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттауға бағытталған.

Байқаудың басты мақсаты - белсенді жастардың назарын туған мәдениетіне аудару, оларды үйреніп біліп ынтасын ояту. Байқау сұлулық пен әдемілікке ғана назар аудару емес, қазақ халқының салт – дәстүріне ену жолын көрсетуде.

Байқау 2 ай мерзімінде өтті, оның барысында қатысушылар қызықты шеберлік сыныптарға қатысты. Олар ұлттық тағамдарды дайындау, қазақ өрнектерімен жұмыс істеуді және қоржын-қалта тігуді, шежіре құрастыруды үйренді, ұлттық салт-дәстүрлермен тереңірек танысты және де ана тілін меңгерді.

Қазақ халқының тарихын зерттеумен бірге дәстүрлері мен өнерін білу этно-менталитет пен ұлттық сана-сезімнің негізін құрайды, бұл ұлттық рухты арттырады, Қазақстанға деген патриотизм мен қызығушылық сезімін қалыптастырады.

V мерейтойлық салт-дәстүр, талант және сұлулық «Ару қыз» байқауы қатысушылар мен ұйымдастырушылар үшін өсу нүктесі болды. Омбы қаласында қазақ диаспорасының күшімен бауырлас халықтарымыздың арасында дәстүрлі тарихи достықты нығайтуға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілуде.
191 views08:39
Ашу / Түсініктеме
2021-11-03 18:18:56 ​​Құрметті достар!

Назарларыңызға «Отандастар қоры» қолға алған 30 бастамасын ұсынамыз.

Қандастарды қолдау департаменті:

1) Елімізге қоныс аударған этникалық қазақтардың жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға ауыртпалықсыз бейімделуіне жәрдемдесу мақсатында 2019 жылы «Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы» құрылды.

2) 2019 жылдан бастап шетелдегі этникалық қазақтарға және елімізге көшіп келген қандастарға ақпараттық-консультациялық қызметтерді жүзеге асыру үшін 1404 нөмірі бойынша «Байланыс орталығы» қызмет жасайды.

3) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қандастарымызға көрсетілетін қызметтерді «Бір терезе» қағидатымен ұсыну мақсатында мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жобасы жүзеге асты.

4) Отанына қоныс аударуға бел буған қандастарға арналған «Erulik.kz» (www.erulik.kz) веб-платформа жұмыс істейді.

5) Шетелден қоныс аударған қандастардың ЖСН алғаннан бастап ҚР азаматтығын рәсімдегенге дейінгі мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіретін 4 бейнероликтер топтамасы түсірілді.

6) Елімізге қоныс аударған қандастарға көші-қон үрдісінде туындайтын мәселелері бойынша жан-жақты ақпараттық-консультациялық қолдаудың байланыс құралдары туралы арнайы дайындалған ақпараттық баннерлер барлық өңірлерде орналыстырылды.
215 views15:18
Ашу / Түсініктеме