Get Mystery Box with random crypto!

«Otandastar Qory»

Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory» O
Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory»
Арна мекенжайы: @otandastar
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 300
Арнадан сипаттама

Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 25

2022-03-31 08:56:18
Моңғолиялық Зейнеп Әзімбайқызы бокстан ел чемпионы атанды, - деп хабарлайды kaznews.mn

Улаанбаатар қаласында бокстан ересектер арасындағы ел біріншілігінің финалдық ойындары өтті.

Қыздар арасындағы бәсекеде 81 келі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы рингде қарсыласы Увс аймағының спортшысы Д.Одонзаяаны басымдықпен ұтып, ел чемпионы атанды.

Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін жастар арасындағы ел біріншілігінде чемпион атанған болатын.

Сонымен қатар, қыздар арасындағы бәсекеде 48 келі салмақта өнер көрсеткен Жанаргүл Бейсенбейқызы қола жүлде, ерлер арасындағы бәсекеде 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жандос Асқарұлы қола жүлдегер атанса, +92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бекнұр Қалиұлы күміс жүлде және бұл салмақта өнер көрсеткен Ерболат Төлекұлы қола жүлдегер атанды.
192 views05:56
Ашу / Түсініктеме
2022-03-29 09:10:46
Құрметті отандастар!

ҚР Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстанның ЖОО-да білім алу үшін

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ шетел азаматтары үшін құжат қабылдау басталады.

Грант саны:

1. Бакалавриат – 490
2. Магистратура – 50
3. PhD докторантура – 10

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.

Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде 2022 жылғы 30 наурыздан 30 маусымға дейін тапсыра алады.

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ.

Толық ақпарат https://enic-kazakhstan.edu.kz/post/151 сайтында.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және пошта арқылы хабарласуға болады:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26
+7 (7172) 28 75 31
E-mail: admission@n-k.kz
384 viewsedited  06:10
Ашу / Түсініктеме
2022-03-27 10:06:36
Құрметті отандастар!

«Қандастар» хабарының кезекті шығарылымының тақырыбы:

2022 жылғы көші-қон квотасы

Ал спикер "Отандастар Қоры" КеАҚ Қандастарды қолдау департаментінің Бас менеджері - Меңлібаев Еркебұлан

Хабардың бұл номерін “Qazaq radiosy” әуе толқыны арқылы тыңдауға болады.

Күні: 28.03.2022ж.
Уақыты: 10:15
205 views07:06
Ашу / Түсініктеме
2022-03-19 11:49:42 Жалғасы


Сонымен қатар Жапониядан келген қандасымыз Жадыра Сенбі Қазақстанға келуі жайлы сөз қозғап, қазіргі айналысып жатқан ағартушылық саласымен бөлісті.

“Foundation” факультетінің тыңдаушылары көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, “Жас қазақ” ұйымымен алдағы уақытта біріге іс-шаралар, жобалар атқаратындарын айтты.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда аталмыш оқу орнында 170 тыңдаушы білім алуда. Олар, Моңғолия, Қытай, Иран Ислам Республикасы, Ауғанстан, Тәжікістан, Өзбекстан Республикасынан келген.

#oq_bilim
234 views08:49
Ашу / Түсініктеме
2022-03-19 11:49:22
18 наурызда “Отандастар қоры” КеАҚ білім бағытының маманы Еңлік Бердірахманова мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі “Foundation” факультетінде білім алып жүрген қандас тыңдаушылардың кездесуі өтті.

Шарада Қоғамның білім бағыты бойынша жауапты маман “Отандастар қоры” және “Жас қазақ” халықаралық жастар ұйымын таныстырып өтті.

Әмірханов Марат Болысбекұлы - Деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары дайындық бөліміндегі тыңдаушыларды толғандаратын сұрақтарға жауап беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Тілеберді Ербол - деканның ғылыми-иннлвациялық жұмысы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, шетелден келген этникалық қазақтардың виза мәселесі жөніндегі мәселелерді айтты.
204 views08:49
Ашу / Түсініктеме
2022-03-18 13:39:50
Мемлекет басшысы Наурыз мейрамы қарсаңында бірқатар азаматтарымызды мемлекеттік наградамен марапаттады. Енді бұл үрдіс алдағы уақытта игі дәстүрге айналмақ.

«Құрмет» ордені табысталған ел қайраткерлерінің ішінде шекара сыртындағы қазақтың қамын ойлап, қоғамда қандастар мәселесін жиі көтеретін Ауыт Мұқибекұлы да бар.

Осы ретте азаматтық ұстанымы азат Ауыт Мұқибек мырзаны «Отандастар қоры» КеАҚ ұжымы атынан құттықтап, алдағы уақытта да еңбегі елене берсін деген тілек білдіреміз!
169 views10:39
Ашу / Түсініктеме
2022-03-13 10:46:21
“Qazaq radiosy” толқынындағы “Қандастар” хабырының кезекті хабары “Қандастар үшін таңдаулы Қазақстандық жоғарғы оқу орындар мен мамандықтар” тақырыбына арналады.

Аталмыш шығарылымның спикерлері:

«Отандастар қоры» КеАҚ Консультанты - Шарипов Алжан және Моңғолиядан келген студент - Жанарбек Лашын.

Күні: 14.03.2022ж.
Уақыты: 10:15
256 views07:46
Ашу / Түсініктеме
2022-03-13 10:43:44
Қоғам бастамасымен жаңа “Tiltanym” жобасы жарық көрді.

Алғашқы шығарылымның кейіпкері – Америка Құрама штаттарының азаматы Tim Meador.

Қазақ тілін өздігінен үйренген Tim мырза ана тілімізге деген қызығушылығын, Қазақстанда кәсіп ашу, туризм, ұлттық салт-дәстүр мен тағам тақырыбында әңгіме өрбітті.

Шығарылымның толық нұсқасы Otandastar channel YouTube арнасында жарияланды.

Көру үшін төмендегі сілтемені басыңыз:



185 viewsedited  07:43
Ашу / Түсініктеме
2022-03-11 14:31:19 «Отандастар қоры» КеАҚ Вице-президенті М.Қ. Сарбасов Юнус Эмренің таңдамалы өлеңдер жинағының тұсау кесер рәсіміне қатысты.

Жиында Вице-президент жалпы түрік халқына ризашылық білдіре отыра, аталмыш еңбекті жоғары бағалап:

- Бағзыдан бауырлас түрік халқының рухани ұстазы, Анадолы жұртында Яссауидың мектебін жалғастырушы ақын, өлеңдерін Яссауи жолымен түсіндіріп жазған Юнус Эмренің сан ғасырлық мұрасы енді иісі қазақтың да игі қазынасына айналады, - деген сенім білдірді.

Еске салсақ, 2021 жыл ЮНЕСКО және Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның бастамасымен өмірден озғанына 700 жыл толған, түрік тілінің ең көрнекті тұлғаларының бірі Юнус Эмре жылы болып жарияланған еді. Соған орай өлеңдерінің идеясы адамзатты сүюге, ақиқатқа, сабырға, яғни адамзаттық құндылықтарға үндейтін ақын Юнус Эмренің өлеңдер жинағы қазақ тіліне аударылды.

Сондай-ақ Вице-президент өзінің сөзінде тағы бір тарихи маңызды күнді еске алды.

- Тарихқа жүгінсек, 1952 жылы 13 наурыз күні Түркия Үкіметін басқарған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Аднан Мендерестің бастамасымен қабылданған шешім негізінде Үндістан мен Пәкістаннан қоныс аударған қазақтардың алғы көші Анадолы жеріне қабылданған болатын. Дәл осы тағдыршешті қаулының арқасында қазақтар Түркияға белсенді түрде көше бастады», - деп, осы атаулы датаға биыл 70 жыл толатынын алға тартты.

Ал сөз соңында мүдделес екі елдің арасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық байланыс, тарихи тамырластық бен рухани үндестік үнемі үйлесім табады деген сенім білдірді.
179 views11:31
Ашу / Түсініктеме
2022-03-11 14:31:17
138 views11:31
Ашу / Түсініктеме