Get Mystery Box with random crypto!

«Otandastar Qory»

Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory» O
Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory»
Арна мекенжайы: @otandastar
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 300
Арнадан сипаттама

Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 31

2021-12-16 08:01:24 ​​ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Назарларыңызға "Отандастар қоры" қолға алған 30 бастамасын ұсынамыз.

Білім және қазақ тілі бағыты:

1. Дайындық бөліміне бөлінетін гранттар саны 1300-ге артты. Құжат қабылдау электронды форматқа көшірілді және аудармасыз қабылданатын болды. Сонымен қатар университеттерге академиялық еркіндік беріліп, осы арқылы курс тыңдашуларын қабылдау ережесі бекітілді.

2. Әлемнің 12 елі 24 қаласында қазақ тілін үйрететін 31 онлайн-сынып ашылды. Ол үшін АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Германия, Түркия, Бельгия, Иран, Беларусь, Украина, Моңғолия мен Қырғызстандағы қазақ орталықтарына арнайы техникалық құрылғылар жіберілді (теледидар, ноутбук, веб-камера, колонка).

3. 2020 жылы – 5 елде, ал 2021 жылы – 7 мемлекетте (Франция, Германия, Бельгия, Ресей, Иран, Түркия, Моңғолия) қазақ тілін үйрететін офлайн-сыныптар жұмыс істеуде. Біздің тараптан офлайн-сынып мұғалімдеріне жалақы төленіп, әдістемелік қолдау көрсетіледі. Жоба әріптесі – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы.

4. Қоғам 2020 жылы 333 онлайн сабақ өткізсе, 2021 жылдың 1 қарашасына дейін 685 онлайн сабақ ұйымдастырды. Курсқа жалпы 2554 адам тіркеліп, оның 1000-ға жуығы курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификатқа ие болды. Сабақ қазақ-ағылшын, қазақ-орыс, қазақ-түрік және қазақ-парсы тілдерінде өтеді.

5. Шетелде тұратын қазақ жастары және Қазақстанға білім алуға келген қандас студенттермен байланыс орнатып, олармен жан-жақты жұмыс істеу мақсатында «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымы құрылды. Ұйым жастардың тұлғалық даму, жергілікті қоғамға бейімделу және тың жобаларын жүзеге асыру бойынша қолдау көрсетеді.

6. «Жас қазақ» жастар ұйымының бастамасымен Қоғамның базасында «Отандастар алаңы» құрылды. Мақсаты - отандастардың, оның ішінде қандас жастардың тұлғалық даму ортасын қалыптастыру, олардың мәселелері мен ұсыныстары қарастырылатын диалог алаңын құру. Сондай-ақ арнайы техникалық құрылғылар сатып алынып, жастардың шығармашылығына қолдау көрсетілуде.

7. Қоғам Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми зерттеу орталығымен бірлесіп, шетелдегі қазақ педагогтарына арнап біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырып келеді. Алғашқы курс 2020 жылғы қазанда, екінші курс 2021 жылғы тамызда, ал үшінші курс 2021 жылғы қазанда өтті. Курстарға жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты.

8. Қоғам 2019 жылы шетелдегі 600 қазақ балалаларының қазақстандық жазғы лагерлерге келуіне жағдай жасады. Олар «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Балдәурен», «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызы, «Ұлы Дала Елі» және «Zeren» сияқты республикалық лагерлерде демалып, атамекенмен байланыс орнатты.

9. «Киелі Қазақстан» жобасы арқылы 80-нен аса білімді, таланты және өнерлі қандас жастар Қазақстанның киелі жерлеріне саяхаттады. Экскурсия 2018 жылы Түркістан қаласы, 2019 – Ақтау қаласы, 2020 – Шымкент қаласы және Түркістан облысы және 2021 жылы – Алматы қаласы мен Алматы облысында ұйымдастырылды.

10. Шетелдегі отандастар үшін қазақ тілін үйрететін ортақ әмбебап кітабы жасалынып жатыр. Бүгінде ҚР Білім және ғылым министрлгінің ұйымдастыруымен жұмыс тобы құрылды. Қоғам аталмыш топқа мүше.

11. Қоғам шетелде тұратын қазақ оқушыларына арнайы шығармашылық конкурстарды үздіксіз ұйымдастырып келеді. 2019 жылы байқау жеңімпаздарына Қазақстанды саяхаттауға тегін жолдама алса, 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
8 views05:01
Ашу / Түсініктеме
2021-12-16 07:19:37
Құрметті қазақ елі, сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

Сіздердің отбасыларыңызға, әрбір қазақ бауырымызға зор денсаулық, амандық-саулық және ізгі істеріңізге табыс тілейміз!
21 views04:19
Ашу / Түсініктеме
2021-12-13 16:49:30 ​​Құрметті Нұртай Әбіқайұлы!

Сізді «Мәңгілік елдің» мәртебелі мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен егеменді еліміздегі ең жоғарғы мемлекеттік марапаттың бірі - «Барыс» орденінің иегері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз ата-бабамыздың асыл арманы - азаттықтың ақ таңы атқан алғашқы тарихи сәттен бері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге үзеңгі қағыстыра қатар қызмет етіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосқан бірегей тұлғаның бірісіз. Ерен еңбегіңізбен Тәуелсіздігіміздің нығая түсуіне, мемлекетіміздің мерейін арттыруға және өскелең ұрпақтың үкілі үмітін іске асыруға жол ашқан аға буынның аса көрнекті өкілісіз. Сондықтан да бұл жоғары марапат - Сіздің Отан-Ана алдындағы абыройлы қызметіңізге берілген лайықты баға.

Сіз бүгінде қанатын кеңге жайған Қазақстанның қарыштап дамуына, заман талабына сай зайырлы заңдардың қабылдануына, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және әлемнің әр түкпіріндегі қалың қазақтың қасиетті қара шаңырағына қайта оралып, ұлт болып ұйысуына аянбай атсалысып келе жатқан атпал азаматсыз.

Сіздің елге сіңірген еселі еңбектеріңіз бен мінсіз кәсіби шеберлігіңіз кейінгі толқын - жастарға әрдайым өшпес із, өмірлік өнеге болары сөзсіз.

Кемел ойлы кемеңгер шағыңызда, суытқан арғымақтай бабыңызға келіп, жасампаз еліміздің жарқын болашағы жолында әлі де қажымай-талмай халқымызға қалтқысыз қызмет ете беріңіз!

Жыр алыбы - Жамбыл атамыздың жасына жетіңіз! Бесігін Қыдыр тербеткен берекелі отбасыңыздан ырыс пен ынтымақ, шаңырағыңыздан шаттық арылмасын!

Азаматтық тұлғаңыз асқақтап, Алаштың Абыз Ағасы атана беруіңізге шын жүректен тілектеспіз!

Зор құрметпен, «ОТАНДАСТАР ҚОРЫ” КЕАҚ ҰЖЫМЫ
34 views13:49
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 08:55:32 ​​"Отандастар қоры" КеАҚ Президенті Нұртай Әбіқаев Сенатор Мұрат Бақтиярұлына құттықтау хат жолдады

Құрметті Мұрат Бақтиярұлы!

Сізді «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағына ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуына, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне Сіздің сіңірген еңбегіңіз ерен, мемлекеттің мерейін асыруға қосқан үлесіңіз қомақты.

Сіз Елбасы салған сара жолда аянбай қызмет істеп, халықтың ыстық ықыласына бөленген мемлекеттік қызметкер ретінде танылған тұлғасыз. Қай уақытта болмасын өзіңізге жүктелген міндеттерді мінсіз атқарып, кәсіби шеберлігіңіз бен қажыр-қайратыңызды жасампаз еліміздің жарқын болашағына арнаудасыз. Өзіңіздей ұлтжанды азаматтардың еңбегімен еліміз қарыштап дамып, қанатын кеңге жайып келеді. Бұған Қазақстанның қазіргі саясаттағы бет-бейнесі мен абырой-беделі айқын дәлел бола алады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы,

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы «Қоғамдық қабылдау комиссиясының» төрағасы ретінде заң шығару, әр түрлі әлеуметтік түйткілдер мен елге келген қандастар мәселесінің оң шешім табуына аянбай атсалысып келесіз. Қоғамда қордаланған өзекті мәселелерге үнемі қозғау салып, үзбей ізденіс жасаған ілкімді істеріңіз дәуір көші ілгерілеген сайын ізгі жемісін беріп келеді.

Ұзақ жылдар бойы жауапты қызметтерде тынымсыз еңбек етіп, «Парасат» ордені, «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Білім беру ісінің үздігі», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерімен марапатталып, алдыңғы аға буынның ізін ізетпен жалғап, кейінгі толқын үлгі тұтар үздік тұлғаға айналдыңыз.

Сіздің өмірлік өнегеңіз бен жемісті еңбек жолыңыз тәуелсіз Қазақстан тарихында таңбаланып, ел шежіресінде елеулі орын алары сөзсіз.

«Отандастар қоры» және өз атымнан деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, отбасыңызға құт-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен, «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Н. Әбіқаев
77 views05:55
Ашу / Түсініктеме
2021-12-07 18:40:50 ​​2021 жылы 7 желтоқсан қаламгер қандасымыз, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқанның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында жарыққа шығарған «Қандастар үлесі» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

Жаңалыққа жаны құмар көпшілікке арналған игі шараны «Отандастар қоры» КЕАҚ мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ (Достық үйі) ұжымы бірлесе ұйымдастырды.

Қарымды қаламгердің «Қандастар үлесі» атты жаңа жинағында Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сара жол салып, бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жіті назарда ұстайтын қандастар тақырыбы қамтылған.

Тың ақпараттарға бай туындыда тарихи Отанымен табысқан бауырларымыз егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан сүбелі үлесі жайында және өздері еңбек ететін салада көш басынан көрініп жүрген озық ойлы ғалымдар, кәсіби мамандар, талантты өнерпаздар мен танымал спортшылар және іскер кәсіпкерлер туралы жазылған.

Тұсаукесер рәсімі аясында әлемнің әр шалғайынан атажұртқа оралған қандастардың жемісті еңбегі мен жетістіктерінен сыр шертетін кітаптар, суреттер, қолөнер бұйымдары мен кәсіпкерлердің көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды.

Аталған іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, «Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары, «Отандастар Қоры» КЕАҚ Қазақ диаспорасымен жұмыс департаментінің басқарушы директоры Әділбек Алпысбай және ҚР АжҚДМ, ҚР СІМ, ҚР МСМ, ҚР БҒМ, ҚР ЕХӘҚМ ЕӘҚКҚК өкілдері мен зиялы қауым, ақын-жазушылар, белгілі ғалымдар, қолөнершілер, суретшілер, алыс-жақын шет елдерден келген қандастарымыз бен сан алуан салада табысқа жеткен танымал тұлғалар қатысты.
66 views15:40
Ашу / Түсініктеме
2021-11-30 14:32:16
«Отандастар қоры» КЕАҚ Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысының күн тәртібінде мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша Қоғамның жұмысы туралы және алға қойылған міндеттері туралы мәселелер қаралды.

Кеңес отырысының қортындысымен Мемлекеттік хатшы құзырлы мемлекеттік орган басшыларына Қор жұмысын жандандыру бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Сонымен бірге, «Отандастар қоры» Қоғамы Қамқоршылар кеңесінің жаңа құрамы таныстырылып, Кеңестің төрағалығына ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаев және орынбасарлығына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д. Абаев пен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжанов сайланды.
84 views11:32
Ашу / Түсініктеме
2021-11-29 11:29:42 ​​Құрметті достар!

Назарларыңызға «Отандастар қоры» қолға алған 30 бастамасын ұсынамыз.

Шетелдегі отандастарды қолдау департаменті:

1. Шет елдердегі серіктестермен 6 «Abaı Úıi» мәдени-іскерлік үйі ашылды және тұрақты жұмыс істеуде. Олар: «Омбы қазақтары» (Омбы) «Өзбекстандағы қазақ мәдени-іскерлік орталығы» (Ташкент), «Қазақ-түрік білім беру қоғамы» (Ыстамбұл), «Германия-Қазақстан қоғамы» (Берлин), «Достық» қазақ мәдени қоғамы (Киев), Қырғызстан қазақтары қауымдастығы (Бішкек).

2. Әлемнің 26 елінен қазақ мәдени орталықтарымен ынтымақтастық туралы 71 Меморандумға қол қойылды. Мақсаты - шетелде тұратын отандастармен байланысты одан әрі нығайту, сонымен қатар қазақ ұлттық-мәдени орталықтарымен және қазақ диаспораларымен жұмысты ұйымдастыру.

3. Әлемнің 33 елінен 12 000-нан астам отандастардың қатысуымен 52 іс-шара, 17 конференция және 18 кездесу өткізілді. Мәдени-гуманитарлық іс-шаралар шетелдегі қазақтардың ұлттық кодын, жалпыұлттық бірегейлікті және қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтап қалуға бағытталған.

4. Әлемнің 17 еліндегі этникалық қазақтар мен отандастардың қатысуымен 5 халықаралық шығармашылық байқаулар өткізілді. Оған 400-ге жуық адам қатысты.

5. «Қазақ әлемі – Мир казахов» шет елдерде көш басынан көрініп жүрген танымал қазақтар жайында жазылған 2 томдық кітап дайындалып, 1000 дана таралыммен жарыққа шықты.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Отандастар кітапханасы» оқу залы ашылды және 3000 данадан астам кітап шетелдегі отандастарға таратылды.

7. Әлемнің 27 еліндегі отандастардың қатысуымен және 10 000-нан астам адамды қамтитын 8 онлайн-жоба іске асырылды. Мақсаты - ұлттық салт-дәстүрді сақтауға, қазақ мәдениетін шетелде танымал етуге бағытталған жобалар, оның ішінде қазақтың дәстүрлі өнерінің бірегей түрін дамыту.
54 views08:29
Ашу / Түсініктеме
2021-11-26 14:15:14
Қоғам өкілдері "Оқушыларымыздың қаламымен Түркия" көрмесінің ашылуына қатысты

Нұр-Сұлтан қаласында Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен "Оқушыларымыздың қылқаламымен Түркия" атты сурет көрмесі ашылу салтанаты өтті.

Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасындағы Түркияның Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи мырза, ҚР Парламент депутаттары, дипломатиялық корпус өкілдері және өнер сүйер қауым қатысты.

Сондай-ақ іс-шараға "Отандастар Қоры" КЕАҚ қызметкерлері де қатысып, сурет көрмесінің жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдіріп, сәттілік тіледі.

Салтанатты шараның шымылдығын ашқан Түркия елшісі қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.
16 views11:15
Ашу / Түсініктеме
2021-11-26 11:14:48
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің VI құрылтайы өтті

2021 жылы 26 қараша Түркістан қаласында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің VI құрылтайы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Парламент депутаттары, еліміздің әр өңірінен облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Іс-шара аясында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Президенті болып Берік Әбдуалиев, Вице-президеттер Максим Рожин мен Анар Фазылжан, сонымен қатар «Отандастар Қоры» КеАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов қоғамының Орталық кеңес мүшесі болып сайланды.
52 viewsedited  08:14
Ашу / Түсініктеме
2021-11-24 07:17:29
Нұр-Сұлтан қаласындағы Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті

Іс-шараға «Отандастары Қоры» КЕАҚ Президент кеңесшісі Дидар Болат, Зерделі ақыл-ой орталығының негізін қалаушы Өжет Мәуіт, "Yokohama" компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі, меценат, кәсіпкер Сырымбек Тау қатысты.

Қоғам ұйымдастыруымен өткен жиынның мақсаты атажұртқа келіп кәсібін дөңгелетіп отырған қандас кәсіпкерлермен кейінгі буын жастардың пікір алмасуын ұйымдастыру.

Кездесу аясында «Отандастар Қорының бүгіні мен болашағы», «Білім және бизнес», «Қазақстандағы кандастардың мүмкіндіктері» тақырыптары ортаға салынып, спикерлер өз пікірін білдірді.
55 views04:17
Ашу / Түсініктеме