Get Mystery Box with random crypto!

«Otandastar Qory»

Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory» O
Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory»
Арна мекенжайы: @otandastar
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 300
Арнадан сипаттама

Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 28

2022-02-09 06:47:12 ОНЛАЙН ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫ БАСТАЛАДЫ

Курсы казахского языка стартуют 12 февраля.

Расписание: суббота и воскресенье

Время:
19:00-20:00 (А1)
20:00-21:00 (А2)
21:00-22:00 (Б1)

платформа ZOOM

Если у вас есть вопросы, вы можете написать на +7 778 5528116 (WhatsApp).
48 views03:47
Ашу / Түсініктеме
2022-02-09 06:47:11
46 views03:47
Ашу / Түсініктеме
2022-02-06 12:43:16
Құрметті оқырмандар!

7 ақпан күні “Отандастар Қоры” КЕАҚ акционерінің ауысуы. 2022 жылғы жоспарлар” тақырыбында Қоғамның Вице-президенті Мағауия Сарбасов “Қандастар” хабарында сөз сөйлейді.

Уақыты: 10:00

Баршаңызды “Qazaq radiosy”-ның әуе толқынында күтеміз! Бізбен бірге болыңыздар!
26 views09:43
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 08:53:28 «Отандастар Қоры» КеАҚ құрылтайшысы ауысты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №36 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 50 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілді.

«Отандастар Қоры» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) алдағы уақытта ҚР СІМ-не қарасты қызмет атқарады.
Бұған дейін Қоғам акционерлері ҚР Сыртқы істерминистрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болған.

Айта кетейік, Шетелдегі отандастарымызға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында «Отандастар Қорын» құру туралы 2017 жылы «Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында» Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев тапсырма берген еді. Қоғам өз жұмысын 2018 жылдың күзінде бастаған.

Бүгінде Қоғамның негізгі мақсаттарында шетелдегі қазақ қауымдарының жинақы тұратын жерлерінде қазақ тілі мен мәдениетін дамыту және тарихи отанымен байланысын қолдау саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру арқылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің шетелдік ведомстволарына бағынысты ұйымдар ретінде шетелдегі Мәдени-іскерлік үйлері платформасының желісін кеңейуге, шетелдік қазақ жастары және Қазақстанның білім беру саласың басымдықтарына, Шетелдегі қазақ қауымдары және Қазақстанның имидждік тартымдылығын арттыру ‒ ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық жасау көзделіп отыр.

Сонымен қатар, қандастарды ақпараттық қолдау орталықтарының жұмысын жалғастыра отыра, шетелдегі қазақтар мен елге келген ағайынның өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты талдау, жоспарлау және болжау мәселелері бойынша деректер базасын қалыптастыру жұмыстарын атқарады.
41 views05:53
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 08:53:25
58 views05:53
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 07:55:12
Атамекенге оралған үздік оқушы
ТМД-ның үздік студенті атанды

Селенге Халиқызы 2002 жылы Моңғолия елінде дүниеге келіп, 2017 жылға дейін сол елде білім алған. 9-сыныпты үздік аттестатпен аяқтап, «Алтын белгі» иегері атанған.

14 жасында туысқан жездесіне еріп, сенім хат бойынша тарихи Отаны – Қазақстанға келген. Қазір ол Павлодар педагогикалық университетінің «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша 3-курс студенті.

Болашағын Қазақстанмен байланыстырған ол 2019 жылы азаматтық алады. Ал қалған отбасы мүшелері араға 5 жыл салып, еліміздің солтүстік аймағына қоныс аударады.

Селенге 2021 жылдың 28 желтоқсанында ТМД-ның жас ғалымдары мен үздік студенттерінің қатысуымен өткен халықаралық конференцияда «ТМД-ның үздік студенті - 2021» төс белгісімен марапатталған.

Селенге Халиқызы алдағы уақытта еліміздің өркендеуіне өз үлесімді қосып, жетістіктерге жетемін деген сенімде.

#OQ_news #үздікқандасстудент #жасқазақ
62 views04:55
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 07:54:31
«Отанға барар жол» атты олимпиадаға тіркеу басталды, - деп хабарлайды Халықаралық Білім беру Корпорациясы.

«Отанға барар жол» олимпиадасының мақсаты - тарихи туған жерінен алыста тұратын этникалық қазақ жастарының арасынан дарынды жастарды тауып, туған жеріне оралуына, қазақ қоғамына толық бейімделуіне және тегін білім алуына мүмкіндік беру.  

Олимпиада аясында Халықаралық білім беру корпорациясы барлық оқу кезеңіне арналған гранттарды ойнатады.

Олимпиадаға тіркеу 31 наурызға дейін жалғасады.   

Егер Сіздер де олимпиадаға қатысып, өз Атамекеніңізде сапалы білім алғыңыз келсе, MOK.ENU.KZ сайтындағы толық ақпаратпен танысып, тіркеле аласыз.

@kau.kz
#oq_news
157 views04:54
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 05:31:38
84 views02:31
Ашу / Түсініктеме
2022-02-03 17:07:24 “Отандастар қоры” КеАҚ мен “Жас қазақ” жастар клубының бастамасымен күміскөмей әнші, Қазақстанның халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағлановнаның 100 жылдығына орай онлайн МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ ұйымдастырылды.

Кеште жетіген ұлттық аспабымен өнер көрсеткен орындаушы - Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Жетіген өнерін зерттеу академиясын құрушы - Венера Табыс

Халқымыздың ұлттық өнері мен аспабын заманауи форматта насихаттап, ерекше әсерге бөлейтін кешімізді тамашалауға баршаңызды шақырамыз!

Күні: 4 ақпан
Басталуы: 20:00
Сілтеме: Otandastar channel YouTube арнасы
43 views14:07
Ашу / Түсініктеме
2022-02-03 17:07:10
49 views14:07
Ашу / Түсініктеме