Get Mystery Box with random crypto!

«Otandastar Qory»

Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory» O
Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory»
Арна мекенжайы: @otandastar
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 300
Арнадан сипаттама

Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 26

2022-02-25 09:30:13 ОРЫНБОР ҚАЗАҚТАРЫ ҚАЗАҚСТАНДА

2022 жылдың 17-19 ақпан аралығында Орынбор белсенді қазақ жастары Қазақстанға танымдық сапармен келді. Белсенділер бірінші күні «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамның атқарып жатқан жұмыстарымен және ұжымымен танысты. Ал қалған күндері Қоғам ұйымдастырған бағдарламаға сәйкес түрлі шеберлік сағаттарына қатысты.

Атап айтсақ, 18 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» және «Қазақ тілін электронды оқулықтар және заманауи әдіс-тәсілдер арқылы оқыту» тақырыбында тіл мамандарының (Тілешов Ербол, Искакова Мөлдір, Жазира Махсұтқызы, Орманова Айгүл) шеберлік сағатына қатысты.

Этнограф, «Қазақы ас: дәстүр мен дәм» кітабының авторы Әйгерім Мұсағажиновадан «Қазақтардың материалдық емес мәдени мұраларының өзектілігі» тақырыбында дәріс алып, «Астана Балет» театрыда қазақтың ұлттық билерін үйрету, ал Қазақ ұлттық өнер университетінде музыкалық өнерді оқыту бойынша шеберлік сағаттарда әр маман өз бағытына сәйкес ақпарат алды.

Сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Махсат Алпысбесұлының «Қазақтардың этногенезі», профессор Светлана Ковальскаяның «Қазақтардың РФ территориясына қоныстану тарихы: Орынбор облысы», доцент Қайрат Батталовтың «Қазақтардың дәстүрлі көшпелі шаруашылығы» тақырыптарында дәріс тыңдады.

Ал 19 ақпан күні «Хазифа шеберлік мектебі» шеберханасында этно-дизайнер, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Қазипа Қалиқызының ұлттық киім тігу шеберлік сабағына қатысып, күннің екінші жартысында ҚР Ұлттық музейін аралап, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрында «Құнанбай» қойылымын тамашалады.

Айта кетейік, танымдық сапардың басты мақсаты – өздері алыста тұрса да, Қазақстанға келіп, ұлттық құндылықтарды тану арқылы оларды Орынбор қазақтары арасында әрі қарай дәріптеу.

@mfa_kz @kazahi56_oren

#OQ_news
45 views06:30
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 09:06:27
36 views06:06
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 08:14:33 Құрметті отандастар!
Қадірлі қандастар!

«Отандастар қоры» Әз-Наурыз мейрамына орай «Наурыз-Бата» халықаралық байқауын жариялады! Байқауда бағы жанған үздік үштікке арнайы тарту-таралғымыз бар.

Қандастар, қапы қалмаңыз,
Салт-дәстүрді жалғаңыз,
Байқау шарты төменде,
Ел-жұртқа бата арнаңыз! - дей келе, төмендегідей байқау шарттарын ұсынамыз:

1. Сайысқа жасы 40-тан асқан кез келген ер-азаматтар қатыса алады.

2. Бата-тілек отаншыл рухты оятып, ұлтты ұйыстыруға, ел бірлігін нығайтуға үндейтін мазмұнда болуы шарт.

3. Байқауға қатысушы бата-тілекті оқып тұрған сәтін ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге #NavruzBata хэштегін белгілеп салуы керек.

Сондай-ақ дайынған видеороликті «Отандастар қорының» әлеуметтік желілеріне жолдауы тиіс.

Instagram: Otandastar_qory
Facebook: Otandastar Qory

4. Қосымша сұрақтар бойынша:
Байланыс телефоны: 1404 және +7 701 000 14 04 /
+7 (7172) 23 59 22 / +7 778 682 55 25 (WhatsApp)
Эл.пошта: serik_abduali@mail.ru

5. Шығармашылық жұмыстар 15 ақпан мен 15 наурыз аралығында қабылданады.

#NavruzBata
44 views05:14
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 08:14:02
39 views05:14
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 11:29:08 Орынбор қазақтары Қазақстанға танымдық сапармен келді.

«Отандастар Қоры» КеАҚ шетелде тұратын қазақтармен және қазақ мәдени орталықтарымен үнемі байланыста. Солардың бірі – «Орынбор аймақтық қазақ-ұлттық мәдени автономиясы» (әрі қарай – Қоғамдық ұйым).

Аталмыш Қоғамдық ұйымының белсенділері 2022 жылдың 17 ақпанында Қазақстанға танымдық сапармен келіп, «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамның жұмысымен, ұжымымен танысты.

Бағдарламаға сәйкес шетелдік қонақтар 18-19 ақпан күндері Нұр-Cұлтан қаласында қазақтың ұлттық мәдениеті, әдет-ғұрпы және қазақ тілі тақырыбына қатысты шеберлік сағаттарына қатысады.

Танымдық сапардың басты мақсаты – өздері алыста тұрса да, Қазақстанға келіп, ұлттық құндылықтарды тану арқылы оларды Орынбор қазақтары арасында әрі қарай дәріптеу.
55 views08:29
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 11:28:52
55 views08:28
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 10:59:37 https://qazradio.fm/kz/news/22665/
58 views07:59
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 07:09:10 Моңғолиядағы қазақтарды қандай мәселелер толғандырады? Бұл елде қазақ тіліне шектеу жоқ па? - деген сұрақтарға Моңғолия қазақтарының «Kaznews.mn» ақпарат агенттігінің негізін қалаушысы, бас редакторы Өмірбек Қабай KazUnite.com тілшісіне берген сұхбатында жауап берді.

– Өмірбек мырза, ең әуелі басылым туралы қысқаша айтып өтсеңіз. Кім қаржыландырады? Қаншалықты тәуелсіз портал? Сөз бостандығы бар ма?

– «Kaznews.mn» 2011 жылы моңғолияда қазақ тілді ақпарат порталы ретінде құрылды. Моңғолия Байланысты реттеу комитетіне ақпараттық құрал ретінде тіркелген. Моңғолия сайттар қауымдастығының мүшесі. 2019 жылы спортты насихаттаушы ақпараттық агенттік марапатын алған. 2020 жылы «Үркер» ұлттық сыйлығы аясында «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдығына арналған арнайы сыйлықтың жеңімпазы атанды. 
«Kaznews.mn» ақпарат агенттігі Моңғолияның, Баян-Өлгий аймағының интернеттегі имиджін жақсартып, елді, аймақты танытуға, қазақ тілді контенттердің санын арттыруға үлес қосып келеді деуге болады.

Өзім қаржыландырамын. Агенттік қандай да бір ұйым мекемеге қарасты емес. Сондай-ақ Моңғолияда сөз бостандығына шектеу жоқ. 

– Ал ел ішінде қазақ тіліне шектеу жоқ па?

– Қазақ тілінің еркіндігіне Моңғолияның Негізгі заңымен кепілдік берілген. Негізгі заңда көрсетілгендей, аз ұлт өкілдеріне ана тілінде қарым-қатынас жасауға, ана тілінде оқып, білім алуға, өнер мен мәдениетпен, ғылыми жұмыстармен шұғылдануға шектеу жоқ.

Толығырақ KazUnite.com сайтынан немесе https://kazunite.com/kk/news/monggoliada-qazaq-tilining-erkindigine-negizgi-zangmen-kepildik-berilgen-–-omirbek-qabai сілтемесінен оқи аласыздар.

@kaznewsmn @kazunitecom

#АлыстағыАғайыннанХабар
26 views04:09
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 07:09:07
26 views04:09
Ашу / Түсініктеме
2022-02-15 11:20:09 20 жылға жуық құжатсыз жүрген қандасымыз азаматтық алды. Бұл туралы Назира Жаримбетова өзінің Facebook парақшасында жазба жариялады.

Отбасының қуанышына ешнәрсе жетпейді. Мұны бір әулеттің атасы атанып отырған қандасымыз Аскарбай Элмурадов жақсы біледі. 20 жылға жуық еш құжатсыз, құдайдың ғана есебінде бар, адамның есебінде жоқ болған жылдардың қиындығы еске түскенде ол дүниеден баз кешкендей болатын.

2004 жылы Өзбекстаннан атамекенге аттың басын бұрып, Жамбыл облысына, Тараз қаласына көшіп келді. "Шығасыға иесі басшы" болып, құжаттарынан айырылып қалды. Содан бері Асекеңнің басынан сергелдең арылған жоқ. Құжат болмаған соң Қазакстанның азаматтығын да ала алмады.

Жүгірісі кем болмады. Құжаты үшін қайда бармады дерсіз, Тараз қаласындағы көші-қон полициясының алдын тоздырады, Өзбекстан елшілігіне барудан да табанынан тозып бітті. Солай әбіржіп жүргенде "бөрі жағадан алғанда, ит етектен тартып", Асекеңе алаяқтар жолықты. "Прописка тауып берем, азаматтық алып берем" деп, сілтідей тындырған алаяқтарға майшелпек болып, 1 миллион 800 мыңнан аса акшасы кетті.

Сонымен шиеттей баланы асырау үшін Аскарбай мен Гүлнар амалсыз үйін сатты. Отбасы өзінің туыстарын паналап, Рудный қаласына көшіп келді.

Мұнда келген соң, бір үйлі жанның сын көтермес жағдайын естіген "Отандастар" қорының" облыстық фронт-офисі оларды іздеп тапты. Жердің ой-шұкырын біле бермейтін оларға жөн көрсетті. Рудный қалалық көші-кон бөлімінің бастығы Біржан Аманбаев та аянып қалған жоқ, Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігіне хат жазумен болды.

Өткен жылы күзде Рудныйға консул келгенде ол қандастардың ала алмай жүрген қажетті құжаттары туралы мәртебелі қонақты сыйлап тұрып, сынға алды. Асқарбайдың құжаттары Өзбекстан елшілігіне қайта тапсырылып, көрші ел азаматтығынан шыққаны жөнінде анықтама қолға тиді. Осындай жұмыстардың арқасында Асқарбай Қазақстанның азаматтығын алды.

"Қолыма төлкұжатымды алғанда, қуаныштан көз жасыма ерік бердім. "Отандастар" қорына, жергілікті көші-қон полициясының қызметкерлеріне алғысым шексіз.

Атамекеннің киесі шығар, көрген қиыншылығыма сынып кетпей, бала-шағаның ортасында қуанышқа кенеліп, бакытты сәттерімді сезініп отырмын. Тиісті құжатым болған соң, жұмысқа да алып жатыр, тұрмысымыз да түзеле бастады.

“Енді мен де Қазақстанымның азаматымын!" - дейді Аскар Элмурадов. Асекең немерелерімен суретке түсерде, "жеке бас куәлігімді әперші, жұртқа бір көрсетіп қояйын!" деді. Бұл да қуаныштың нышаны еді.

#OQ_ҚандасқаКөмек
57 views08:20
Ашу / Түсініктеме