Get Mystery Box with random crypto!

«Otandastar Qory»

Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory» O
Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory»
Арна мекенжайы: @otandastar
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 300
Арнадан сипаттама

Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 24

2022-04-24 07:21:15 Құрметті оқырман!

Назарларыңызға «Отандастар қоры» КеАҚ мен «Қазақстан» республикалық телерадикорпорациясының бірлескен «RUH TIME» тарихи телехикаялар керуені жобасын ұсынамыз!

Енді Сіздер «Отандастар қорының» әлеуметтік парақшалары арқылы отандық тарихи туындыларды тамашалай аласыздар.

Жаңа айдар Instagram әлеуметтік желісінде Stories форматында жарияланатын болады.

Әр жексенбі 20:00-де бізбен бірге болыңыздар!

_

Qūrmettı oqyrman!

Nazarlaryñyzğa «Otandastar qory» KeAQ men «Qazaqstan» respublikalyq teleradikorporasiasynyñ bırlesken «RUH TIME» tarihi telehikaialar keruenı jobasyn ūsynamyz!

Endı Sızder «Otandastar qorynyñ» äleumettık paraqşalary arqyly otandyq tarihi tuyndylardy tamaşalai alasyzdar.

Jaña aidar Instagram äleumettık jelısınde Stories formatynda jarialanatyn bolady.

Är jeksenbı 20:00-de bızben bırge bolyñyzdar!
35 views04:21
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 07:21:13
34 views04:21
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 14:54:35
Әлем қазақтарын «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестиваліне шақырамыз!
 
Құрметті қандас бауырлар!
Биылғы «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестиваліне өтініш беру мерзімі 30-шы маусымға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз.
 
Фестивальдің номинациялары
Фестивальде 4 номинация бойынша конкурс ұйымдастырылатын болады:
- мүшайра;
- терме мен күй;
- халықтық-қолданбалы өнер;
 - вокал (дәстүрлі ән салу);
 
Фестивальдің мерзімдері мен талаптары
 
Фестивальге қатысуға өтініштер қабылдау мерзімдері: 2022 жылғы 1 наурыздан, 30 маусым дейін.

Фестивальге 16 және одан жоғары жастағы шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері мен этникалық қазақтар және әлі азаматтық алып үлгермеген қандастар қатысады.

Ұйымдастырушылардың мекенжайлары мен байланыс телефондары: 
 
«Отандастар қоры» КеАҚ, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1-үй,711-кеңсе.
 
Байланыс тел.: 8 (7172) 23-59-44, 8-775-777-20-77
Email alem_kazak92@mail.ru
79 views11:54
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 07:04:26
Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының бастамасымен Филадельфия қаласында тұңғыш қазақ мектебі ашылды, - деп хабарлайды KazUnite.

Бұл мектепте АҚШ-та туып, өсіп келе жатқан қазақ балалары ана тіліміз бен төл тарихымызды оқып, салт-дәстүрлерімізді санасына сіңіріп, Әнұранымызды шырқап, Құран сүрелерін жаттап, Домбыра үйренетін болады. Мұнда 6-16 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер қабылданады.

Аталған қазақ мектебінің құрылтайшысы – Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының президенті Жұлдызай Исмаилова.

Жұлдызай Исмаилова – биыл Нью-Джерси штатында 600 адамның басын қосқан, тұңғыш рет АҚШ-та кең көлемде аталып өткен Америка қазақтарының Наурыз мерекесін ұйымдастырушылардың бірі. Өткен жылы Жұлдыз Исмаилованың ұйымдастыруымен АҚШ-тағы қазақтар Наурыз мерекесі мен ҚР Конституция күнін Филадельфия қаласында атап өткен болатын.

#АлыстағыАғайыннанХабар
110 views04:04
Ашу / Түсініктеме
2022-04-07 09:42:14 https://qazradio.fm/kz/news/22995

2022 жылғы 28-30 наурыз аралығында Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған Бурса қаласында Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түркия мемлекеттерінің өкілдері қатысқан 2-диаспора Форумы өтті.

Аталмыш форумға Қазақстан атынан Отандастар Қоры өкілдері және кәсіпкер Сырымбек Тау, Қырғыз Республикасынан үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілі Гиулшат Асылбаева, Швециядан үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілі Мұрат Ирмиш қатысты.

Форумның мақсаты міндеті?
Қандай ұсыныстар айтылды?
Қандай шешімдер шықты?
Не ұттық, қортындысы қандай болды?

Осы және басқа да маңызды сауалдарымызға жауап берген «Отандастар Қоры» жобалар кординаторы, тарих ғылымдарының докторы Қобландин Қалыбек Ибрагимұлы.

Толығырақ хабардың аудионұсқасында.
182 views06:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-07 08:34:50 Жалғасы

Сондай-ақ «Отандастар қорының» жанынан құрылған «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымы туралы Лашын Жанарбек презентация жасап, жастар ұйымының жобаларымен таныстырды. Азаматтық белсенділік танытып, ерікті боламын дейтін жастарға берілетін мүмкіндіктер жайлы сөз қозғады.

Ал Еуразия ұлттық университетінде қандас жастардың бастамасымен құрылған «Атамекен» қандастар ұйымы туралы Өміртай Болатбек баяндама жасады. Ол өз сөзінде биылғы оқу жылында белсенділік танытып, спорттық, мәдени іс-шараларда жеңімпаз атанған студенттерді атап өтті. Ал белсенділер өз кезегінде сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді.

Екіжақты кездесу барысында Украинадағы отандасымыз Нұртай Кенжебековтың жобасының негізінде құрылған «Алем IT» мектебінің де таныстырылымы өтті. Аталмыш мектептің басшысы Данабек Қалиаждаров қандас студенттерге тегін білім алатын заманауи мектептің мүмкіндіктері туралы айтты. Ал студенттер аталған тақырыптар бойынша өздерін қызықтырған әрі толғандырғаан сұрақтарын спикерлерге қойып, толыққанды жауап ала алды.

542 қандас студент білім алып жатқан ұлттық университеттегі бұл кездесудің соңында қандас жастар ұлттық би билеп, Ескендір Хасанғалиевтің атақты «Атамекен» әнін бірге орындады.

@enugumilyov_official @atameken_qandastar_enu @jasqazaq.club @hello.alem
151 views05:34
Ашу / Түсініктеме
2022-04-07 08:34:31
«Отандастар қоры» өкілдері ЕҰУ-дағы қандас студенттермен кездесті

2022 жылғы 6 сәуір күні «Отандастар қоры» КеАҚ (әрі қарай – Қоғам) ұжымы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқитын қандас студенттермен кездесті.

Кездесуде Қоғам президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобландин алғы сөзден бастап, «Отандастар қорының» құрылудағы мақсат-міндеттерін, атқаратын қызметін атап өтсе, Қандастарды қолдау департаментінің бас менеджері Еркебұлан Меңлібаев көші-қон мәселелері бойынша сөз сөйлейді. Студент жастарға алдағы уақытта Қазақстанда қалу және азаматтық алу жолдарының мән-жайын түсіндірді.

#oq_news
139 views05:34
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 07:15:12 Бүгінде Павлодар Педагогикалық университетінде оқитын Бахытгүл 1998 жылы Моңғолия елінде дүниеге келген. 2018 жылы тарихи отаны, атажұрты Қазақстанға оралып, Павлодар қаласындағы С. Торайғыров университетінің Даярлық бөлімінде тәлім алған.

Қазіргі таңда ол гранттық негіздегі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығының 3-курс студенті. Бахытгүлдің айтуынша, бұл оның 3-сыныптан бергі арманы. Өйткені өзге елде туса да, қазақ тіліне деген қызығушылығы мен махаббаты оны өлең мен жырға, шығарма мен эссеге ертеден баураған. Соған сәйкес, Қазақстанға келген кезде тілге қатысты ешқандай қиындық көрмей, ортаға бірден сіңісіп кеткен.
145 views04:15
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 07:15:08
31 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауын педагогтар мен студенттер арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты республикалық конференциясы ұйымдастырылды.

Осы аталған конференция барысында «ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты халықаралық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Аталмыш байқауда бақ сынап, білім деңгейін толық дәлелдеген Хайроль Бахытгүл есімді қандасымыз “ТМД-ның үздік студенті” төсбелгісіне ие болды.
138 views04:15
Ашу / Түсініктеме
2022-03-31 12:53:39
ХАЗИПА МҰХАМЕТҚАЛИҚЫЗЫ
НАУРЫЗ-2022 ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ.

«Ұлттық мәдениетіміздің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін» НАУРЫЗ-2022 ұлттық сыйлығын қандасымыз Хазипа Мұхаметқалиқызы иеленді.

Хазипа ханым өз кезегінде:

«Көп түкірсе көл болады дегендей, жанкүйерлерімнің берген әрбір дауысы мені жеңіске бір қадам жақындататынына куә болдым. Мен үшін дауыс беріп, қолдау көрсеткендеріңізге алғысым шексіз!» - деп өз ризашылығын білдірді.

Халқымыз “Өнерлінің өрісі кең” деп бекер айтпаған ғой. Салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымыздың сақталуына үлкен үлес қосып жүрген Казипа Мухаметкали өз өнерін өскелең ұрпаққа үйретіп, шәкірт те тәрбиелеп жүр. Осы уақытқа дейін «Отандастар қорының» бірнеше жобаларына үздіксіз қолдау білдіріп, белсенді түрде қатысып келеді.

«Мен үшін БАҚЫТ дегеніміз - шығармашылық идеямнан туындаған жұмыстарымның туған халқымның кәдесіне жарағаны», - дейді жеңімпаз қандасымыз.

Хазипа Мұхаметқалиқызын кезекті жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.
227 views09:53
Ашу / Түсініктеме