Get Mystery Box with random crypto!

Махаббат өлкесі...

Telegram арнасының логотипі olender — Махаббат өлкесі... М
Telegram арнасының логотипі olender — Махаббат өлкесі...
Арна мекенжайы: @olender
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.89K
Арнадан сипаттама

Тек махаббат туралы...
Ұсыныс пен пікірлер бойынша @nurlandos

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2021-09-25 05:54:03 Жастық

(қысқартылып алынған)

...Боз үйге кіріп,
Буының құрып,
Жарыңның барсаң қасына,
Сипалап жүріп,
Төсегін біліп,
Тигенде қолың басына,
Ақылың кетіп, жан қалар,
Ғашығың сонда аңғарар.

Қолынан тартып,
Білегін артып,
Ақ тамақтан шөп етіп,
Тал бойың еріп,
Тіліңді беріп,
Сүлдерің қалар ес кетіп.
Ах, дүние, дүние!
Сонда ақылға кім ие?!

Есіңді жиып,
Иіскелеп сүйіп,
Оған да көңілің басылмай,
Тілекті алып,
Тоятың қанып,
Құйылып түскен лашындай,
Арманың бітіп жымыңдап,
Төсінде жатсаң тынымдап.

Авторы: Шәкәрім Құдайбердиев
221 views02:54
Ашу / Түсініктеме
2021-09-25 05:52:40 ЛАЙЫҚСЫҢ

Сүйгем сені қарамай тосқауылға,
Ақыл қосқан тыңдамай дос, бауырға.
Сен де қалқам лайықсың бір жүруге,
Ұлы арманға жүйрігін қосқан ұлға.

Бір жүргенің жарасар қатар басып,
Бұйырса екен бөлісіп, татар нәсіп.
Қанағатын бергенде жүректердің
Бар ләззатқа бұлықсып батар ғашық.

Өмір сонда ерекше мәнге енеді,
Таңдайыңа білінер дәм бөлегі.
Ақық сезім біздерде қоспасы жоқ,
Құзар шыңға жеткізу ең керегі.

Жұртқа салсаң сезімге қоймақ нүкте,
От боп жанған сезімді ойнап түртпе.
Өліп-өшіп сүю тән екеумізге,
Қажеті жоқ табудың ойлап түк те...

Авторы: Елубай Әуезов
222 views02:52
Ашу / Түсініктеме
2021-09-23 14:06:35 Қызыл көрпе

Тәтті ұйқының құшағына беріліп,
Жатты сұлу шалқасынан керіліп,
Ақ дидарын, аппақ тәнін көргенде
Бойым балқып, кетті сезім еліріп.

Ай секілді маңдайдағы қиғаш қас,
Беттегі мең - сайда жатқан қара тас.
Дем шығарып кеудесінен жұпардай,
Қорғасындай толықсиды қарындас.

Ақ етіне қызыл көрпе басылып,
Көкірегі жатыр екен ашылып:
Діріл қақты уылжыған қос алма,
Қара шашы толқындай боп шашылып.

Күнім туып бақ жұлдызым жанатын,
Қымтап, шымқап, жаным рақаттанатын,
Болсам етті, әттең дүние-ай, сол көрпе,
Құшып, сүйіп, құмарым бір қанатын.

Дәурен қайда маған оны сүйетін?
Тым болмаса киімінің киетін,
Не сол көрпе астарының бір сабақ
Жібі болсам денесіне тиетін!

Авторы: Әзілхан Нұршайықов
128 views11:06
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 08:38:50 ЖҮРЕКПЕН СҮЙЕ АЛМАУ...

Туары - тауық қыт-қыты
Болмаса қамы құлқынның.
Кескіні мынау, сықпыты
Қай жерін сүйем ұлтымның.

Садаға батыр, ұлыдан
Жексұрындықпен әйгі елім.
Азғындап әбден құрыған
Сүйейін айтшы қай жерін.

Өткенде енші тұрды бақ
Бүгінді теңге билеп шын.
Төсіңді соғып ұрғылап
Қалайша жалған сүймексің.

Тірідей көрің қазылды
Қудық қой алғыр миды елден.
Жылаған хәлің қазіргі
Ерінмен ғана сүйгеннен.

Дейсің бе, құдай сынағы
Шаршамайсың ба алдаудан?
Опасыздығың шығады
Жүрекпен сүйе алмаудан...

Авторы: Елубай Әуезов
161 views05:38
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 08:06:45 Телефоннан өшіргенмін атыңды,
Күтпеу үшін келмейтұғын хатыңды.
Келді ұмытқым өліп қалған өзімді
Келді ұмытқым іштегі ұлы ақынды.

Сөйлемеуге серт байласқан тау сынды
Үндемеуден түгесілдім... Таусылдым...
Өшірдім мен мың жыл сүйген даусыңды
Өз өмірім өзіме енді жау сынды.

Қайтем саған арқалатып ар мұңын?
Сәлеміңе татымады бар құным...
Өшіргенмін қалдырмастан қалдығын,
Өшіргенмін өшірместің барлығын.

Көздеріме әлдененің тұнғанын
Ішімдегі әлдененің сынғанын.
Өшіргенмін көрсетпестен ешкімге
Өшті солай сүйген ай мен жылдарым.

Күн екен ғой! Күн екен ғой таң көркі.
Ақынмын ғой, қайта сүю қалды еркі.
Өшті бәрі...
Мен де өшемін уақытпен
Өшпей қалған жалғыз нәрсе - жан дерті...

Авторы: Танакөз Толқынқызы
611 views05:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 23:52:48 Түк қалмады жылынарлық
Сезім-жалған!
Біліп алдық.
"Сен болмасаң өлем" деді ол
...Екеуміз де тірі қалдық

Мен аманмын! Ол да аман!
Жалғыз өзім...
Қолда балам!
"Өліп қалам әйтпесе" деп
Үйленіп ед зорға маған

Алладан бақ сұрағанбыз
Уақытша ма ұнаған қыз?
"Сен болмасаң өлем" деген
Екеуміз де дін аманбыз

Түсірдің бе сезімге кір?
Баққа болдың өзің кепіл!
"Сен болмасаң өлем" дедің
Тым болмаса сөзіңде тұр!

Авторы: Айдана Сегізбаева
601 views20:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 21:05:01 Жапырақтай күн сүйген жайқалғаныммен,
Табысқандай болғанмен қайта арманыммен.
Сен сағынып келгенде алыс жолдан,
Айтайын дегенімді айта алмадым мен.

Бәрін жақын алмашы, жаным жүрегіңе,
От деміңнен кеудемде жалын жыр өріле.
Толқығаннан төгіліп жылағанымда
Жұбата алмай соншама әбіржігенің не?

Есіңе салсын... санаңды қозғасын да өлең.
Есіңе салса, осынау тозбасын да өлең.
Тұла бойы тұншыққан тұнық сырымды
Мен сонда айтқан шығармын көз жасымменен.

Самал сазың тербетіп жан-орманымды,
Сыйғыза алмай жүрек пен жанарға мұңды -
Көз жасыма қосып ем құштарлығым мен
Қанаттары қайырылған бар арманымды.

О, мен қалай сүйемін нұрлы, ізгі әніңді.
Мендей сенің сыздатпас бір қыз жаныңды —
Жинайсың сен ып-ыстық ерініңменен
Жанарымнан шашылған жұлдыздарымды.

Авторы: Күләш Ахметова
1.2K views18:05
Ашу / Түсініктеме
2021-04-15 04:00:03 Мендей кім бар ақ жаныңды ұға алған,
Сендік жүрек тәтті сырдан нәр алған.
Неге бізге арнамызды қоспасқа,
Екеумізде егіз мақсат, бір арман.

Пәк көңілмен жағып үміт алауын,
Келін болу - сенің асыл қалауың.
Бойдақтықтың бұзып тастап бөгетін,
Тіксем деймін мен де неке жалауын.

Оқу дейсің, басқа дейсің, қайтесің,
Құрғыр тірлік, күйсін, мейлі, өртесін.
Саф сезімді төсек қылып жастанып,
Жамылалық махаббаттың көрпесін.

Уайым құрсап, маза таппай тұрарсың,
Жалғыздықтың азабына шыдар кім.
Отау құрған ғашықтарды көргенде,
Мен сияқты қызығатын шығарсың.

Тәңір ешбір жанға қинау салмаған
Адам өзі тағдыр жолын таңдаған.
Шын бақытты жанұяны құрамыз,
Келші қалқам, сеніммен қол соз маған...

Авторы: Нұрсұлтан Нұртілеу
3.4K views01:00
Ашу / Түсініктеме
2021-04-14 10:18:52 Gamk, [08.04.21 21:22]
Өтiнiш

Мазаламайын,
Мазаламашы.
Тып-тыныш өмiр сүрейiк.
Сен менi мүлде жазаламашы,
Түк болмағандай жүрейiк.

Сағындырмайын,
Сағындырмашы.
Жаныма тыным бер менiң.
Ессiз сезiмге бағындырмашы,
Болмайын сенiң ермегiң.

Ғашық етпейiн,
Ғашық етпешi.
Жiгердi құмдай езбешi.
Жанымды менiң жасын етпешi,
Қайғы-мұңымды сезбешi.

Күттiрмейiншi,
Күттiрме менi.
Кездесуге де шақырма.
Бiр бақыт ұзақ күттiрген едi.
Сен олай етпе, мақұл ма.

Осының бәрiн терiс дейiкшi,
Бұл менiң қатал жарлығым.
Осы айтқандарға келiспейiкшi,
Керi iстейiкшi барлығын.

Авторы: Бейбіт Сарыбай
3.2K views07:18
Ашу / Түсініктеме
2021-04-11 13:59:31 Көздерің-ай, көздерің мөлдіреген -
Ешкім жаза алмаған ол бір өлең.
О, кездейсоқ мен оны көрмегенде
Соғып тұрған жүректі өлді дер ем.

О, мен бірақ ол көздей мөлдір емен.
Мен жоғалтқан сонда жүр сол бір әлем.
Сенi қайта көрмеуге көндірер ем,
Сезім қайдан лап етті өлді деген?

Көздерің-ай, көздерің - мөлдір әлем.
Мен де кеше дәл сендей мөлдірегем.
Көзімдегі от жарқ етті сөндi деген
Тосыламын, тосырқап енді неден?

...Көздерің-ай, көздерің мөлдіреген.

Авторы: Танакөз Толқынқызы
3.1K views10:59
Ашу / Түсініктеме